Главная страница
Навигация по странице:

  • Өткізу күні / Дата проведения

  • Өтпелі тақырып /Сквозная тема

  • 1. Тәрбиелік – воспитательная

  • 3. Оқыту – обучающая

  • Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение

  • Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  • 1. Ұйымдастырушылық кезеңі Мотивациялық қозғаушылық

  • «Жасырын сурет»

  • Әлішер: Мен тиінмін,тиінмін Қыста жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Талдан-талға секірем.Сергіту сәті

  • Билингвалдық компонент

  • жануарларашыксабак. Жануарлар ыста алай мір среді


    Скачать 19.91 Kb.
    НазваниеЖануарлар ыста алай мір среді
    Дата13.02.2022
    Размер19.91 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажануарларашыксабак.docx
    ТипКонспект
    #360549

    Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

    Конспект организованной учебной деятельности в среней группе

    Өткізу күні / Дата проведения: 25.01.2022

    Тәрбиеші / Воспитатель : Қызбаева Т.Е

    Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

    Пән / Предмет: Жаратылыстану

    Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жануарлар қыста қалай өмір сүреді

    Тақырыбы / Тема: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

    Мақсаттары / Цели :

    1. Тәрбиелік – воспитательная: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

    2.Дамытушылық – развивающая Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

    3. Оқыту – обучающая : Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру

    Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

    Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, аңдардың суретімен плакат, қыстың суреті, пазлы, аңдардың суреттері жеке тақтада,лэпбук"Жануарлар"

    Билингвалдық компонент : Жабайы жануарлар- дикие животные

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

    Шаттық шеңбер

    Табиғатым тамаша

    Көз тоймайды қараса

    Табиғатты аялап

    Жүрейікші жараса

    Сәлем саған жер ана

    Сәлем саған нұрлы күн

    Аман есен болайық

    Бейбітшілікті қалайық

    1. Ұйымдастырушылық кезеңі

    Мотивациялық қозғаушылық

    Өздерің байқағандай бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек. -    Ендеше біз бүгін сендермен жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен танысамыз.
    Қыс мезгілі:
    Бір жылда неше мезгіл бар?
    Атап беріңдерші балалар?
    Қазір жылдың қай мезгілі ?
    Қыс мезгілінде неше ай бар?
    (Желтоқсан,қаңтар, ақпан)
    Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар.?
    Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
    Қандар ойындар біз далада ойнаймыз? Қар лақтырып,аққала жасап,сырғанақ тебеміз...(төбешіктерден шанамен сырғанаймыз.                 

    -Суда мұз бар,жерде қар,
                      Боран  борап соғады.
                      Айтыңдаршы, балалар,
                      Бұл қай кезде болады?
                 -Қыста
                 -Дұрыс айтасыңдар,балалар.
     -Балалар,қар демекші. Біз сендермен
    «Жасырын сурет» ойынын ойнаймыз.  

    Бізге қажетті суреттерді қар басып, жасырып қалыпты.Қардан тазалау үшін жұмбақтарды шешейік.
    •    Қорбаң, қорбаң етеді,
    Орман оның мекені
    Тәтті балға тойып ап,
    Қыста ұйқыға кетеді.


     Бұл не?(Аю)


    Олар  қайда өмір сүреді?
    Немен қоректенеді?
    Суықтан  қалай сақтанады.?
    Олардың сыртқы бейнесі қандай?
    1)Бұл –апан(үңгір).Аю болса, өздерің көріп тұрғандай қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.Аю ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтарын дүниеге әкеледі.  Оның іші жылы, әрі жайлы. Аю жаз бойы жинаған майынан қорек алып,табанын жалап  ұйықтайды.АЮ-үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп  жүреді. Оның екі кішкентай құлағы, төрт аяғы бар.
    Әмір:Менің атым –АЮ,
    Оңай маған баю.
    Орман ішінде жүремін,
    Балды иісінен білемін.


    • Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу .(Түлкі)
     
    2).Түлкі –інінде.Түлкі мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді.Түлкі,қасқыр,қоян қысқа азық қорын дайындамайды.Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ,иіс сезуі жақсы жетілген.Қу,жүні қалың,әдемі.
     
    Тәуекел: Мен,түлкімін,түлкімін
    Біреулерге күлкімін.
    Кейбіреуді алдаймын,
    Екіншіңді арбаймын.
    • Сылдырдан қорқады,
    Шошынып жортады. (Қоян)


    3)Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.Ол қары қалың орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады.Қорқақ,кішкентай,құлақтары ұзын.


    Айару:
     -МЕН, қоянмын,қоянмын
    Жорыққа түнде жортамын
    Қалдырмаймын ізімді,
    Өйткені күндіз қорқам.
    • Сұр түсті
    Ақсиған көп тісті.(Қасқыр)
    4)Қасқыр –апанда.Қасқыр әлі жететін аңдармен қоректенеді:  Үй жануарларымен,құстармен қоректенеді.Тістері үлкен,қорқынышты, сұр түсті.


    Рахым:
    Мен,қасқырмын,қасқырмын
    Аң ішінде  асқармын.
    Талай қойды бауыздап,
    Үйге әкеліп асқанмын.
    •    Секең, секең етеді,
    Орман оның мекені.
    Отырғанда шоқиып,
    Құманға ұқсап кетеді. (Тиін)
    5). Тиін ағаштың қуысында мекендейді.Ашып көрелік .Балалар,өздерің айтып тұрғандай,тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды ,саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді .Қыс бойы сол азығын қорек етеді.
     Балалар, тиін туралы қандай
    Тақпақ  білеміз?
    Әлішер:
     Мен тиінмін,тиінмін
     Қыста жылы киіндім.
     Қоймам толы жаңғаққа,
     Талдан-талға секірем.
    Сергіту сәті:

    Ормандағы бала қонжық,
    Ұялардан бал іздеді
    Мойындарын оңға бұрды.
    Мойындарын солға бұрды.
    Орман ішін аралады,
    Ағаштарды шайқап көрді
    Аяқтарын көтеріп ап,көтеріп ап.
    Қуанғаннан билеп кетті, билеп кетті.. 

    «Табыстыр» ойыны.
    -Жабайы жануарлардың төлдері болады білесіңдер ғой? Яғни балалары, оларға қамқорлық танытып азығын тасып жүрген анасы адасып қалыпты. Екеуін табыстыру үшін сендер мына тапсырманы орындайсыңдар.
    -Табыстырып болдық па?
    -Ендеше  жануарлардың төлдерін атай кетейік.  

    Жануарлардың балалары (төлдері)

    Қалай аталады?

    Аю баласы-қонжық,

    Қасқыр баласы-бөлтірік,

    Қоян баласы-көжек

    Түлкі баласы-мыршай,

    Тиін баласы- тиін.

    ОЙЫН: Ойлауға

    Ең айлакер аң....(түлкі)
    Ең қорқақ...(қоян)
    Балды жақсы көретін...(аю)
    Ең ұзын мойын...(керік)
    Ең ақылды...(маймыл)
    Ең ұзақ өмір сүретін...(тасбақа)
    Ең күші көп ол...(құмырсқа)
    (Себебі ол өзінен екі есе артық жүкті көтереіп алып жүре алады екен)

    Билингвалдық компонент : Жабайы жануарлар- дикие животные

    3.қортынды

    Балалар сонымен қазір қай мезгіл?

    Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

    Бүгін қандай жануарларды өттік?

    Жануарлардың қысқы тіршілігі қандай?

    Үй жануарларымен жабайы жануарларды атайықшы?

    -Балалар, табиғаттың  бізге берері көп. Табиғаттың тыныштығын сақтап,жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.

    Аюдың –батырлығын,

    Қоянның –жүйріктігін,

    Түлкінің –әдемілігін,

    Тиіннің-ақкөңілдігін,

    Қасқырдың-қайсарлығын тілеймін.

     -Сау болыңдар.Жарайсыңдар балалар. сендерге көп рахмет.


    написать администратору сайта