Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникалық станцияларды ө ту ұзақтығы 10 минуттан аспайды

  • жара. «Жара_атты біріншілікті __деу, та__ыш салу». Жараатты біріншілікті деу, таыш салу


    Скачать 16.33 Kb.
    НазваниеЖараатты біріншілікті деу, таыш салу
    Дата25.05.2023
    Размер16.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла«Жара_атты біріншілікті __деу, та__ыш салу».docx
    ТипДокументы
    #1158898

    «Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу»




    Қадам

    Әрекет алгоритмі

    1

    Емшара маңызын

    түсіндіру, келісімін алу



    Науқаспен амандасып,манипуляцияны өткізу мақсаты мен емшараны түсіндіру, науқастың келісімін алу (алып келушінің, ата-анасының немесе қамқоршысының)

    2

    Жарақаттың сипатын

    (status localis) бағалау



    Жарақаттың орналасуын, сипаты мен өлшемін, ластану дәрежесін, мүмкін болатын асқынулардың болуын (қан кету, төменде жатқан құрылымдардың зақымдануы) анықтау

    3

    Қажетті құралсаймандарды дайындау.

    Қажетті құрал-саймандарды дайындады:стерильді қолғап,пинцет,дәке шариктері-5 дана,стерильді салфетка,70% спирт ерітіндісі,5%-йод ерітіндісі,3%-сутегі асқын тотығы,бинт,пластрь, қайшы,қолданылған материалдарды салатын ыдыс.

    4

    Стерильді қолғап кию.

    Стерильді қолғап кию техникасы:

    -стерильді қолғабы бар пакетті алу ,оны ашу.

    -қолғаптың ішкі бетіне қолды тигізбейтіндей етіп,оң қолдың қолғабының теріс аударылған шетін алу.

    -оң қолдың саусақтарын жұму , оларды қолғапқа енгізу.

    -оң қолдың саусақтарын жазбай қолғапты кию.

    -қолғаптың ішкі бетіне қолды тигізбейтіндей оң қолдың екінші,үшінші ,төртінші саусақтарымен сол қолдың қолғабының теріс аударылған шетін алу.

    -сол қолдың саусақтарын жұму,оларды қолғапқы енгізу.

    -одан кейін оң қолғаптың аударылған шетін халат жеңіне тартып кигізу.

    5

    Жарақаттың айналасындағы теріні өңдеу



    Жарақаттың айналасындағы теріні 70% спирт ерітіндісіне малынған стерильді дәке шариктері бар пинцетпен өңдеу. өңдеуді ортасынан шетіне қарай үш рет жасайды, әр ретте стерильді дәке бөлшектерін ауыстырып отырады.

    6

    Бөтен денелерді алып тастау



    Пинцетпен бөтен денелерді (шыны сынықтары, мата, шӛп т.б.) алып тастау

    7

    Жарақат беткейін тазалау



    Жарақатты антисептик ерітіндісіне (3% сутегі тотығы ерітіндісі) малынған стерильді дәкелік шариктермен суландыру, жарақат толығымен тазарғанға дейін қайталау. Асқынуларды (қан кету, аурулық синдром, жарақат беткейінің қосымша зақымдануы) болдырмау үшін жарақатқа шектен тыс әсер етпеу. Жарақат айналасындағы теріні кептіру, жарақаттың жиегін 5% йод ерітіндісімен өңдеу.

    Жарақатты бақылауды өткізу: жарақаттың жиектерінің жағдайын, қан кетудің болмауын, тазалығын бағалау.

    8

    Жарақатты стерильді дәкелік салфеткамен жабу



    Жарақатқа жиектерін толығымен жауып тұратындай етіп стерильді дәкелі салфетка жабу. Үстіне қосымша тағы екі стерильді дәкелі салфетка қосу.

    9



    Бинтпен таңғыш салу

    Дәкелі салфетканы бинттік таңғышпен бекіту қажет. Бұл үшін бетпен бинттейтін беткейге қарай орналасу қажет. Дененің бинттелетін бөлігін орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

    Бинтті бір қолда ұстау керек, басын екінші қолына ұстайды, нәтижеде ашылатын жағы жоғарыға қарауы тиіс.

    Бинттеуді екі циркулярлық бекітуші айналымнан бастайды. Бинтті бір бағытта ашады, бинттің әрбір айналымы алдыңғысының жартысын немесе оның енінің үштен екісін жауып тұруы қажет.

    10

    Таңғышты бекіту



    Бинттеуді аяқтаған соң бинтті енінен, сосын ұзына бойынан кеседі, осылайша жеткілікті ұзындықтағы таңғыш жасалады. Бинтті таңғышты сау жағындағы анағұрлым тар жерге бекітеді. Науқасқа емшараның аяқталғанын және таңғышқа қарау ережелерін сақтау қажеттілігі айтылады (сулауға, өзі ауыстыруға болмайды, шағымы пайда болғанда медициналық

    қызметкерге жедел түрде қаралу керек)

    11

    Қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салу


    Әр кезде қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салыңыз (дезинфекцияға арналған ыдыс). Емшараны аяқтағаннан кейін бақылау өткізіңіз.

    12

    Науқастың бағытын анықтау

    Зардап шегушіні жағдайының ауырлығына байланысты стационарлық немесе амбулаторлық емдеуге жіберу.

    Клиникалық станцияларды өту ұзақтығы 10 минуттан аспайды



    написать администратору сайта