лекция. Документ Microsoft Office Word. Жана заман философиясы Жаа заман философиясы
Скачать 32.35 Kb.
|
Жана заман философиясы Жаңа заман философиясы (ағылш. modern philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағыфранцуз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты түрде "жаңа заман" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа заман философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады. Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Ф.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Ф.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «әртүрлі металл түрлері балқитын болса, онда бұл барлық металдардың балқу касиетіне ие екенінкөрсетеді.") деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Негізгі еңбектеры: «Ғылымдар табысы» «Жаңа Органон» «Жаңа Атлантида» Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философияда дуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты. Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды: Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы. Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады. Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек. Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз. Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады. Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды: Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі; Субстанция, оның атрибутары мен модустары; Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ; Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы. Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясың эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе». Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары: 1.дүние материалды; 2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»); 3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады; 4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa); 5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние; 6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу; 7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен; 8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет. Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды. 2.Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі — «Этика». Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай — табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Ең бастысы — Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты — адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. 1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы; 2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория; 3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы. Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер». Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері: 1.Субстанция; 2.Таным. Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді: Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады: 1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға; 2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі. Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі. Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды. Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары: 1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес; 2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»); 3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес; 4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс; әуестену; қабылдау; елестету. 5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет. 6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді; 7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ). Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді: 1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар); 2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие; 3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие; 4.Жоғарғы монада – Құдай. Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. 3. Томас Гоббс(1588—1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік». Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды. Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.). Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқай- сысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік. Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды 4. Джордж Беркли (1684—1753 жж.) — ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат». Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің», идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы. Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен. Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711 — 1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б. Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, т.б. қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі Юмның; түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады |