Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұлпан: Жүректі шырақ етіп жандырған кім Жангир: Жырымен жан сусынын қандырған кім

  • Ұстаздар күні. Жангир Ассалаумаалейкум, уа, халайы ! лпан айырлы кн, аяулы стаздар!


    Скачать 17.79 Kb.
    НазваниеЖангир Ассалаумаалейкум, уа, халайы ! лпан айырлы кн, аяулы стаздар!
    Дата31.10.2022
    Размер17.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҰстаздар күні.docx
    ТипДокументы
    #763189

    Ашылу: Би

     Жангир: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

     Ұлпан: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар!

     Жангир: Армысыздар, қазанында қазы-қарта қайнаған ел!

     Ұлпан: Бармысыздар, бақшасында гүлдей болып жайнаған ел!

     Жангир: Бүгінгі  ұстаздар  қауымының  төл  мерекесіне  арналған  «Ұстаздарым, думан болсын әр күнің!» атты мерекелік кешке

     Бірге:  Қош келдіңіздер!

     Ж: Шәкірт жанын ұғатын да-ұстаз!

     Ұ: Өмір жолын табатын да –ұстаз!

     Ж: Жамандықты жоятын да-ұстаз!

     Ұ: Білім нәрін құятын да –ұстаз!

     Ж: Түпсіз терең тұңғиықтың түбегінен шығарып алып, ақ жолды үстейтін де-ұстаз!

     Ұ: Ақ жүрегіңнің түбегінен орын алып түспейтін де-ұстаз!

     Ж: Ендеше, осы қадірлі де қымбатты Ұстаздар үшін…

     Бірге: Ду қол шапалақ!

     Музыкалық номер: ән ( хабарлаусыз кетеді) 

    Жангир: Алтын  күздің  алғашқы  мерекелерінің  бірі  ұстаздар  күні!  Бұл  күнді  жыл  сайын  мейірімді  әз  бейнелер  одан  әрі  құлпыртып, қоңыр  күзді  жадыраған  күлкісімен, мейірімді  жүзімен  шуақтандырып  келеді.

     Эльзат : Иә ,  мұғалімдер  күні  әлемдегі  ең  көрікті  мерекелердің  бірі. Бәріміздің  жадымызда  мәңгі  сақталып,  саналы  ғұмырымыздың  бір  бөлігінде  жол нұсқаушы  болған, жақсылыққа  жетелеп, лебізімен  ұйытқан , жүрегімен  сүйіп, жанарымен  жылытқан  бірден – бір  жан,  ол – Ұстаз.

    Би: «Қызыл раушан»

    Жангир: Тыңдайықшы асылдардың ақылын,

    Көрейік тек жанарлардың жарқылын.

    Айтылатын ақ тілек бар қауымға

    Жақсы лебіз-жарым ырыс жарқыным-дегендей, құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Чапагат Сабетовнаға беріледі.

    Ұлпан: Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

    Жангир:  « Адам бойындағы ең асыл қасиеттер – ізгілік пен білімділік дейтін терең мәнді сөз бар. Ал адам жанына осы асылды дарытушы – Мұғалім. Еңдеше Мұғалім күні – өмірдегі орны бөлек, ең ұлық мереке».

    Ұлпан:«Өнер- таусылмас азық, жұталмас байлық» дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол, халықпен жасап келеді.

    Жангир Соның бірі – күй. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс –тіршілігі, әдет – ғұрып, салт – санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман – тілегі тағы басқа толғанады. Ортаға ___________________________________________________.

    Ұлпан: Сен  қалай  ойлайсың Жангир, менің  ойымша  кез  келген  адам  мұғалім  бола  алмайды.  Себебі , ұстаздық  өнер- тағылымы  терең  өнер. Ал  өнер  кез-келген  адамға  қона  бермейді.  Олай  болса  шын  ұстаз  болу  үшін  табиғи  дарын  ізгілікті  ізденіс  пен  ерен  еңбек  қажет.

    Жангир: Иә,Ұлпан  мен  осы  сөзің  дәлелді  бола  түсу  үшін  мына  жыр  шумақтарын  қосайын:

    Ұстаз  болу  сезімнің  ақындығы,

    Ұстаз болу жүректің батылдығы.

    Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы

    Азбайтұғын  адамның  алтындығы – деп  Ғафу  Қайырбеков  ағамыз  жырлағандай  , біздің  мектебітімізде осындай ұстаздар  болғанын  мақтан  етеміз .

    Ұлпан: Әрине  ұстаз  жүгі-  ауыр  жүк. Адамның  жан дүниесін  түсініп  ренжітпей  қателігін  сездіре  білу  – бұл  нағыз  шеберлік  емес  пе?! Дей келе, 11-сынып оқушыларының «..............» тақырыбында көрінісін қабыл алыңыздар.

    Жангир:

    Ұстаз жұрты бақыты ғой әлемнің,

    Ұстаздықтан бақыт отын көремін.

    Мектептердің ұстаздары ғажайып,

    Тамсанады сізге қарап өз елің.

    Ұлпан:

    Ардагер ұстаз, қабыл ал жастар үнін,

    Алдыңыздан алғыр шәкірт аттанды мың.

    Ақ шаштар кәріліктің белгісі емес,

    Ол менің тентектігім, аңқаулығым.

    – Ардагер ұстаздар үшін…

    Бірге: Ду қол шапалақ!

    Жангир: Құрметті осында отырған ұстаз-аналар, сіздердің құрметтеріңізге орындауындағы «Ана туралы жырын» қабыл алыңыздыр


    Ұлпан: Жүректі шырақ етіп жандырған кім?


     Жангир: Жырымен жан сусынын қандырған кім?

     Ұлпан: Қастерлеп сөз асылын өнерімен


    Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

     Бірге: Әрине Ұстаз!


    Жангир: Ерте оянып, ойланып шерлеткен кім?


    Ұлпан: Талабын тас қияға өрлеткен кім?

    Бірге: Әрине Ұстаз! Ұстаздар үшін тағы да ду қол шапалақ!

    Жангир: Жаңарған еліміздің кешегісі мен бүгінгісі, ертеңі мен болашағын жарастырып отырған ұстаздық еңбектеріңіз шексіз. Білім негізін қалауда жақсылықтың бастаушысы бола білетіндіктеріңізді мақтан тұтамыз.

    Ұлпан: Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып, «Ұстаздарым ,думан болсын әр күнің!»атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

    Бірге: Келесі кездескенше күн жақсы болсын, ұстаздар мерекесі құтты болсын!


    написать администратору сайта