Главная страница
Навигация по странице:

  • 10 жыл өткен соң Магазин ішіндеЖания (айналып, киім қарап жүріп): мыналардың бағасы қанша

  • Дана(таң қалып, күлімсіреп): Жания, қалайсың жаным

  • Жания: Бір жерге отырып әңгімелесейік Дана: Әрине! Кеттік!КафедеЖания: Әлі алдыңғы іш пыстыратын жұмыста жүрсің бе

  • Дана: Өзіңде жұмыс жағы қалай

  • сценарий. Жания Данажан, алайсы Крінбейсі ой!


    Скачать 32.6 Kb.
    НазваниеЖания Данажан, алайсы Крінбейсі ой!
    Дата17.06.2019
    Размер32.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласценарий.docx
    ТипДокументы
    #81995

    1-жыл

    Сахнада 2 құрбы:

    Жания: Данажан, қалайсың? Көрінбейсің ғой!

    Дана: Жүрмін ғой, жұмыстан қолым тимей.


    Жания: Өз мамандығың бойынша істеп жүрсің бе?


    Дана: Әрине. Сен ше?

    Жания: Жоға, құрбым. Оның айлығы, тіпті, аз ғой. Қазір ақша мықты төлейтін жұмысқа кіріп алғанмын. Шүкір, жегенім – алдымда, жемегенім – артымда. Ең сәнді киімдерден де қалыс емеспін. Қысқасы, керемет!

    Дана: О-о, сен үшін өте қуаныштымын.

    Жания: Мен сені түсінбеймін. Осы универде ең жақсы оқитын сен едің ғой. Мынадай айлығы аз жұмысқа қалай шыдап жүрсің?!

    Дана (жымиып): Маған өз жұмысым ұнайды. Балаларды жақсы көретінімді білесің ғой. Олар...

    Жания: Ай, қойшы! Миді жегеннен басқа ештеңе білмейді олар. Міне, менің жұмысым офисте. Шындығында, таңнан қара кешке дейін істейміз. Алайда ақшасы жұмысын ақтайды... Қарашы! (қолымен көрсетіп) Менің жаным да келіп қалды. Ол ұзақ күткенді ұнатпайды. Жарайды, құрбым, кездесерміз әлі. Сау бол!(жүгіріп кетеді)

    Дана: Иә, әрине! Кездескенше!

    10 жыл өткен соң

    Магазин ішінде


    Жания (айналып, киім қарап жүріп): мыналардың бағасы қанша?

    Сатушы: Олар 35 мыңнан.

    Жания(қолына ұстап тұрып): Әдемі екен.

    Сатушы: Әрине! Бізде тек таңдаулы, сапалы тауарлар.

    Есіктен Дана кіріп келеді.


    Дана(таң қалып, күлімсіреп): Жания, қалайсың жаным?

    Жания(құшағын ашып): О-о, кімді көріп тұрмын! Данажан, құлпырып кетіпсің!

    Дана: Рахмет! Сен де қалыс емессің.


    Жания: Бір жерге отырып әңгімелесейік?

    Дана: Әрине! Кеттік!

    Кафеде


    Жания: Әлі алдыңғы іш пыстыратын жұмыста жүрсің бе?

    Дана: Менің іш пыстыратын жұмысым маған қызықты деп айтудан шаршамаймын (жымиып).

    Жания: Не деген патриотсың осы сен?! Айлығына қарамадың ғой, тіпті!

    Дана: Айлық демекші, қазір көтеріліп, тәжірибем артқан сайын айлық та артып келеді.

    Жания: Ай, жарайсың! Соның барлығы берілмегеннің арқасы.


    Дана: Өзіңде жұмыс жағы қалай?

    Жания: Баяғыдай. Осы мамандық бойынша диплом болмағасын айлықты көтере алмаймыз дейді. Қазір оқуға түсіп алайын десем, жастармен жарысып жүргім келмейді.

    Дана: Оқуға ешқашан да кеш емес!

    Жания(күрсініп): Ол тек сенің ойың. Айтуға , әрине, оңай.

    Олар әрі қарай сөйлесіп отырғандай болады. Автор білім сапасы туралы айтып кетеді.


    написать администратору сайта