Жауап Салыстырмалы ылалдылы нормада, организмні терморегуляциялы процессі згермейді. Есеп
Скачать 21.13 Kb.
|
Есеп: Аспирациондық психрометрдің құрғақ термометрінің көрсеткіші 20С,ылғал термометрдің көрсеткіші 12С ,ауаның салыстырмалы ылғалдығы 37%. Ылғалдылыққа гигиеналық баға беріңіз: Жауап:Салыстырмалы ылғалдылық нормада, организмнің терморегуляциялық процессі өзгермейді. Есеп:Қандай жағдайда адамға суық болады,ауаның температурасы 14С,ылғалдылығы 40% немесе ауаның температурасы 14С және ылғалдылығы 80% болғанда. Жауап:Екі жағдайда адам суықты сезеді. Есеп:Қандай жағдайда адам денесі қатты қызады,ауаның температурасы 40С, және ылғалдылығы 40% немесе ауаның температурасы 40%,ылғалдылығы 90% болғанда: Жауап:Ауаның температурасы 40С және ылғалдылығы 90%. Есеп: Тұрғын үй бөлмесінің ортасында температура 18С,сыртқы қабырғасының ішкі жазығында 24С. Мұндай температуралық жағдайда адам нені сезеді? Жауап:Жайлылықты Есеп: Бөлме ортасындағы температура 18С-20С сыртқы қабырғаның ішкі жазығында 10С. Бұндай температуралық жағдайда адам нені сезеді? Жауап:Суықты сезеді. Есеп: Адам организмі қай жолдармен ыстық жоғалтады,егер ауа температурасы 15С, қабырға температурасы 38С,ылғалдылығы 35%,ауа жылдамдығы 0,5м/с болса? Жауап:Конвекция арқылы Есеп:Құдық суының мөлдірлігі 40см,түсі 30,иісі мен дәмі 2балл, судың органолептикалық қасиеттеріне гигиеналық баға беріңіз Жауап: Гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді Есеп:Артезиан скважинадағы судың құрғақ қалдығы 590,хлоридтер 200мг/л,сульфаттар 72мг/л,фтор 0,4мг/л,нитраттар 1мг/л. Судың минералдық құрамына гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді Есеп:Құдық суының көрсеткіштері:оттегінің тотығуы 8,2мг/л,аммоний тұздары 0,4мг/л,нитриттер 0,1мг/л,микробтар саны 1мл де 1100,коли-титр 0,1мл. Эпидемиологиялық қатынас бойынша суға гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Эпидемиологиялық қатынас бойынша гигиеналық талаптарға сәкес келмейді. Суды зарарсыздандыру керек. Есеп:Артезиан скважинасының суының көрсеткіштері: оттегінің тотығуы 0,9мг/л,аммоний тұздары 0,05мг/л,нитриттер жоқ,микробтар саны 1мл-де 9,коли-индекс 3-тен аз. Эпидемиологиялық қатынас бойынша суға гигиеналық баға беріңіз: Жауап:Эпидемилогиялық қауіпсіз су. Есеп:Судың құрамында суды хлорлау сапасын бағалаңыз: егерде микробтар саны 1 мл суда 52,коли-титр500мл, хлор қалдығы 1,1мг/л,судың иісі хлорлы 3балл. Судың қолдану мүмкіншілігіне қорытынды беріңіз: Жауап: Суды дехлорлау керек. Есеп:Су құбыры суының көрсеткіштері: мөлдірлігі 30см жоғары,түсі 30градус,микробтар саны 1мл суда 195,коли-титр 100,хлор қалдығы 0,05мг/л. Су құбыры суының жарамдылығына қорытынды беріңіз: Жауап: Суы ауыз су үшін жарамсыз. Есеп:Құрамында 4мг/дм куб фтор болған суды ұзақ уақыт қолданғанда адамда қандай эндемиялық ауру пайда болады: Жауап: Флюороз Есеп:Құрамында 0,3мг/дм кб фтор болған суды ұзақ уақыт қолданғанда адамда қандай ауру пайда болады: Жауап: кариес Есеп:Санитарлық дәрігердің көмекшісі су өткізгіш краннан су сынамасын анализға алды. Суды алған нүктеде қандай зерттеу жүргізу керек Жауап: Судың температурасын,иісін,дәмін анықтайды. Есеп:Жоспар бойынша фельдшер су өткізгіш краннан су сынамасын анализға алды. Санитарлық химиялық лабораторияда суға қандай зерттеу жүргізеді: Жауап:Судың сілтілігін,қаттылығын,хлор қалдығын анықтайды. Есеп:Терезенің әйнектелген бөлігінің ауданы 1,6м квадрат, еден ауданы 14м квадрат. Жарықтану коэффиценті 1/8. Тұрғын бөлмелер үшін жеткілікті ме? Жауап: Жарықтану коэффициенті жеткілікті Есеп:Терезенің әйнектелген бөлігінің ауданы 2,8м квадрат(бөлмеде 2терезе бар)еден ауданы 28м квадрат жарықтану коэффиценті 1/5.емхана палаталары үшін жеткілікті ме? Жауап: Жеткілікті Есеп:Бір уақытта жарықтануды өлшегенде бөлме ішіндегі жарыөтану 100лк, бөлме сыртындағы жарықтану 12000лк. Бөлмеде табиғи жарықтану коэффиценті 0,8%. Табиғи жарықтануға гигиеналық баға беріңіз: Жауап: ТЖК жеткілікті. Есеп:Кинозал механикалық ағынды сорғыш желдетумен жабдықталған. Қыста сеанс соңында ауаның температурасы 18градус, ылғалдылығы 60% көмір қышқыл газының құрамы 0,1%. Желдетуге гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Желдету эффектілі жүргізіледі. Есеп:Түркістан районында вирусты гепатит А ауруының бірден көтерілуі байқалды. Аурудың себебін байқау үшін қандай санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргізу керек: Жауап: Топырақ пен суды санитарлық - гигиеналық зерттеу керек Есеп:Студенттердің ауыз қуысына және тістеріне профилактикалық бақылау жүргізгенде төмендегі белгілер байқалады:тістің эмалі қоңыр түсті дақтармен қапталған, эрозирленген деффектері бар. Тіс өзгерісінің себебін көрсетіңіз: Жауап: Ауыз суда фтор құрамы жоғары болып флюорозды шақырған. Есеп:Кентау қаласының тұрғындарында тіс кариесінің жоғарғы дәрежесі байқалады. Осы патологияның себебін көрсетіңіз: Жауап: Тағамдық азықтарда фтор жетіспейді. Есеп:Аудиторияда табиғи желдету болып,қыста лекция соңында ауаның температурасы 24градус С(лекцияға дейін 19градус С) ауа ылғалдылығы 76%(лекцияға дейін 58%) көмір қышқыл газының құрамы 0,16%. Аудиториядағы ауа ортасына және желдетуіне гигиеналық баға беріңіз: Жауап: Қосымша кондиционер қосу керек. Есеп:Жарақат алғаннан кейін мәжбүрлі сойылған сиыр еті лагердің асханасына келтірілді. Ветеринар бақылаудың етті тарату туралы анықтамасы бар. Етте фиолет клеймасы бар. Сойылғанына 3 күн болды. Еттің түсі қанық-қызыл,кесілген беті жылтырақ,ылғал,иісі жаңа,жағымды,майы ақ,қатты. Еттің жаңа сапалығын бағалау үшін қандай зерттеу жүргізіледі: Жауап: Жаңалығын анықтау үшін химиялық зерттеу жүргізіледі. Есеп:20 градус С температурада сүттің тығыздығы 1,038 майының құрамы 2,8%,қышқылдығы 18%. Сүттің сапасына гигиеналық баға беріңіз Жауап: Сүт тамақтану үшін жарамды, бірақ сапасы төмен Есеп:Қайсысы тағамдық азықта кальций тұзы көп болады? 0,3л сүт, 0,5кг ет,300г нан Жауап: 0,3 л сүт Есеп:Лагерде балаларға каша,нан, консерва берілді. Банкілердің сыртқы көрінісінде байқалады:кейбір банкілер майысқан, түбі ісінген,саусақпен басқанда ішке қарай бүгіледі және өз қалпына бірден келмейді. Татталмаған , банкілер техникалық маймен майланған. Майысқан консервалардың сапасын бағалау үшін қандай зерттеулер жүргізіледі: Жауап: Банкілердің герметикалығын анықтау. Есеп:Сүтке лабораториялық зерттеу жүргізгенде сүттің тығыздығы 1,018болды. Сүттің тығыздығын бағалаңыз Жауап: Сүттің тығыздығы төмен,яғни сүтке су қосылған Есеп:Инструментальды цехте шудың деңгейі 97ДБ,шудың деңгейін төмендету мақсатында қорғаныстық сайманның қай түрін қолданамыз: Жауап: Мақтадан жасалған тампондар,резиналы «втулка» Есеп:Цехте шу деңгейі 100ДБ шуға қарсы күресу үшін 2-4 сағат дыбысты изоляциялайтын «наушник»тер қолдану ұсынылды. Бұл жеткілікті ма? Жауап: Жеткілікті Есеп:Шудың деңгейі 102ДБ болса организмге қалай әсер етеді: Жауап: Есту органы, орталық нерв жүйесін,қан айналым жүйесін зақымдайды. Есеп:Терезе есіктері жабық оқу бөлмеде 90минут желдетілмей сабақ өтілді, нәтижеде студенттердің бастары айналып, көңілі айнып,әлсізденіп жұмыс істеу қабілеті төмендеп кетті. Ауа құрамындағы қайсы газдың мөлшері көбейгенін табыңыз: Жауап: СО2 – көмірқышқыл газы – 2-4% Есеп:Жаздың күні арық суына шомылған бір топ балалар арасында ауру басталып кетті,балалардың іштері ауырып, әлсізденіп,көңілі айнып,нәжістері сұйықталып күніне 5-6 ретке дейін барды. Балалар қандай ауруға шалдыққанын табыңыз: Жауап: Іш сүзегі Есеп:Инфекциялық бөлімге келесі шағыммен науқас түсті: көз алдында тұмандық пайда болу,адамдардың екеу болып көрінуі,жұтынудың қиындауы,ауыздың құрғап,қабақтың түсуі. Анамнезінде үйде дайындалған консерва жеген анықталды. Дәрігер ботулизмге күдіктенген.Диагнозды анықтау үшін қандай лабораториялық зерттеу жүргізу керек: Жауап: Консерва қалдықтарын ботулизм токсиніне зерттеу керек Есеп:СЭС – тің лабораториясына халық N9 магазиннен алған нандары сапасыз екеніне шағым жасайды. Лабораториялық зерттеу нәтижелері:нанның жұмсақ жері жабысқақ, ылғал, иісі пісіп кеткен қауындық иісі.Нанның сапасына гигиеналық баға беріңіз Жауап: Нан,картоп ауруымен зақымдалған,жеуге рұқсат етілмейді Есеп:Лабораториялық зерттеу нәтижелері төмендегідей: лас ағынды суды зарарсыздандырғаннан кейін хлор қалдығы 2мг/л құрайды. Хлорлаудың эффектілігін бағалаңыз: Жауап: Хлорлау эффектілі жүргізілген Есеп:Суда нитриттердің мөлшері 0,002мг/дм куб асатын болса, келесі туралы мәлімет береді. Жауап: Судың үзақ уақыттан бері ластануы туралы Есеп:Суда аммиактың,нитриттың және нитраттың бір мезгілде болуы келесі туралы мәлімет береді Жауап: Судың тұрақты ластануы туралы Суда нитрит және нитрат мөлшерінің жоғарылауы төмендегі туралы мәлімет береді. Жауап: Судың қазіргі кезде ластанудан тоқтауы Есеп:Суда аммиактың мөлшері 0,1мг/дм куб жоғары болса келесі туралы мәлімет береді Жауап: судың жаңа ластанғаны туралы Есеп:Суда аммиак және нитриттердің болуы келесі туралы мәлімет береді Жауап: Тұрақты әсер етуші ластау көзінің жақын арада пайда болуы Есеп:Үш дәрістен кейін жүргізілген зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегідей:ауаның температурасы 25градус С,ылғалдылығы 70%, көмірқышқыл газының 0,18%,желдетуге гигиеналық баға беріңіз Жауап: Желдету эффектілі жүмыс істемейді Есеп:Сүтке лабороториялық зерттеу жүргезінде сүттің тығызды 1,037 болды. Сүттің тығыздығын 1,037 болды . Сүттің тығыздығын бағалаңыз Жауап: Сүттің тығыздығы жоғары,қаймағы алынған немесе сүтке сода,крахмал қосылған Есеп:Қара нанның ылғылдығы 54% қуыстығы 42% қышқылдығы 11%.Нанның жұмсақ жері жабысқан ,ылға л.Нанның сапасына гигиеналық баға берініз Жауап: Шартты жарамды, кептіргеннен кейін (сухари) қолдануға болады Есеп:Қайнатпалы шұжыққа органолептикалық зерттеу жүргізгенде байқалады : сыртқы көрінісі өзгермеген , сыртқы қабығы сұр түсте ,ылғал,иісі мен дәмі қышқыл , фарш сұр түсте біркелкілі ,конс истенциясы тығыс емес.Ас тұзы 2%, нитриттар 0,005% , ылғалы 75%, крахмал 2,5% . Қайнатпалы колбасаның сапасына баға беріңіз Жауап: Шартты жарамды,термикалық өңдеуден кейін қолдануға жіберіледі Есеп:Ливерлі шұжықты органолептикалық зерттегенде байқалады :сыртқы қабығы , ылғал , фаршқа тығызтип тұрмайды , кескенде фарш көгерген , иісі , дәмі қышқыл .Ливерлі шұжықтың сапасын бағаланыз: Жауап: Шұжық сапасыз,қолдануға жарамсыз Есеп:10см куб сүтті титрлеу ушін 2 см куб 0,1 Н сілтілі ерітінді тежелген . Мүндай жағдайда сүттің қышқылдығы қанша болады? Жауап: 20 градус Т Есеп:25г бидай ұнда клейковинаны анықтағанда жуылған клейковинаны салмағы 5.8г болды формула бойынша есептегенде клейковина құрамы 23.2% құрайды.Клейковина құрамына гигиеналық баға берініз Жауап: Ұн тамақтануға жарамды,бірақ сапасы төмен |