Биохимия. бх. Жалпы медицина мамандыы бойынша 2 курс студенттері шін Медициналы биохимия пнінен
Скачать 18.59 Kb.
|
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 курс студенттері үшін «Медициналық биохимия» пәнінен № 3 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ Липидтердің алмасуы мен қызметі. Амин қышқылдар мен ақуыздардың алмасуы. Нуклеопротеидтердің алмасуы. Көмірсутектер және майлар, ақуыздар алмасуының өзара байланысы. 1.Майлардың құрылысы және биологиялық қызметі. Қорлық және құрылымдық майлар. Майлардың қорытылуы, гидролиздену өнімдерінің сіңірілуі, өт қышқылдарының ролі. 2.Қанның тасымалдаушы липопротеидтерінің физиологиялық ролі, құрылысы, құрамы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы. Ішек қабырғасында триаглицериндердің ресинтезі. 3. Май қышқылдарының алмасуы. Β-тотығу – май қышқылдарының арнайы ыдырау жолы, физиологиялық ролі. Май қышқылдарын митохондрияға тасымалдайтын карнитинді ілмектік механизмі. 4. Май қышқылдарының биосинтезі. Май ұлпасында және бауырдағы майлар биосинтезінің ерекшеліктері. Майлардың қорға жиналуы мен жұмсалуы. Майлардың қорлануы мен жұмсалуын реттеу және олардың физиологиялық ролі. Бұл процестердің семіру кезінде бұзылуы. Кетонды денелердің биосинтезі және қолдануы. 5. Эйкозаноидтар және олардың метаболизмді реттеудегі ролі, физиологиялық қызметтері. Стероидтардың алмасуы. Холестерин биосинтезі туралы түсінік және олардың реттелуі. Холестериннің ТӨТЛП – құрамына енуі. 6. Өт қышқылдарының биосинтезі. Организмнен холестерин мен өт қышқылдарының бөлінуі. Гиперхолестеринемия, даму себептері. Тамыр ішілік липолиз. Атеросклероз биохимиясы. Өт тастарының пайда болу механизмдері. 7.Фосфолипидтер, гликолипидтер биосинтезі және катаболизмі туралы түсініктер. Сфинголипидоздар туралы түсінік. 8. Тіндегі амин қышқылдарының негізгі көздері және оларды пайдалану. Тағам ақуыздары- амин қышқылдарының негізгі көзі. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Азотты баланс туралы түсінік. Ересек кісілерде және жас балаларда ақуызды ашырқаудың себебі мен салдары. Квашиоркор. 9. Асқазан сөліне биохимиялық анализ жасаудың диагностикалық маңызы. Ақуыздардың (амин қышқылы) ішектегі шіруі. Амин қышқылдарының шіру өнімдерін залалсыздандыру. Амин қышқылдарының тін ішілік катаболизмі. 10. Трансаминделу, трансаминазалардың талғамдылығы. В6 витаминінің коферменттік ролі. Қан сарысуында трансаминазаны анықтаудың диагностикалық маңызы. 11. Амин қышқылдарының әртүрлі жолдармен дезаминденуі. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдер: гистамин, серотонин, γ-аминомай қышқылы, катехоламиндер түзілуі және биологиялық қызметтері. 12. Биогенді аминдердің тотығуы (моноаминоксидазалар), МАО-ның тежеушілері. Қабыну мен аллергиялық реакцияларда гистаминнің ролі. Аммиактың тағдыры. Организмдегі аммиактың негізгі көздері. Азот алмасуының соңғы өнімдері: аммоний тұздары және мочевина. Мочевина биосинтезі. Мочевинаның синтезі мен шығарылуының бұзылуы. 13. Ароматты және күкірт құрамды аминқышқылдарының алмасуының арнайы жолы. Креатин синтезі және оның биологиялық ролі. Бөлек аминқышқылдарының алмасуының бұзылуы. 14. Нуклепротеидтердің және нуклеинқышқылдарының биологиялық қызметі, құрамы, құрылысы. Нуклеин қышқылдарының биосинтезі. Тағам құрамындағы нуклепротедтердің қорытылуы және сіңірілуі. 15. Пуриндік нуклеотидтердің биосинтезі туралы түсінік, пуриндік ядро бөлігінің пайда болуы, биосинтездің алғашқы сатысы (5-фосфорибозиламинге дейінгі). Инозин қышқылы АМФ және ГМФ синтезінің бастапқы заты. Пуринді нуклеотидтердің ыдырауы. Зәр қышқылының түзілуі. 16. Пиримидинді нуклеотидтердің биосинтезі және ыдырауы туралы түсінік. Пуриндік және пириминдиндік нуклеотидтер биосинтезінің координациясы. Нуклеотидтер алмасуының бұзылуы. Подагра, оны емдеу үшін аллопуринолды қолдану. Ксантинурия. Оротацидурия. 17. Көмірсулар, липидтер және ақуыздар алмасуының жалпы жолдары. Ортақ энергетикалық көздері. Көмірсулар мен липидтерден амин қышқылдарының биосинтезі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының алмасуы. Гликогенді және кетогенді аминоқышқылдар. Көмірсулар және ақуыздардан майлардың биосинтезі. Амин қышқылдарынан көмірсулардың биосинтезі. Н Е БҚМУ 23-20-07-19. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бірінші басылым. Ф П ЗКМУ 23-20-07-19. Контрольно-измерительные средства (для текущего и рубежного контроля). Издание первое. |