Жалпы рецептура (копия). Жалпы рецептура Жалпы рецептура дегеніміз не
Скачать 12.64 Kb.
|
Жалпы рецептура 1.Жалпы рецептура дегеніміз не? Дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі. 2.Дәрілік заттар бұл… Организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар. 3.Дәрілік түр деген не? Қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілердің жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлерін айтамыз. 4.Дәрілердің түрлері Қатты,Жұмсақ,Сұйық. 5.Қатты дәрілік түрлерге жатады… Ұнтақ,таблетка,драже,капсула,гранула,карамель және т.б. 6.Жұмсақ дәрілік түрлер? Май(жағынды),паста,линимент,крем,суппозиторий 7.Рецепт дегеніміз не? Дәрігердің дәріханаға науқасқа дәріні дайындау және босату жөніндегі жазбаша нұсқауы. 8.Рецепт латынша қандай мағына береді? "Ал" деген мағына береді. 9.Рецепт неше бөліктен тұрады? Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады. 10.Сұйық заттар рецепте немен белгіленеді? Миллилитрде белгіленеді. |