есеп Бағдат НВП. Жас сарбаз сыныбы 20212022 оу жылы Жас сарбаз
Скачать 17.81 Kb.
|
«Жас сарбаз» сыныбы 2021-2022 оқу жылы «Жас сарбаз» сыныбына 22 оқушы санынан құрылды, өзінің жұмыс жоспарына сай жұмыстар жүргізілді. Салауатты өмір салтын насихаттауды және патроиоттық тәрбиені іске асырып жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жоспар бойынша көптеген әскери-патриоттық жарыстар мен шаралар өткізілді. Жаңа оқу жылында сабақ беретін топтардың пәндер бойынша күнтізбелік жоспарларын жасақтаумен жұмыстандым. Жаңа оқу жылында АӘД пәні бойынша топтарда әскери киім нысаны туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, взвод және бөлімше командирлерін тағайындап АӘД пәнінің басталуына байланысты қажетті құжаттарды және бұйрықтар нұсқасын даярладым.Қараша айында Жас сарбаз сыныбына «Әскери іске дайын бол!»атты шара өткізілді. Онда Жас сарбаз сыныбының оқушылары қатысып өздерінің дайындықтарын көрсетті. Мақсаты: Сабақтан тыс уақытта Жас сарбаз сыныбының жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Міндеттері:
Желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Саптық» сайыс өткізілді. Жарыс Жас сарбаз сыныбына және жеке біріншілік бойынша спорттың 5 түрінен өткізілді: 1)Мылтық ату. 2) Оқжатарды оқпен жарақтау.3)Автоматты шашып,жинау.4) Противогаз кію 5) Кермеге тартылу. Сайсықа Жас сарбаз сыныбының оқушылары қатысып жакқсы көрсеткіштер корсетті. Мақсаты: Оқушылардын бойында отансүйгіштік сезімін ұялату. Қазақстанын 30жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы айтылды. Мектебімізде тәуелсіздік куніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жерде оқушылар тұнғыш Президентіміздін кітаптарымен таныса алады. Қантар айында Жас сарбаз сыныбы аудандық өлкетану музейіне саяхат жасады. Оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы жайлы,оқушылардың ой-өрістерін,танымдық қабілеттерін арттыру,туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.Оқушылардын бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінін туып өскен жеріне деген сүйспеншілікті тәрбиелеу. Саяхатқа барған оқушының саны -11. Саяхат барысында оқушыларға бірінші мұражай туралы түсінік берілді. |