мақал айтыс. Жанкелді1 Ассалаумаалейкум Крген жерде ауыл бар, дегендей крші ауылда наурыз мерекесі болып жатыр деген со келіп алан жайымыз бар Алпамыс
Скачать 13.88 Kb.
|
Жанкелді1) Ассалаумағалейкум «Көрген жерде ауыл бар»,- дегендей көрші ауылда наурыз мерекесі болып жатыр деген соң келіп қалған жайымыз бар Алпамыс 2) «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді»,-демекші, қалдарыңыз қалай, есен- амансыңдар ма? Айбота 3) «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады»,-деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар Жанкелді 4) «Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей, төрге шықсақ шығайық Мейір 5) «Жат асына қарайды, дос басына қарайды»,-деуші еді аталарымыз, қысылмаңыздар, дәмнен алып отырыңыздар Мұхаммед-Али 6) «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - демекші, таныса отырайық. Жанкелді7) «Мыңнан түсін танығанша, бірдің атын біл»,-дегендей Менің есімім – Жанкелді Менің есімім - Мұхаммед-Али Ибрагим Айбота 8). «Ас-адамның арқауы» - деген, ас алып отырайық Алпамыс 9) «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегендей, аулымыздың наурыз тойына келгендерің қандай жақсы болды Ибрагим10)Ия,ия «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын»,-деген сөз бар ғой Жанкелді 11) Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ»-дегендей, жақсы отырдық, қайтайық! Ханкелді 12) «Қырықтың бірі - Қыдыр» -деген келіп тұрыңыздар!. Ибрагим 3) «Тойған жерге тоғыз кел» - демекші, тағы келіп қалармыз. Ханкелді 14) «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» деген, кәне бір бата беріп жібер. Алихан Ж15) Бата: «Жүйрік тілді ақын бол! Жақсыларға жақын бол! Достарыңмен тату бол, Дұшпаныңа қату бол! Ұсақ болма, ірі бол! Өз ортаңның гүлі бол! Ата-анаңның көзінің Сөнбейтұғын нұры бол! Кім болсаң да, әйтеуір, Азаматтың бірі бол, Туған елдің ұлы бол!» Аумин |