Главная страница

ЖАНА ЖЫЛ музыка. Жана жыл кк шыршамыз ыралып, Жатыр дала ыр наып Жылым келді аппа жзі нрланып! Жарасатын еліме


Скачать 15.48 Kb.
НазваниеЖана жыл кк шыршамыз ыралып, Жатыр дала ыр наып Жылым келді аппа жзі нрланып! Жарасатын еліме
Дата26.07.2022
Размер15.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖАНА ЖЫЛ музыка.docx
ТипДокументы
#636496

ЖАНА ЖЫЛ

Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала- қыр нағып

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып!

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріме!

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қайырмасы:

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр. 

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік, ал кәнекей ән салып!

Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз!

Қайырмасы:

Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз!

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн..!


Біздін ностальгия

Ая, сырларыңнан кел тағы жыя
Сүйгендер дей беретін иә
Қайда сол тәтті кездер-ай
Ая, қаламнан таусылмайтын сия
Тамаша біздің ностальгия
Қайда сол тәтті кездер-ай

Тоқсан үш пен тоқсан төрт
Тоқсан бесте өскендер
Тоқсан алты, жетіні
Бастарынан кешкендер
Тоқсан сегіз, тоғызда
Тұсауларын кескендер
Сол бір шақтар қайда
Күндіз-түні асықпен
Фишка, сега ойнайтын
Фея, фея перизат
Витаминге тоймайтын
Сөйтіп тұра арманға
Жетуді көп ойлайтын
Сол бір шақтар қайда

Ая, қаламнан таусылмайтын сия
Тамаша біздің ностальгия
Қайда сол тәтті кездер-ай
Ая, сырларыңнан кел тағы жыя
Сүйгендер дей беретін иә
Қайда сол тәтті кездер-ай

30 асып барамын

Сұқтанып тұрып жанарың,

Сұрыма неге қарадың?

Солай да, солай, қарағым,

Отыздан асып барамын.

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,

Бетіме неге қарадың?

Бақытым тілеп баланың,

Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,

Қуарып кейде қаламын.

Аттанған ата-ананың

Артынан қуып барамын.

Әзілің қайда, қарағым,

Әжімге несін қарадың?

Артымда қалып аларым,

Отыздан асып барамын.

Солай да, солай, қарағым,

Көңілдің таппай қалауын.

Жастықтың жықпай жалауын,

Отыздан асып барамын.

Жана жыл МС
Ақ сезімдей ақ ұлпа жалында
Ақ шағала қонады қолыма
Көптен күткен мереке сағынып
Келді міне жаңа жыл тағы да, тағы да
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары
Жаңа өмірдің жадырасын жандары
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде
Орындалсын әрбір жанның бар арманы
 
Аралайды даланы, қаланы
Әппақ қырау өрнегін салады
Қоңыраудың сыңғырлы үнімен
Тереземді жаңа жыл қағады қағады
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары
Жаңа өмірдің жадырасын жандары
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде
Орындалсын әрбір жанның бар арманы


написать администратору сайта