Қауіпсіздік ереже. Жазы демалыс кезіндегі балаларды мір ауіпсіздігі жайлы олхат
Скачать 16.08 Kb.
|
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы қолхат Құрметті ата-аналар! Сізден балаңыздың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұраймыз және ескертеміз. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері: 1) Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға,олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды қамтамасыз етуге. 2) Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту. 3) Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру. 4) Демалыс мезгілінде кешкі 22.00-ден кейін далада жүрмеуге; жолда, көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру. 5) Ауылды мекендерде орналасқан ойын сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан т.б) мектеп тоқушыларының баруға болмайтыны туралы,тыйым салынатынын ескертіп отыру. 6) Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру. 7) Теріс діни ағымдар ықпалына түспеу жолдарының бірі белгісіз сайттарға кірмеу; тегін ұсынған газет,журналдар,кітаптарды бөтен адамдардың қолынан алмау керектігін ескертіп отыру. 8) Компьютерді пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз. 9) Жасөспірімдерді дүкендерге спирттік ішімдік, темекі сатып алуға жұмсамаңыз. 10) Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау, жәбірлеу жолдары, өзіне қол жұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам, соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау ,жылы сөйлеу,назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал етеді. Аталған нұсқаулықтардың орындалуы, талаптардың қатаң сақталу жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі. Таныстым:___________________________________ ____________ ______________(ата-ананың аты-жөні) (қолы) (күні) Сынып жетекшісі: _____________ ________________________ (қолы) (аты-жөні) |