Химия_10-кл_10.2A Органикалық химияға кіріспе_Жану реакциясы бой. Жану реакциясы бойынша кмірсутекті формуласын анытауа есептеулер
Скачать 25.52 Kb.
|
Жану реакциясы бойынша көмірсутектің формуласын анықтауға есептеулер 40 cм 3 газтәрізді көмірсутек 400 cм 3оттектің артық мөлшерімен қоспасы қопарылды. Суығаннан кейін 80 cм 3 оттек пен 200 cм 3 көміртек диоксиді қалды. Белгісіз көмірсутектің формуласын анықтап, жану реакциясы теңдеуін жазыңыз. Барлық көлемдер бөлме жағдайында өлшенген.(С5Н12) 20 cм 3 газтәрізді көмірсутек 240 cм 3оттектің артық мөлшерімен қоспасы қопарылды. Суығаннан кейін 50 cм 3 оттек пен 120 cм 3 көміртек диоксиді қалды. Белгісіз көмірсутектің формуласын анықтап, жану реакциясы теңдеуін жазыңыз. Барлық көлемдер бөлме жағдайында өлшенген.(С6Н14) Массасы 4,25 г көмірсутекті жаққанда 13,2 г көміртек(ІV) оксиді және 5,85г су түзілді. Көмірсутектің ауа бойынша тығыздығы 5,862- ге тең. Көмірсутектің қарапайым формуласын табыңыздар. Жауабы: C12Н26. Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 2-ге тең. Осы қосылыстың 9,8 грамын жаққанда 15,68 л көмірқышқыл газы (қ. ж) және 12,6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молкекулалық формуласын табыңыз. Жауабы: (С2Н4) Алгоритм -1 (1-мысал) 1.Белгісіз көмірсутектің жану реакциясы теңдеуін жазу СхНy + О2=xCO2 + y H2O 2. Сәйкесінше көлемдерін реакциядағы заттардың үстіне жазу 3. Берілген көлемдерді ең кіші сандарға дейін қысқарту, жоғарыдағы мысалда 40-қа қысқарту 4. Бұл сандар көлем болғандықтан, оларды зат мөлшері ретінде қабылдауға болады. Сондықтан реакциядағы зат мөлшерлері ретінде жазып аламыз. СхНy + 8О2=5CO2 + y/2 H2O 5. x=5 y- ті табу үшін реакциядағы оттек саны бойынша есептеу жүргіземіз. Алгоритм -2 (3-мысал) Заттың молярлық массасы мен зат мөлшерін есептейміз: M(зат) = D*Mауа = 5,862· 29 = 170 г/моль υ(зат) = m / M =4,25 г / 170 г/моль = 0,025 моль C, Hзат мөлшерлерін формулаларды қолданып табамыз υ = V/Vm немесе υ = m/M υ(C) = υ(CO2)= V/Vm =13,2г / 44=0,3 моль υ(H) = 2 · υ(H2O) = 2 · m/M = (2 · 5,85 г) / 18 г/моль = 0,65 моль Зат формуласында оттектің бар жоғын тексереміз m(C) = υ(C) · M(C) = 0,3 моль · 12 г/моль = 3,6 г m(H) = υ(H) · M(H) = 0,65 моль · 1 г/моль = 0,65 г m(O) = m(зат) – (m(C) + m(H)) = 4,25 г – (3,6 г + 0,65 г) = 0 г, 4. Формуланы анықтаймыз υ(CxHy) : υ(С) : υ(Н) = 0,025 : 0,3 : 0,65 = 1 : 12 : 26(бүтін санға келтіру арасындағы ең кіші сан 0,025-ке барлығын бөліп шықтық) Демек, 1 моль зат құрамында 12 моль көміртек және 26 моль сутек бар, анықталған формула С12Н26. |