Главная страница
Навигация по странице:

  • E) 50 12. Бес адамның жастарының қосындысы 124. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады А) 130 В) 134 С) 154

  • А) Әсел-17, Гүлнар-13, Рүстем-8, Дархан-3

  • А) Меруерт-9,Еңлік-3,Арай-5,Сағи-15

  • жасқа байланысты есептер. 2-Жасқа байланысты есептер. Жаса байланысты есептер


    Скачать 28.12 Kb.
    НазваниеЖаса байланысты есептер
    Анкоржасқа байланысты есептер
    Дата29.12.2020
    Размер28.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2-Жасқа байланысты есептер.docx
    ТипДокументы
    #165277


    ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР

    1. Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болады?

    A) 3

    B) 4

    C) 6

    D) 7

    E) 5

    2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінің жасынан 2 есе артық болады?

    A) 30

    B) 22

    C) 25

    D) 24

    E) 28

    3. Атасы 58 жаста, оның баласы 32 жаста, немерелері 11 жаста және 7 жаста, Неше жылдан кейін атасының жасы баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең болады?

    A) 3

    B) 4

    C) 6

    D) 8

    E) 5

    4.Шешесі 42 жасқа келгенде , үлкен қызы 19, ортаншы қызы 11, кенжесі 2 жасқа толады. Қанша уақыттан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?

    А) 9 жылдан кейін

    В) 8 жылдан кейін

    С) 5 жылдан кейін

    Д) 6 жылдан кейін

    Е) 7 жылдан кейін

    5. Қазір анасы 54 жаста. Ұлы 20-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін ұлы мен қызының жастарының қосындысы анасының жасына тең болады?

    А) 20

    В) 28

    С) 26

    Д) 24

    Е) 30

    6. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?

    A) 6

    B) 3

    C) 4

    D) 8

    E) 5

    7. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?

    A) 16

    B) 21

    C) 13

    D) 28

    E) 18

    8. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады.

    A) 12

    B) 9

    C) 10

    D) 8

    E) 16

    9. Бекзат өзінің туған күнін анасымен бір күнде атап өтеді. Қазір анасының жасы Бекзаттың жасынан 11 есе артық Ал бүгінгі күннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы ұлынан 2 есе артық болады. Бекзат қазір нешеде?

    А) 2

    В) 4

    С) 5

    Д) 6

    Е) 3

    10. Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде атап өтеді. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал 16 жылдан кейін 3 есе үлкен болады. Бүгінгі күннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы ұлынан 2 есе артық болады. Бүгін Мұрат нешеде?

    А) 2

    В) 4

    С) 5

    Д) 1

    Е) 3

    11. Әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе үлкен. Жеті жылдан кейін әке мен баланың жастарының қосындысы 74-ке тең болса, онда әкесінің қазіргі жасын анықтаңыз.

    A) 40
    B) 52
    C) 48
    D) 32
    E) 50

    12. Бес адамның жастарының қосындысы 124. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады?

    А) 130

    В) 134

    С) 154

    Д) 168

    Е) 148

    13. 13 жылдан кейін 4 баланың жастарының қосындысы 97 болады. 7 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады?

    А) 77

    В) 84

    С) 73

    Д) 90

    Е) 97

    14. Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?

    А) 139

    В) 140

    С) 169

    Д) 160

    Е) 159

    15.Баланың үш еселенген қазіргі жасынан оның алты жыл бұрынға жасын төрт еселеп шегерсек, баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?

    А) 10

    В) 12

    С) 15

    Д) 16

    Е) 18

    16. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?

    A) 9
    B) 6
    C) 4
    D) 10
    E) 8

    17. Төрт жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. 8 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?

    A) 35

    B) 39

    C) 36

    D) 28

    E) 34

    18. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?

    A) 30

    B) 22

    C) 32

    D) 27

    E) 25

    19. Толқын және оның ата-анасы, бәрі бір күнде, 1 қаңтар күні туылған. 2015 жылдың қаңтарында Толқын анасынан 6 есе кіші болды, ал 2016 жылдың қаңтарында әкесінен 6 есе кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен екенін анықтаңыз

    A) 5

    B) 3

    C) 6

    D) 4

    E) 2

    20. Менің үш ұлым бар. Біріншінің жасы менің жасымның бірінші цифрына тең, екіншінің жасы менің жасымның екінші цифрына тең және үшіншінің жасы менің жасымның цифрларының қосындысына тең. Ешқайсымыздың жасымыз бірдей емес және барлығымыздың жастарымыздың қосындысы 60-қа тең болса, онда менің жасымды анықтаңыз

    A) 38

    B) 37

    C) 39

    D) 29

    E) 28

    21. Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133. Әлішердің жасын анықта

    А) 18

    В) 16

    С) 21

    Д) 15

    Е) 12

    22. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 8 жаста, 13 жаста, 17 жаста. Дархан мен Әселдің жастарының қосындысы 5-ке бөлінеді. Гүлнар мен Рүстемнің жастарының қосындысы 7-ге бөлінеді. Рүстемнен Дархан кіші, бірақ Гүлнар үлкен. Кім неше жаста?

    А) Әсел-17, Гүлнар-13, Рүстем-8, Дархан-3

    В) Гүлнар-17, Әсел-13, Рүстем-8, Дархан-3

    С) Гүлнар-17, Әсел-13, Рүстем-3, Дархан-8

    Д) Әсел-17, Гүлнар-13, Рүстем-3, Дархан-8

    Е) Әсел-17, Гүлнар-13, Дархан-8, Рүстем-3

    23. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста, 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?

    А) Меруерт-9,Еңлік-3,Арай-5,Сағи-15

    В) Меруерт-9,Еңлік-5, Арай-3,Сағи-15

    С) Меруерт-9,Еңлік-3, Арай-15,Сағи-5

    Д) Меруерт-15,Еңлік-5, Арай-3,Сағи-9

    Е) Меруерт-3,Еңлік-9, Арай-5,Сағи-15

    24. 2017 жылы Жаннұрдың жасы оның туылған жылының цифрларының қосындысына тең болды. Жаннұр қай жылы туылған?

    A) 1991 ж

    B) 1992 ж

    C) 1994 ж

    D) 1993 ж

    E) 1995 ж

    25. Жанұяда төрт бала бар. Олардың үшеуі сәйкесінше ең үлкенінен 8; 6; 2 жасқа кіші және әр баланың жасы жай санмен өрнектеледі. Төмендегі жауаптардың ішінен ең кішісінің жасын тап

    A) 1

    B) 2

    C) 3

    D) 5

    E) 7

    26. Ержан, Нұржан және Нұрлан – үшем(барлығы бір күнде туылған). Олардың егіз інілері – Мадияр мен Данияр олардан дәл үш жас кіші. 29, 39, 53, 74, 94 сандарының ішінен осы бес ағайынды балалардың жастарының қосындысына тең бола алмайтын санды тап

    A) 29

    B) 39

    C) 53

    D) 94

    E) 74

    Жүйеленген тест есептері

    Батыршин Бахытжан

    +7 701 303 82 07




    написать администратору сайта