«Жалпы с_ра_тар» та_ырыбы бойынша ба_ылау-тестілер с_ра_тары. Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары
Скачать 118.93 Kb.
|
Б. 2,3В. 3,4 Г. 2,5 Д. 2,4,5 17. Маден бойынша модификацияланған мастэктомия кезінде не алып тасталынады: 1. үлкен кеуде бұлшық етін 2. кіші кеуде бұлшық етін 3. сүт безі 4. қолтық асты, бұғана асты және жауырын асты аймақтарының лимфа түйіндері 5. стернальды лимфа түйіндері А. 1,2 Б. 3,4В. 3,5 Г. 1,2,3 Д. аталғанның барлығы 18. Сүт безінің T1N0M0 (сыртқы локализация) сатысындағы рагында қолданылады: 1. түбегейлі мастэктомия 2. кең секторальдық резекция мен қолтық асты және жауырын асты лимфаденэктомиясы+түбегейлі жоспар бойынша сәулелік ем 3. операция алдындағы сәулелік ем+Пейти бойынша радикалды мастэктомия 4. химия-сәулелік ем 5. химиогормонотерапия А. 1,2 Б. 3,5В. 4 Г. 5 Д. 2,5 19. Науқас әйел 32 жаста, ІІ сатыдағы сүт безі рагына байланысты түбегейлі операция жасағаннан соң 1 жылдан кейін V кеуде омыртқасының денесіндегі метастаз анықталған. Эстрогенді гормондардың рецепторлары теріс. Ең оңтайлы емдеу жоспары: 1. екі жақты овариэктомия 2. V кеуде омыртқасын сәулемен емдеу 3. гипофиздің сыртқы сәулелік емі 4. антиэстрогендермен (тамоксифен) өткізілетін гормонотерапия 5. полихимиотерапия курстары А. 1,2 Б. 2,3,5В. 2,4 Г. 4,5 Д. 1,4 20. Аналық без қызметін өшіру үшін қолданылады: 1. екі жақты овариэктомия 2. сәулелік кастрация 3. антиэстрогендер ( тамоксифен) 4. гипофиздің гонадотропин-рилизинг гормонының баламалары (золодекс) 5. барлық жауап дұрыс А. 1,2 Б. 1,2,3 В. 2,4 Г. 3,4 Д. 5 21. Науқас әйел 40 жаста, сүт безінің сыртқы квадрантындағы түйінді рагына байланысты Пейти бойынша мастэктомия жасалған. Операцияға дейінгі клиникалық сатысы ІІа. Эстрогенді гормондардың рецепторлары оң. Гистологиялық зерттеуде төмен пісіп-жетілу деңгейіндегі аденокарцинома және қолтық асты аймағының 2 лимфа түйініндегі метастаздар табылған. Әрі қарай оған не істеу қажет: 1. кеуде қуысын сәулелендіру (операциядан кейінгі тыртықты) 2. операциядан кейінгі тыртық аймағына, бұғана асты және үсті, қолтық асты, парастернальды аймақтарды сәулелендіру3. полихимиотерапия (кемінде 5 цикл) 4. антиэстрогендермен және LH-RH баламаларымен ( тамоксифен) өткізілетін гормонотерапия 5. динамикалық диспансерлік бақылау А. 1,3 Б. 2,3,4 В. 2,3 Г. 2,4 Д. 5 22. Науқас әйелде ІІ «б» сатысындағы сүт безі рагы, эстрогенді және прогестерондық гормондардың рецепторлары теріс. Ең тиімді емдеу тәсілі: 1. Холстед бойынша түбегейлі мастэктомия 2. Пейти бойынша түбегейлі мастэктомия 3. интенсивті-концентрацияланған әдіспен операция алды сәулелік ем+ Пейти бойынша түбегейлі мастэктомия 4. операциядан кейінгі эстрогенді гормондармен өткізілетін гормонотерапия 5. операциядан кейінгі химиотерапия А. 1,4 Б. 2,4 В. 3,5 Г. 1,4,5 Д. барлық әдісті де қолдануға болады 23. Сүт безі рагымен науқастарға кешенді ем жоспарында гормонотерапия тағайындағанда міндетті түрде мынаны ескеру қажет: 1. ісік үрдісінің таралу сатысын 2. ісіктің морфологиялық құрылымын 3. ісікте гормон рецепторларының болуын 4. ісіктің морфологиялық пісіп жетілу деңгейін 5. жеңіл дәрежелі қант диабетінің болуын А. 1,2 Б. 1,4 В. 1,3 Г. 2,3,5 Д. 1,5 24. Сүт безі рагының жаппай диагностикасы үшін қолданылады: 1. термография 2. флюромаммография 3. дуктография 4. қарап тексеру, пальпация 5. радиоизотопты зерттеу А. 1,2 Б. 2,4 В. 3,5 Г. 4,5 Д. 1,4,5 25. Сүт безінің рагы үшін аймақтық лимфа түйіндері болып табылады: 1. қолтық асты 2. жақ асты 3. бұғана асты 4. парастернальды 5. шап А. 1,2,4 Б. 1,3,4 В. 1,4,5 Г. 1,3,5 Д. 1,2 26. Сүт безінің рагы кезіндегі паллиативті мастэктомияның көрсетілімдері: 1. сүт безінің ойылған жаралы, ыдырап жатқан рагы 2. ауыр қосалқы сырқаттың болуы 3. егде жас 4. сүт безінің ІІІ «А» сатысындағы ісінулік-инфильтративті рагы 5. сүт безінің ІІІ «Б» сатысындағы түйінді рагы А. 1,4 Б. 2,5 В. 1,2,3 Г. 3,4 Д. 2,3,5 27. Холстед-Майер бойынша түбегейлі мастэктомия қай сатыдағы сүт безі рагымен науқастанғандар үшін ойластырылған: 1. І «Б» 2. ІІ «А» 3. ІІІ «А» 4. ІІІ «Б» 5. ІV «Б» А. 1,2 Б. 2,3 В. 3,4 Г. 5 Д. барлық кезең үшін 28. Урбан-Холдин операциясы қай сатыдағы сүт безі рагымен науқастанғандар үшін ойластырылған: 1. І «А» сатысы (ішкі орналасу) 2. ІІ «Б» сатысы (ішкі орналасу) 3. ІІІ «А» сатысы (сыртқы орналасу) 4. ІІІ «Б» сатысы (ішкі орналасу) 5. ІV «Б» сатысы (ішкі орналасу) 29. Кең секторальдық резекция мен аймақтық лимфаденэктомияны науқас әйелде сүт безі рагының қандай түрі анықталған жағдайда жасауға болады: 1. интраэпителиальды рак (carcinoma in Situ) 2. І сатысы 3. ІІ «А» сатысы 4. ІІ «Б» сатысы 5. ІІІ «А» сатысы А. 1,2 Б. 2,3 В. 3,4 Г. 5 Д. 3,5 30. Сүт безі рагының қай түрі кезінде клиникалық ағымының болжамы ең нашар болады: 1. ісінулік-инфильтративті түрінде 2. мастит тәрізді түрінде 3. ІІ «А» сатысындағы түйінді түрінде 4. І «А», «Б» сатысындағы түйінді түрінде 5. тілме тәрізді түрінде А. 1,2 Б. 2,3 В. 2,3,5 Г. 1,2,5 Д. 3,4 31. Қандай әйелдер сүт безінің онкологиялық аурулары бойынша «қауіп-қатер» тобына жатады: 1. онкологиялық тұқым қуалаушылық ауыртпашылығы бар 2. гиперэстрогенемиядан зардап шегетін 3. лактация қызметінің бұзылысы бар (алактазия) 4. салауатты өмір салтын ұстанатын 5. барлығы бірге А. 1,4 Б. 2,4 В. 3,4 Г. 5 Д. 1,2,3 32. Стероидты гормондар рецептрларын анықтау нені өткізу үшін қажет: 1. хирургиялық ем 2. сәулелік ем 3. химиотерапия 4. гормонотерапия 5. химия-сәулелік ем А. 1,2 Б. 5 В. 4 Г. 3 Д. барлық аталған емдеу әдістерін «Сүт безі» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны
«Қалқанша без рагы» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары 1. Қалқанша без рагының дамуына септігін тигізетін факторларға жатады: А. безде тиреоидты гормондар түзілуінің жеткіліксіздігі Б. гипофиздің алдыңғы бөлігінің тиреотропты гормонды көп шығаруы В. топырақта, ауыз суында және тағамдық өнімдерде йодтың жетіспеушілігі Г. иондаушы радиация Д. барлығы да 2. Қалқанша без рагының ең нашар болжамы қай түрінде болады: А. папиллярлы аденокарцинома Б. фолликулярлы аденокарцинома В. пісіп жетілмеген жас рак Г. медуллярлы рак Д. ешқайсысы емес 3. Қалқанша без рагының ерте симптомдарына жатпайды: А. соңғы 6 айда қалқанша без көлемінің жылдам өсуі Б. без консистенциясының тығыздалуы В. дауыстың қырылдауы Г. без тінінде бұдырлықтың пайда болуы Д. ешқайсысы емес 4. Қалқанша безінің ісік алды ауруларына жатпайды: А. түйінді зоб Б. Хашимото зобы В. Риддель зобы Г. спецификалық тиреоидит Д. барлығы да 5. Қалқанша без рагында қай операция қолданылмайды: А. ісік түйінінің энуклеациясы (сылып алу) Б. гемитиреоидэктомия мен дәнекердің резекциясы В. субтотальды тиреоидэктомия Г. тиреоидэктомия Д. кеңейтілген тиреоидэктомия 6. Қалқанша без рагының мойын аймағындағы бірнеше қозғалмалы метастазы болғанда қандай операция жасалады: А. Крайл операциясы Б. мойын шел қабатының фасциальды-футлярлы резекциясы В. Дюкен операциясы Г. Микулич операциясы Д. Уиппл операциясы 7. Қалқанша без рагының ІІ «А» сатылы пісіп жетілген түрлеріндегі ең тиімді емдеу әдісі: А. экстрафасциолярлы субтотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия Б. операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия В. операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+ екі жақты мойын шел қабатының фасциальды-футлярлы резекциясы+орын басушы гормонотерапия Г. кеңейтілген тиреоидэктомия+Крайл операциясы+орын басушы гормонотерапия Д. химия- сәулелік терапия 8. Қалқанша без рагының диагностикасының шешуші әдісі: А. физикальды зерттеу Б. радионуклидті зерттеу В. УДЗ Г. рентгенологиялық зерттеу (пневмотиреоидография) Д. жіңішкеинелі пункциялық аспирациялық биопсия 9. «Жасырын рак» терминімен қалқанша бездің өлшемі ... ісікті түйінін айтады: А. 0,5 см дейін Б. 1,0 см дейін В. 1,5 см дейін Г. 2 см дейін Д. 2 см артық 10. Скриниг әдіспен тексеру кезінде қай зерттеу тәсілі ең тиімді: А. физикальды зерттеу Б. радионуклидті зерттеу В. УДЗ Г. компьютерлі томография Д. пункциялық аспирациялық биопсия 11. Кальцитонин деңгейінің жоғарылауы қалқанша без рагының қандай гистологиялық түрінің диагностикасында маңызды спецификалық тест болып табылады: А. папиллярлы Б. фолликулярлы В. медуллярлы Г. жалпақ жасушалы Д. барлық түрінде 12. Таңдамалы түрде, әдетте, қалқанша без рагында жинақталатын радиофармпрепарат: А. технеций-99т Б. селенметионин-75 В. радиоактивті фосфор-32 Г. радиоактивті йод-131 Д. Б,В жауаптары дұрыс 13. Қалқанша без рагының метастазының ең жиі орналасуы: А. өкпе Б. бауыр В. сүйек Г. ми Д. аймақтық лимфа түйіндері 14. Қалқанша без рагының қай түрінде әртүрлі модификациядағы, соның ішінде радиоактивті йодпен, сәулелік ем көрсетілген: А. І-ІІ сатысы Б. ІІІ сатысы В. ІV сатысы Г. Б,В дұрыс Д. барлығы дұрыс 15. Аталған микроэлементтердің қайсысынң тапшылығы қалқанша без рагының дамуына септеседі: А. мыс Б. кобальт В. йод Г. селен Д. аталғанның бәрі 16. Қалқанша бездің фолликулярлы рагының пісіп жетілген гистологиялық түрін емдеудің басты тәсілі болып табылады: А. хирургиялық Б. сәулелік В. дәрілік Г. біріккен Д. симптоматикалық 17. Қалқанша бездің І сатылы жоғары пісіп жетілген рагында жасалатын операцияның минимальды көлемі: А. ісік түйінін сылып алу (энуклеация) Б. гемиструмэктомия және дәнекердің резекциясы В. дәнекердің резекциясынсыз гемиструмэктомия Г. субтотальды тиреоидэктомия Д. тиреоидэктомия 18. Субтотальды тиреоидэктомия дегеніміз: А. қалқанша безінің дәнекерсіз бір бөлігін толық алып тастау Б. қалқанша безінің бір бөлігін дәнекермен қоса толық алып тастау В. қалқанша безінің бір бөлігін дәнекермен қоса толық алып тастау және басқа бөлігінің патологиялық аймақтарының резекциясы Г. қалқанша безінің бір бөлігін дәнекермен қоса толық алып тастап, басқа бөлігінің артқы-сыртқы аймағында бездің 2-3 грамын ғана қалдыру Д. барлық жауап дұрыс 19. Қалқанша бездің А және В жасушаларынан дамиды: А. папиллярлы карцинома Б. фолликулярлы карцинома В. пісіп жетілмеген рак Г. медуллярлы рак Д. А,Б,В дұрыс 20. Қалқанша бездің А және В жасушаларынан дамуы мүмкін: А. пісіп жетілмеген рак Б. жалпақ жасушалы рак В. фолликулярлы рак Г. папиллярлы рак Д. медуллярлы рак 21. Пептидті табиғатты кальцитонинді қалқанша безінде... өндіреді: А. А-жасушалар Б. В-жасушалар В. С-жасушалар Г. А мен Б дұрыс Д. А,Б,В дұрыс 22. Қалқанша без рагының басты сүйенетін симптомы: А. мойын аймағының ауыруы Б. қалқанша без аймағында өспенің болуы, бездің деформациясы немесе лимфа түйіндерінің ұлғаюы В. дауыстың өзгеруі Г. дисгармональдық бұзылыстар Д. көрші мүшелер қызметінің бұзылуы 23. Қалқанша безінің тығыз түйіндері мен кистозды түзілімдерінің ажырату диагностикасы үшін ең тиімді тәсіл: А. пальпация Б. І131-мен ультрасонография В. І131 -мен сканерлеу Г. рентгенография Д. В,Г дұрыс 24. Қалқанша безіндегі нодулярлы түзілістердің және мойынның ұлғайған лимфа түйіндерінің табиғатын операцияға дейінгі кезеңде дәлелді түрде мына жолмен анықтауға болады: А. І131-мен сканерлеу және Р32-мен радиоиндикация Б. пункциялық биопсия В. лимфа түйіндерінің эксцизиялық биопсиясы Г. кальцитонин деңгейін анықтау Д. Б,В,Г дұрыс 25. Қалқанша безінің қантамырмен қамтамасыз етілуін ескере отырып цитологиялық зерттеу үшін материалды қалай алады: А. жіңішке инемен Б. Кассирский инесімен В. пунктатқа көп қан араласып кетпеуі үшін қатты аспирацияламайды Г. А мен В дұрыс Д. Б мен В дұрыс 26. Қалқанша без рагының даму қаупі мына жағдайда ең жоғары болады: А. І131-ты сіңірмейтін, бір ғана «суық» түйін Б. фолликулярлы аденома В. Хашимото тироидиті Г. де Кервен тироидиті Д. Ридель зобы 27. Науқаста қалқанша безінің медуллярлы рагы мен феохромоцитома анықталған кезде ... жасайды: А. феохромоцитомаға байланысты операция Б. қалқанша без операциясы В. Крайль операциясы Г. қалқанша бездің субтотальды резекциясы+лимфа түйіндерінің мойын-футлярлы резекциясы Д. сәулелік ем 28. Түбегейлі операциядан кейін дауыстың күші мен тембрының өзгеруі, әдетте, ... зақымдануына байланысты болады: А. жоғарғы көмекей жүйкесінің сыртқы бұтағының Б. жоғарғы көмекей жүйкесінің ішкі бұтағының В. қайтушы көмекей жүйкесінің Г. тіласты жүйкесінің Д. В мен Г дұрыс 29. Субтотальды тиреоидэктомиядан кейін ұзақ ... қажет: А. полихимиотерапия Б. сәулелік ем В. радиойодтерапия (І131) Г. полихимиотерапия+сәулелік ем Д. тироксинмен немесе оның баламаларымен емдеу 30. Қалқанша без рагының дамуы бойынша қауіп-қатер тобына жатқызылады: А. түйінді зобы бар еркектерді Б. балалық шағында иондаушы әсерге душар болған адамдар В. қалқанша безі ұлғайған және эндемиялық аймақта тұратын адамдарды Г. А мен Б дұрыс Д. А,Б,В дұрыс «Қалқанша без рагы» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны
|