Главная страница

Абдилдаев М.К 2. Жарынбек Айдана іші дегей(20 пай )


Скачать 19.99 Kb.
НазваниеЖарынбек Айдана іші дегей(20 пай )
Дата08.12.2020
Размер19.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАбдилдаев М.К 2.docx
ТипДокументы
#158083

Жарқынбек Айдана
І-ші деңгей(20 ұпай ) :


  1. Бақылау тамақтандыруды атаңыз.


Күнделікті бақылау мынадай болады:


  • Алынған және әкелінетін тамақтың сапасын бақылау.

  • Тамақты сақтау шарттарын бақылау.

  • Тамақты пайдалану мерзімін ескеруді бақылау.

  • Тамақты дайындау технологиясын бақылау.

  • Дайын тағамның сапасын бақылау.

  • Тамақ қоймасы және ыдысты жуудың санитарлы -эпидемиялыққа қарсы тәртіпті бақылау.

  • Тамақ қоймасының қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерді сақтауды бақылау.

  • Тамақтану мөлшерінің құрамын бақылау.




  1. Аралас тамақтандырудың көрсетілімін атаңыз.


Аралас тамақтандырудың көрсеткіші болып ана сүтінің жетіспеушілігі (гипогалактия) немесе баланы омыраудан шығаруға еш негіз болмайтын, бірақ омыраумен тамақтандыру санын азайту жөн болатын ананың кейбір аурулары болып табылады. Аралас тамақтандыру жасанды сүт қоспалары түрінде үстеме тамақтандыруды енгізуді білдіреді (үстеме тамақты қосымша тамақпен шатастырмау қажет).

ІІ-ші деңгей(30 ұпай ) :
1.Бейімделген сүт қоспалары. Тиімділігін бағалауды түсіндіріңіз.
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас». Оларға «Малютка», «Малыш», «Детолакт», «Витолакт» т.б.жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «Крепыш», «Здоровье», ал қышқыл қоспаларға-айран, биолакт, «Балдырған» жатады.

Бейімделген қоспаларды бала жеңілірек сіңіреді, сүт қоспаларының осы типін қолданған дұрысырақ.

Өз кезегінде бейімделген және бейімделмеген қоспалар тәтті және қышқыл сүтті болуы мүмкін.

Қышқыл сүтті қоспалар бактериялық ферменттеу жолымен жасалынады, ондағы сүттің ақуызы ірімшіктелген күйде болады, бұл бала ағзасының осындай қоспаларды сіңіруін жеңілдетеді. Бірақ олардың көп мөлшерде қолданылуын орынсыз ететін бірқатар биологиялық ерекшеліктері де бар. Сондықтан, егер бейімделген тәтті қоспалармен балаларды олардың өмірінің бірінші күнінен бастап тамақтандыруға болатын болса, онда қышқыл сүтті қоспаларды 3 айлық жастан бастап және шектеулі мөлшерде беру ұсынылады. Дайын бейімделген тәтті сүт қоспалары сауда желілерінде үлкен ассортиментте кездеседі, ал қышқыл сүтті қоспалар Балалар сүт асханаларында дайындалады. 

2.Жасанды тамақтандыру техникасын түсіндіріңіз.

  • баланы тамақтандыруға арналған қоспаны таңдауды дәрігердің бақылауымен жүзеге асыру қажет (салмақ қосуын, баланың нәжісін бақылау);

  • қоспаны дайындау техникасын нақты әрі мұқият орындау қажет;

  • жасанды тамақтандыруда тәулік ішіндегі тамақ көлемі табиғи тамақтандырудағы көлемдей болуы қажет (педиатр есептейді);

  • жасанды тамақтандыруда тамақ асқазанда ұзағырақ болады, сондықтан тамақтандыру арасындағы аралықтарды арттырады, ал тамақтандыру санын азайтады (педиатрмен келісе отырып жасайды);

  • ыдысты (бөтелке, емізіктер) мұқият жуып, зарарсыздандыру керек;

  • қоспаларды әрқашан да зарарсыздандырылған әрі 35-40С-қа дейін жылытылған күйде беру;

  • үстеме тамақ 5-6 айлықтан бастап енгізіледі.



ІІІ-ші деңгей(50 ұпай ) :
Босанудан кейінгі ІІІ патронаж кезінде аймақтық дәрігерге анасы 2 сағат алдын дене қызуы 37,5С жоғарылауына, сол жақ көкірегінде тығыздалу, аздаған гиперемияға шағымданды. Емшекті сауғанда сүттің түсі қалыпты, патологиялық қоспаларсыз.


  1. Аймақтық дәрігер ретінде анасына кеңесіңіз.


Анасына емшекпен емізуді тоқтатпай жалғастыра беруді кеңес береміз. Өйткені лактосаз кезінде анаға ең үлкен көмекті баладан басқа ешкім бере алмайды. Анасына үзбей уақытылы емізуді, сол жақ көкірегімен сау көкірегіне қарағанда 2 есе көптеу емізуді ұсынамыз.(әсіресе түнде)Қажет жағдайда зақымдалған көкіректе қалып кеткен сүтті сауып тастауын айтамыз. Емізгеннен кейін 10-15 минут салқын компресс қоюды кеңес береміз. Осылайша лактостаз өздігінен ликвидация болады, бірақ температура жоғарылауы, симптомдардың сақталуы әріқарай жалғаса берсе дәрігерге аймақтық гинекологтың қабылдауына келу керектігін түсіндіреміз.


  1. Анасы тамақтандыру түрін ауыстыруы қажет пе?


Анасының тамақтану рационынан сұйықтықты шектеу қажет (тәулігіне 800—1000 млден аспау қажет). Бұл алғашқы апталарда ана сүті мөлшерінің кенет артып кетуінен сақтайды


  1. Анасы баасын тәулігіне неше рет емізуі керек, шырын мен су беру қажет

пе?
Анасы баласын тек ана сүтімен тамақтандыру қажет, қосымша шырын немесе су берудің қажеті жоқ, емізу бала қалауымен және 8 реттен кем емес болу керек.


написать администратору сайта