Главная страница

« Жасыл ел » эссе. Жасыл ел эссе Жасыл ел


Скачать 14.69 Kb.
НазваниеЖасыл ел эссе Жасыл ел
Дата05.02.2023
Размер14.69 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла« Жасыл ел » эссе.docx
ТипДокументы
#921059

« Жасыл ел » эссе

«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жасыл - Ел» бағдарламасы жайында: «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл Ел» дегеніміз - Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек», деген болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстап кетті деп олаймын . «Жасыл ел» — біз сияқты жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін еліміздегі бірегей бағдарлама.Осы бағдарламының арқасында аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да, жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұру дұрыс қадам деп санаймын. Сол жалынды жастар бүгінгі күнде осы «Жасыл ел» бағдарламасы аркылы жұмыс степ жақсы нәтижелер көрсетуде. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар, жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізе біліу. Аталмыш бағдарлама қазақстаның барлық аймақтарында жалғасын тауып, қазақстан еңбекқор жастардың мекеніне айналғаны сөзсіз. Жылына көптеген жастар жұмысқа қабылданып, өңірдің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Осы бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көше­лер­ді, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдары ауласында тазалап, қураған ағаштарды ке­сіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен бел­сенділік көрсетуде.Осы бағдарламаның арқасында көптеген жастар өз елінің экологиясын дамытып, еліне көптеген пайдаларын тигізіп жатыр.


написать администратору сайта