Главная страница

«Жалпы с_ра_тар» та_ырыбы бойынша ба_ылау-тестілер с_ра_тары. Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары


Скачать 118.93 Kb.
НазваниеЖалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары
Дата07.12.2022
Размер118.93 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла«Жалпы с_ра_тар» та_ырыбы бойынша ба_ылау-тестілер с_ра_тары.doc
ТипДокументы
#832813
страница19 из 24
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


Қатерлі лимфомалар” тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


1. Лимфогранулематоз диагнозы микропрепаратта қандай жасушалар анықталған жағдайда дәлелденеді:

А. Пирогов-Лангханс жасушалары

Б. лимфобласттар

В. Березовский-Штернберг жасушалары

Г. ретикулогистиоциттер

Д. эпителий жасушалары

2. Лимфосаркома диагнозы микропрепаратта қандай жасушалар анықталған жағдайда дәлелденеді?

А. Березовский-Штернберг-Рид жасушалары

Б. Пирогов-Лангханс жасушалары

В. лимфобласттар

Г. эпителий жасушалары

Д. ретикулогистиоциттер

3. Лимфогранулематоздың шеткі түрлерінде байқалатын макроскопиялық өзгерістерге тән емес симптом:

А. бездің ауырмайтындығы

Б. айналасындағы тіндермен бітіспеуі


В. консистенциясының тығыздығы

Г. бірнеше бездің зақымдануы

Д. жыланкөз пайда болуына бейімділік

4. Лимфогранулематоздың шеткі түрі ең жиі орналасатын аймақ:

А. қолтық асты

Б. құлақ маңы

В. жақ асты

Г. мойын

Д. шап

5. Ішкі мүшелердегі лимфогранулематоздың әсіресе жиі орналасатын жеріне жатпайды:

А. бауыр

Б. талақ

В. бүйрек

Г. өкпе

Д. асқазан

6. Инфекциялық мононуклеозды шеткі лимфогранулематоздан ажырататын белгі:

А. жедел басталуы

Б. тамағының ауыруы

В. лимфа түйіндері ұлғаймай тұрып дене қызуының көтерілуі

Г. адам мүлдем сау бола тұрып, шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Д. шеткі қанда мононуклеарлардың (моноциттердің) болуы

7. Шеткі лимфогранулематозды туберкулезді лимфадениттен ажырататын белгі:

А. өкпеде біріншілік туберкулездік комплекстің болуы

Б. ұлғайған лимфа түйіндерінің ауыруы

В. ұлғайған түйін үстіндегі терінің қызаруы

Г. түйін пунктатынан Березовский-Штернберг жасушаларының табылуы

Д. түйін пунктатынан Пирогов-Лангханс жасушаларының табылуы

8. Шеткі лимфогранулематозды қарапайым лимфадениттен ажырататын белгі:

А. іріңді жараның болуы

Б. дене қызуының көтерілуі

В. ұлғайған лимфа түйіндерінің ауыруы

Г. қабынуға қарсы емге қарамастан қызбаның түспеуі

Д. ұлғайған түйін үстіндегі терінің қызаруы

9. Ходжкиндік емес лимфомаға жататындар:

1. лимфосаркома

2. эозинофильді гранулема

3. туберкулома

4. ретикулосаркома

5. гамартома

А. 2; 4; 5

Б. 1; 3


В. 2; 3; 4

Г. 3; 5

Д. 1; 4

10. Емхана жағдайында науқас мойын аймағындағы ұлғайған және ауырмайтын лимфа түйініне шағымданса, сіздің амалыңыз қандай болмақ?

А. қабынуға қарсы ем жүргізу

Б. ұлғайған түйін пункциясын жасап, пунктатты цитологиялық зерттеу

В. ЛОР дәрігеріне кеңеске жіберу

Г. физиотерапия жүргізу

Д. динамикалық бақылау жүргізу

11. Кеуде аралық лимфогранулематозы мен өкпенің қабыну ауруларының клиникасында ортақ симптомдар көп. Төмендегі белгілердің қайсысы кездескен жағдайда лимфогранулематозға күдік туады?

А. жөтел

Б. кеуденің ауыруы


В. жалпы әлсіздік, өзін жайсыз сезіну

Г. қабынуға қарсы емнің нәтижесіздігі

Д. зәр анализінің Бенс-Джонс ақуызына оң болуы

12. Лимфогранулематоздың организмде таралу деңгейін анықтау үшін келесі зерттеу әдістерінің қайсысы қолданылмайды?

А. кеуде қуысының екі проекциядағы рентгенографиясы

Б. құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі


В. екі жақты төменгі лимфография

Г. диагностикалық лапаротомия жасап, спленэктомия және бауыр биопсиясын өткізу

Д. спирография

13. Кеуде аралық лимфогрануломатозына күдік туғанда аталған зерттеу әдістерінің қайсысының көмегіне сүйенген ең тиімді?

А. фиброгастроскопия

Б. жалпы қан анализі

В. лимфография

Г. медианоскопия кезіндегі биопсия

Д. компьютерлі томография

14. Мезентериальды лимфа түйіндерінің лимфогранулематозына күдік туғанда аталған зерттеу әдістерінің қайсысының көмегіне сүйенген ең тиімді деп санайсыз?

А. фиброгастроскопия

Б. лапароскопия кезінде көздеп биопсия жасау


В. фиброколоноскопия

Г. асқазан рентгеноскопиясы

Д. ирригография

15. Амбулаторлық қабылдау кезінде шеткі лимфогрануломатозға күдіктенуді талап ететін «қауіп-қатер сигналдарына» төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А. бір немесе бірнеше ұлғайған лимфа түйіндерінің пайда болуы

Б. лимфа түйіндерінің біртіндеп ұлғаюы және жаңа түйін пайда болуы

В. түсініксіз қызба

Г.түнгі мезгілде ағыл-тегіл терлеу

Д. түйін аймағындағы терінің қызаруы және флюктуация

16. Лимфогранулематоздың гистологиялық варианттарының қатарына қайсысы жатпайды?

А. лимфоидты басымдылық

Б. нодулярлы склероз

В. лимфоидты сарқылу

Г. эозинофильді гранулема

Д. аралас-жасушалық

17. Науқаста интоксикация симптомдарынсыз көкеттен жоғары орналасқан лимфа түйіндері және көкбауыр зақымданған лимфогранулематоз болған жағдайда қандай даму сатысы қойылуы тиіс?

А. I «А» даму сатысы

Б. II «А» даму сатысы

В. IIІ «А»даму сатысы

Г. III «Б» даму сатысы

Д. IV «А» даму сатысы

18. ЛГМ-дың қай сатысына «интоксикация симптомдары жоқ жайылмалы» атауы сәйкес келетіндігін көрсетіңіз:

А. I даму сатысы

Б. II «А» даму сатысы

В. IIІ «А»даму сатысы

Г. III «Б» даму сатысы

Д. IV «А» даму сатысы

19. Ходжкиндік емес лимфомамен науқастарды емдеу тәсілін таңдау кезіндегі болжамы жағынан қолайсыз факторларға жатқызылады:

А. ЛГМ-дың І «Б» және ІІ «А» сатысындағы кеуде аралық түйіндері ауқымды түрде зақымдалған (МТИ +0,33) науқастар

Б. ІІ «Б» сатысындағы экстранодальды зақымдануы бар Е сатысы шеңберіндегі науқастар

В. ІІІ және ІV сатыдағы барлық науқастар

Г. ЭТЖ 50 мм/сағ төмен емес

Д. барлық аталған факторлар

20. Қатерлі лимфомаларға жатады:

1. лимфогрануломатоз
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


написать администратору сайта