Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ .Гормондар,фитогормондар,алколоидтар,гликозоидтер. Олардың табиғатта кездесуі және синтезделуі

  • Жасушадағы биологиялық белсенді қосылыстар. Жасушадаы биологиялы белсенді осылыстар


    Скачать 0.96 Mb.
    НазваниеЖасушадаы биологиялы белсенді осылыстар
    Дата27.03.2022
    Размер0.96 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаЖасушадағы биологиялық белсенді қосылыстар.pptx
    ТипДокументы
    #419078

    Жасушадағы биологиялық белсенді қосылыстар

    Жоспар:

    І. Жасушадағы екінші метаболиттер. Олардың тағам өнімдерінің құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар,

    ІІ .Гормондар,фитогормондар,алколоидтар,гликозоидтер. Олардың табиғатта кездесуі және синтезделуі

    ІІІ .Пигменттер және басқа да бояғыштар,Түс және астыұ сапасы.Астықты бояғыштар.Фенолдық қосылыстар.


    Биологиялық белсенді қосылыстар

    ферменттер

    антибиотиктер

    Витаминдер

    гормондар

    Ферменттер

    Фермент – белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші. Химиялык реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайды.

    Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Фермент қатысатын процестермен адам өте ерте кездерден бері таныс: қантгы ашыту, нан пісіру, тері илеу, сүттен тағымдар жасау. Фермент катысуымен жүретін процестерді зерттеуде Л.Пастер, Бухнер, И.П.Павлов, Л.Михаэлис пен М.Ментен жұмыстарының маңызы зор.

    Ферменттердің жіктелуі

    Барлық басқа белоктар сияқты, ферменттер де химиялық күрамы бойынша екі топқа бөлінеді. Химиялық құрылысы бойынша ферменттер протеин (жай ақуыздар) және протеид (күрделі ақуыздар) деп бөлінеді.

    Протеин ферменттерінің белсенділігі сол ақуыздың құрылымына байланысты.

    Протеид ферменттерінің белсенділігі ақуызсыз табиғаттағы топ – кофакторға байланысты.

    Күрделі құрылыстағы фермент – фермент-протеид, қос компонентті немесе холофермент, оның ақуыздық бөлігі – ақуыздық компонент, немесе феррон (алып жүруші), немесе апофермент, қосымша топ – простетикалық топ, немесе агон (белсенді топ), немесе кофермент (кофактор) деп аталады. 
    Ферменттер

    Күрделі

    Қарапайым

    Белоктық бөлік-апофермент

    Белоксыз бөлік-кофактор

    Күрделі ферменттер-күрделі белоктар. Олар екі бөліктен түрады. Белоктық бөлік және белок емес бөлік. Белок емес бөлік кофактор деп аталады. Кофактор /простетикалық топ/ белок емес зат болғандықтан кофермент деп аталады. Коферменттер -төменгі молекулалы заттар, олар апоферментпен тығыз байланысқан.

    Ферменттердің қасиеті

    Ферменттердің  бірінші ерекше қасиеті – биологиялық катализдің тиімділігі. Ферменттің әсерінің тиімділігі өте жоғары. Ферменттің  бір молекуласы 1 минутта субстраттың 102-106 молекуласын өзгеріске ұшырата алады. Ферменттер химиялық реакцияларды тездетеді, бірақ реакция барысында ферменттердің шығыны болмайды, яғни олар өзгеріске ұшырамайды. Ферменттердің  екінші ерекше қасиеті – ферменттердің ерекшелігі. Ферменттердің ерекшелігі субстраттың табиғатына, реакцияның түріне және ортаның жағдайына байланысты, яғни фермент белгілі бір субстратқа немесе арнайы реакция түріне ерекше ортаның жағдайы болғанда ғана әсер етеді.         Ферменттер молекуласының  субстраттпен тікелей тиісіп жанасатын  бөлігін ферменттердің активті  орталығы деп атаймыз. Ферменттердің  активті орталығы субстратпен байланысуға  және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында  функционалды тобы бар амин қышқылдарының  қалдықтарынан түзіледі.Күрделі  ферменттерде активті орталыққа  амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды  қызмет атқарады.

    Антибиотиктер

    Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) —микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.

    Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді

    Шығу тарихы

    Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін әкететін, мемлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең алдымен, қолданылатын барлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар ретінде қарастырылады.
    Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді.
    Антибиотиктердің продуценттері сірке-қышқылды, тиолды. Метилотрофты бактериялар арасында кездеспейді. Бұл аэробтар бақталастыққа кірмейді, себебі қоршаған мкрорганизмдер олардың арнайы субстратын қолданбайды, немесе олар құрайтын өте қышқыл жағдайларда тіршілік ете алмайды.
    • тетрациклиндер (хлор-, окситетрациклиндер және олардың туындылары –доксициклин, метациклин – Str.grimsus, Str.aureaciens)
    • аминогликозидтер (стрептомцин – Str.greseus; неoмицин – Str.feadiae; канмицин – Str.kanamyceticus);
    • макролидтер (эритромицин - Str.erythraeus; оландомицин – Str.antiioticus);
    • ароматикалық қосылыстар (хлорамыеникол – Str.venezuelae)
    • полеинді (амфотеррицин В, нистатин –Str7nourazei);
    • рифамциндер (рифампицин – Str.{Nocardia} mediterranei);
    • антрациклдер және ісікткрге қарсы (болеомицин –Str.verticillius).

    Витаминдер дегеніміз адам ағзасында синтезделмейтін төмен молекулярлы органикалық заттар, бірак кейбір тағаммен аздаған мөлшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді.


    Гормондар

    Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

    Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді.


    1) Эффекторлық гормондар — олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді.

    3) Рилизинг гормондар — гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін реттейді.

    2)Троптық гормондар — эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1) Заядан Б. «Тағамдық биотехнология»

    2) Әлмағамбетов “Биотехнология негіздер”

    3) Турашева С.Қ. “Клеткалық биотехнология”

    4) kk.wikipediya.kz



    написать администратору сайта