Стандарт жедел жәрдем. Стандарттар жедел жәрдем. Жедел жрдем циклы бойынша стандарттары кпеден ан кеткен кезде жедел кмек
Скачать 132 Kb.
|
«Жедел жәрдем» циклы бойынша стандарттары Өкпеден қан кеткен кезде жедел көмек Өкпеден қан кету себебі-өкпен туберкулезі, өкпенің ісіктері, қабырғ сынуы кезіндегі, кеуде жарақаты кезіндегі өкпе жарақаты болуы мүмкін. Пациент жөтелген сайын қан қақыратынына шағым айтады. Мақсаты: пациенттің қанын тоқтату, дәрігерге жеткізу. Керекті құралдар: хлорлы кальций10%-10—20 мл, викасол ерітіндісі -1%-5-6 мл. Тактика: -пациенттің кеуде жағын көтеріп шалқайтып отырғызады, зақым келген жағына қарай аздап еңкейтіп жатқызса, бұл қанның сау өкпеге кетпеуіне жәрдемдеседі. -зақым келген жағына мұзды мұйық қояды. -пациентке мұз кесектерін жұтқызса, тамырлары рефлекторлы түрде спазм болуы мүмкін. -пациенттің жөтелуін тыйғызбау керек, қанша қан шықса да. - көк тамырға хлорлы кальций10%-10—20 мл, бұлшық етке викасол ерітіндісін -1%-5-6 мл егеді. Ауруханаға жеткізеді (жағдайына, диагнозына қарай). Асқазаннан қан кеткен кезде жедел көмек Асқазаннан қан кету себебі –асқазан ойық жарасы, бауыр циррозы, асқазан рагы , гастрит болуы мүмкін. Шағымы: әлсіздік, тоңу, басы айналу, жүрегі айну, құсу. Клиника: кенеттен құсық пайда болады, түсі "кофе қоюы" тәрізді. Құсық алдында жүрегі айну және ауырсыну болмайды. Асқазаннан қан көп кеткенде құсықтың түсі алқызыл болуы мүмкін. Қан өңештен кететін болса, қан шие түстес болуы мүмкін. Құсық бір рет немесе көп рет болуы мүмкін. Қан құсу басталғаннан кейін 8-12 сағат өткен соң, мелена – қара сұйық ұлы дәрет пайда болады. Мелена 200 мл-ден артық қан кеткенде болады. Асқынуы: геморрагиялық шок (1,5л және бұдан да артық қан кетсе), анемия. Керекті құралдар: оттегі20-30% , физиолог. ерітінді - 500мл к/т, полиглюкин 6% -500мл к/т, ε-аминокапрон қышқылы-200мл к/т. тамшылатып. Дицинон (этамзилат) 12,5% 2-4мл к/т +15-20мл физерітінді., викасол 1%- 2мл б/е. Тактика:-пациентті шалқасынан жатқызады, А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін, температурасын қарайды. -эпигастрии тұсына – мұзды мұйық қояды. -оттегі20-30% , -физиолог. ерітінді - 500мл к/т, -полиглюкин 6% -500мл к/т, -ε-аминокапрон қышқылы-200мл к/т. тамшылатып. -Дицинон (этамзилат) 12,5% 2-4мл к/т +15-20мл физерітінді., - викасол 1%- 2мл б/е. Демікпе ұстамасында жедел көмек Себебі-аллергендер. Шағымы: түнде жөтелу, тынысы қиындау, кеудесін қысып тұрғандай болу, сырылдың қайталауы. Клиника:құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.Симптомдары бронходилятаторлар мен қабынуға қарсы препараттар қабылдағанда жойылады. Мақсаты: демікпе ұстамасын жою. Керекті құралдар: Бекламетазон аэрозоль 200 доз, ипратропия бромид аэрозоль 100 доз, Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; раствор для небулайзера 20 мл. Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг. Фенотерол аэрозоль 200 доз.Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл. Преднизолон, раствор для инъекций 30мг/1 мл.Буденосид 100 мг, аэрозоль Ипратропия бромид 21 мкг+фенотерола гидробромид 50 мкг Сальметерол+флутиказон 25мкг/50 мкг120доз, 25/125 мкг/120 доз, 25/250 мкг/120 доз аэрозоль (ДАИ), 50мкг/100 мкг 60доз, 50/250 мкг 60 доз, 50/500 мкг 60 доз порошковый ингалятор Тактика: Жеңіл ұстамада -бронхолитик-сальбутамол + ипратропия бромид небулайзер арқылы. Егер ұстама кетпесе, -20 минуттан кейін ингаляцияны қайталайды, Орташа дәрежедегі ұстама болса — сальбутамол мен ипратропия бромидке пульмикорт (будесонид) қосып береді. Егер ұстама кетпесе, 20 минуттан соң ингаляцияны қайталайды. Ауыр ұстама болса- сол препараттарды қолданады + адреналин т/а егеді. Егер тыныс тарылып тоқтау қауіпі болса, қосымша гормоналдық препараттар егеді. Гипертониялық криз кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: қан қысымын нормаға дейін төмендету. Керекті құралдар: нифедипин, клофелин, каптоприл, магнезий сульфаты 25%-10,0 Тактика: пациенттің бас жағын көтеріңкі жатқызады. Әр 15 минут сайын тыныс жиілігін, пульсін, А/Қ бақылайды. Пероральды гипотензивті дәрілер ( бір препараттан бастайды: нифедипин, каптоприл, пропранолол, бисопролол, метопролол) береді. Қан қысымын бастапқы мәнінен 15-25% -ға біртіндеп төмендету 12-24 сағат ішінде болуы тиіс. . Мидың тамыр кедергісін азайту үшін - винкамин 30 мг беріледі. Систолдық және диастолдық қан қысымдары қатар көтерілгенде: · Каптоприл (ингибитор АПФ) – сублингвально 25 мг; · Нифедипин - сублингвально 10-20 мг. Жүрек ұстамасы кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты:ұстаманы жою, пациенттің жағдайын жеңілдету. Керекті құралдар: оттегі, нитроглицерин тб, лазикс 2,0 к/т, морфин 1% -1,0 к/т не б/е, гепарин 5000 ед +10 мл 0,9% физ.ерітінді. Тактика: 1.науқастың көңілін аулап, оның ойын бөлуге тырысу керек, шалқайтып отырғызып аяғын төмен түсіру керек 2. жүрекке вена арқылы қан аз барып құйылуы үшін екі қолға, бір аяққа, яғни қатарынан үш бұраманы бірдей байлау керек. Содан соң арада 15-20 минут өткен соң бұрамын ауыстырып отырады. 3. Дымқыл оттегі береді. 4. Нитроглицерин 1 тб тіл астына. 5.Лазикс 2,0 көк тамырға. 6.Морфин 1% -1,0 к/т не б/е. 7.Гепарин 5000 ед +10 мл 0,9% физ.ерітінді. Миокард инфарктісі кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: физикалық және эмоционалды тыныштандыру, ауырсынуын басу. Керекті құралдар: оттегі, нитроглицерин тб, ацетилсалицил қышқылы тб, фентанил 2,0, Стрептокиназа 150 000 мб к/т, преднизолон. гепарин 5000 ед +10 мл 0,9% физ.ерітінді к/т. Тактика: қатаң төсек режимі. нитроглицерин 1 тб немесе аэрозоль 0,4-0,5 тіл астына беру, көмектеспесае 3-5 минуттан соң қайталайды: изокет –аэрозоль 1-2 доза, тиімділігі болмаса- қайталайды. 325 г.ацетилсалицил қышқылы шайнап жеуге болады, егер систолдық қан қысымы 100мм с.б.б. жоғары болса. Ылғалды оттегі береді.. Морфин 1,0 мл -2-4 мл к/т бөліп егу. Фентанил 2,0 мл +10 мл натрий хлорид ерітіндісінде к/т. Наркотикалық анальгетик болмаса-трамадол-50-100 мг баяу к/т. Преднизолон 30 мг к/т егілген соң. Стрептокиназа 1 500 000 Бірл Актилизе 90 минут бойы үш рет бөліп егеді, 15 мг; к/т- 50 мг 35 минут бойы, және 35 мг к/т 60 минут. Гепарин 5000 Бірл. Өкпе артериясының тромбоэмболиясында жедел көмек стандарты Мақсаты: өмірлік маңызды органдар мен жүйелердің функциясын қалпына келтіру. Керекті құралдар: Гепарин 5000 ЕД, амп, Стрептокиназа 1500000 МЕ, фл варфарин 2,5 мг, табл, преднизолон 30 мг, амп, натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл. кеторолак 30 мг – 1,0 мл, амп. Тактика: 1. антикоагулянттық терапия: - гепарин 5 000 МЕ к/т ағызып; -варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы 160-325 мг шайнап жеуге. 2. Міндетті түрде тромболитикалық терапия: - к/т ағызып 60-90 мг преднизолон еккен соң — стрептокиназа 250 000 МЕ к/т тамшылатып- 30 мин, содан кейін 1 250 000 МЕ тамшылатып 100 000 МЕ/сағатына. - алтеплаза (актилизе) 15 мг в/в болюсті, содан соң 0,75 мг/кг - 30 мин, содан соң 0,5 мг/кг -60 мин. бойы. 3. Гипоксияға қарсы –оксигенотерапия. 4. Ауырсынуға қарсы: - морфин 1 мл 1% + 20 мл 0,9% натрий хлориді к/т 4-10 мл-ден әрбір 5-10 мин сайын. немесе фентанил 1-2 мл 0,005% - (0,05-0,1 мг); – кеторолак к/т 30 мг (1,0 мл). 5. Ауруханаға салу. Травмалық шокта жедел көмек Мақсаты: өмірлік маңызды жүйелер мен органдардың қызметін қалпына келтіру. Керекті құралдар: артериялық жгут, атропин 0,1%-1,0; 2 мл 1% димедрол; 2 мл 0,5% диазепам (реланиум, седуксен); 1 мл 5% кетамин, оттегі, шиналар, полиглюкин, стабизол, 0,9 % натрий хлоридін, 5% глюкозы-400,0, полиионды ерітінділер – дисоль, трисоль, ацесоль құйған дұрыс. Тактика: 1.Уақытша әдістермен сыртқа кеткен қанды тоқтату (тығыз тампондау, басып қысатын таңғыш таңу, артерияны саусақпен басу, жгут таңу және т.б.). 2. Анальгезия: 1-ші нұсқа – к/т 0,5 мл 0,1% атропин, 2 мл 1% димедрол, 2 мл 0,5% диазепам (реланиум, седуксен), содан кейін баяу 0,8-1 мл 5% кетамина (калипсол). Бас пен мидың ауыр зақымдары кезінде – кетамин егуге болмайды! 2-ші нұсқа – к/т 0,5 мл 0,1% атропин, 2-3 мл 0,5% диазепама (реланиум, седуксен) және 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісі. 3. Оттегі ингаляциясы. 4. Тасымалдау иммобилизациясы. 5. Кеткен қанның орнын толтыру. АҚ анықталмаса -к/т 6% полиглюкин-400,0. (стабизол, рефортан, HAES-steril). (5-7 минуттан кейін АҚ -90 мм сб.б. деңгейге көтерілгені- жақсы әсерді білдіреді). Жеңіл және орташа шок кезінде кристаллоид ерітінді - 0,9 % натрий хлоридін, 5% глюкозы-400,0, полиионды ерітінділер – дисоль, трисоль, ацесоль құйған дұрыс. Егер инфузиялық терапия жүргізу мүмкін болмаса, к/т - допамин – 200 мг + 400 мл 5% глюкоза ерітіндісін минутына 8-10 тамшыдан. 300 мг преднизолон немесе осы топтың аналог препаратын к/т егеді. 4% натрий гидрокарбонаты науқастың дене массасына 3 мл/кг дозада. Коллапс және естен тану кезінде жедел көмек Мақсаты: пациентті қалпына келтіру. Керекті құралдар: мүсәтір спирті, кордиамин, коффеин. Коллапста- полиглюкин, мезатон, норадреналин. Естен тану кенеттен болған ми анемиясының белгісі. Психикалық травмада, интоксикацияда т.б. кездеседі. Коллапс жүрек-тамыр жетіспеушілігінің белгісі. Қан қысымының күрт төмендеуінен болады. Шағымы: естен тану кезінде пациенттің басы айналады, жүрегі айниды, санасы тұманданып, есінен танады, баяу құлайды. Бірнеше секундқа жалғасуы мүмкін. Коллапс кезінде пациенттің тынысы тарылып, әлсіздік болады. Санасынан айырылуы да, айырылмауы да мүмкін. А/Қ төмен, пульсі жиі, әлсіз болады. Құрысу-тырысу симптомдары, аритмия болуы мүмкін. Интоксикация, қан кету, дәрінің дозасын артық ішу кезінде, созылмалы аурудың белгісі ретінде де болады. Тактика: -пациентті тегіс жерге шалқасынан көпшіксіз, аяқ жағын көтеріңкі жатқызады. -естен танса, мүсәтір спиртін немесе иісі күшті нәрсені иіскетеді, бетіне салқын су шашады. -1,0 мл коффеин немеес 2,0 мл кордиамин егеді. -коллапс болса, к/тамырға полиглюкин, кордиамин сульфокамфокаин егеді. Коллапстан шықпаса, ауруханаға салады. Бүйрек ұстамасында жедел көмек стандарты Мақсаты: ұстаманы тарату, пациенттің жағдайын жеңілдету. Керекті құралдар: трамадол, баралгин 5,0 мл, жылы грелка. Тактика: -беліне 50-60 ° жылы грелка басады немесе 40° температурадағы жылы ванна қабылдайды(инсульт алған болса, жылу басуға болмайды). -баралгин (спазмалин) 5мл к/т баяу, жатқызып, А/Қ өлшеп отырып егеді. Егер кетпесе, -трамадол (трамал) 2мл + 8мл физерітіндіде к/т . Кетпесе, ауруханаға салады. Аллергиялық реакциялар (есекжем,Квинке ісігі) кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: аллерг.реакцияны жою, пациенттің жағдайын жеңілдету. Керекті құралдар: супрастин тб немесе 2% -2 мл., преднизолон 30-60 мг немесе дексаметазон 4-12 мг. Тактика: есекжем кезінде: - супрастин тб, көмектеспесе - 2% -2 мл., -бірнеше сағаттан соң адсорбент қабылдауға болады. -ауыр түрінде - преднизолон 30-60 мг немесе дексаметазон 4-12 мг. Квинке ісігінде: осы дозалар екі есе түрінде беріледі.Ауруханаға салынады. Жарақаттанулар, қан кетулер кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: ауырсынуын басу, қанын тоқтатып, жараны асепттикалық жабу, дәрігерге көрсету. Керекті құралдар: аналгин, баралгин, димедрол немесе диазепам, стерильді таңу салфеткалары, инструменттер, 3% асқын сутегі тотығы немесе фурацилин ер-сі, спирт 70% немесе 5%спирттелген йод, левомекол немесе левомицетин майы, пинцет, қайшы, лоток. Тактика: 1.жараның қанын тоқтатады, артериядан кетсе, жгут таңады. Анальгетик береді. 2. Стерильді шарикпен жараның айналасын құрғатады, содан соң 2 рет айналасын спиртпен сүртеді. 3. Жараны 3% асқын сутегі тотығы немесе фурацилин ерітіндісімен дымқылдайды, бетіне салфетка жабады, немесе левомекол немесе левомицетин майы жағылған салфеткамен жабады.Сыртынан тағы да салфетка жабады. Барлығы 3 қабаттан кем болмауы тиіс. 4.Пайдаланған материалды лотокқа салады. 5. Жараның бетіндегі салфетканы пластырмен немесе бинтпен бекітеді. 6. Жара үлкен болса, иммобилизация жасау қажет. 7.Жарақат пунктіне жеткізеді. Кеуде зақымдары кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: кеудені тесіп өткен жараны герметикалық түрде жабу, ауырсынуын басу, шокқа қарсы терапия жасап, дәрігерге жеткізу. Керекті құралдар: аналгин, баралгин, димедрол немесе диазепам, стерильді таңу салфеткалары, инструменттер, спирт 70% немесе 5% спирттелген йод, ауа өткізбейтін материал, бинт, пинцет, қайшы, лоток. Тактика: 1.Жараның бетін әуелі салфеткамен, содан соң ауа өткізбейтін стерильді материалмен жабады. Айналасын спиртпен сүртеді. 2. Пациентті шалқайтып отырғызады. 3. Анальгетик егеді. 4.Шок болу қаупі болса, көктамырға физ,ерітінід тәрізді сұйықты қояды. 5.Пайдаланылған материалдарды лотокқа салады. 6.Ауруханаға салады. Іш бүлігі кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: дер кезінде ауруханаға жеткізу. Керекті құралдар: мұзды мұйық, полиглюкин -200 немесе 400 мл, этамзилат 12,5%-2-4 мл. Тактика: 1. Аштық диета. 2. Ішіне мұзды мұйық басады. 3. Асқазан-шектен қан кету күдігі болса: этамзилат 12,5% - 2-4 мл к/т немесе б/е. 4. Асқазан-шектен қан кету кезінде гемодинамика нашарласа, (АҚ төмендесе, тахикардия болса): - полиглюкин (реополиглюкин) к/т тамшылатып АҚ 90 - 100 мм с.б.б. деңгейге жеткенше тамызады. 5. Хирургия бөлімшесіне зембілге жатқызып, жеткізеді. . Асқазан-шектен қан кетсе, бас жағын төмендетіп жатқызады. Бас сүйегі мен ми зақымдарында жедел көмек Мақсаты: бас сүйегі мен ми зақымдары асқынуларының алдын алу. Керекті құралдар: трамадол (кеторолак), ауа өткізгіш түтік, стерильді салфетка, бинттер, жақ ашқыш, тілқысқыш. Тактика: 1. Санасы болмаса және құсса – қырын қаратып тұрақты жатқызады, бұл жағдай құсықтың еркін ағуын жеңілдетеді. 2. Қозу, құрысып-тырысу синдромында – атропин 0,1% еріт. 0,5-1 мл т/а, диазепам 0,5% еріт. 2-4 мл б/е.. 4. Ауырсыну синдромында – кеторолак немесе трамадол 0,5% раствор 2-4 мл (100-200 мг) б/е. 5. Тынысы бұзылса – ауыз қуысының санациясы, ауа өткізгіш түтік пайдалану. 6. Жарасы болса - асептикалық таңғыш таңады. 7. Ауруханаға жеткізеді. Жедел өлім кезінде шұғыл медкөмек көрсету стандарты Мақсаты: өмірлік маңызды органдардың функцияларын қалпына келтіру. Керекті құралдар: эпинефрин, атропин, амиодарон, 0,9% натрий хлориді еріт. 4% натрий бикарбонаты, лидокаин. Диагностикалық шаралар: 1) санасын анықтау; 2) ұйқы артерияларыннан пульсті анықтау; 3) 10 сек. Бойы тынысын анықтау. Тактика: Қысып тұрған киімдерін, белбеуін босатады. Қатты тегіс жерге жақызады. Аяқтарын 30-40° -қа көтерсе, қанның жүрекке қайтуы артады. Ауыз қуысын тазаалайды. САВ реанимация бағдарламасы: С стадиясы: Төс сүйегіне компрессия жасайды (1 мин. 100 рет. 18-20секундта 30рет). А стадиясы: Сафардың үштік әдісін орындайды: Басын кері шалқайтады. Астыңғы жағын ілгері жылжытады. Ауызын ашады.. В стадиясы: «Ауыздан ауызға», немесе Амбу қапшығымен өкпелеріне - 2 рет терең үрлеп дем береді. 30 компрессия 2 тыныс үрлеу 1 цикл деп аталады. 5 цикл 2 минуттай уақыт алады. 5 циклды 1 период деп атайды. 1 периодтан соң 10-15 минут стоп-анализ үзілісі жасалады. Осы уақыт ішінде пациенттің жағдайын бағалайды, яғни пульсін, тынысын тексереді және құтқарушылар орын алмастырады. Тірілту шарасын қарапайым құтқарушылар (кездейсоқ адамдар) жедел жәрдем бригадасы келгенше тоқтатпайды. Егер жедел жәрдем бригадасы келсе, олар дефириллятормен жүрегіне разряд беріп, компрессия жасайды, дәр егеді. Дәрілері: адреналин (эпинефрин) (0,1%) к/т 1,0 мл (1 мг) +10 мл NaCl еріт. 10 % лидокаин 1,5 мг/кг. Босану кезінде жедел көмек стандарты Мақсаты: босануға жәрдемдесу, асқынулардың алдын алу. Керекті құралдар: босандыруға арналған комплект (2 зажим, 1 қайшы), 2 жаялық, мақта шариктері, бір реттік жаймалар, антисептік ертінділер, резин қолғап. Тактика: 1. босанушы әйелді шалқасынан, немесе нәрестенің арқасы қараған қырына жатқызып, аяқтарын тізеден, жамбас буындарынан бүгіп, кең ашып жатқызады. 2.Толғақ ұстаған кезде әйелді ұзақ, қатты күшендіреді. Баланың басы жыныс саңылауынан толық шыққанша, ешқандай әрекет жасамай, шыдамды күтеді. 3.Бала басы туылған соң, құлақ – самай тұстарынан екі алақаныңмен ұстап (ұйқы артериясын қысып қалмай) басын төмен бағыттай жәймен тарту арқылы үстіңгі йықты шығарады. Сосын басты жоғары көтеріп, бұтаралық жақтан астыңғы йықты шығарады. 4.Баланың басын алақан арасында, ал сұқ саусақтарыңда нәрестенің қолтық астына салып, тұлғаны суырып шығарады. 5.Осы кезде әйел санының бұлшық етіне 2 мл окситоцин егіледі. 6.Баланы стерильді жаймаға орап алып үстін құрғатып, анасының бауырына салады және анасының бауырында, бірінші жаймасын екінші құрғақ жаймаға ауыстырады. 7.Кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта (нәресте тізесінің тұсынан) бір зажим, одан 2 см кейін, екінші зажим салады. Екі зажим аралығын салфеткамен жауып тұрып, астынан кіндікті қияды. 8.Баланың жолдасы тууына көмектеседі. 9. Босанушы әйелді, жылы ораған баласын және баланың жолдасын перзентханаға алып барады. Дене бөліктерінің термиялық және химиялық күйіктері кезінде жедел көмек Мақсаты: күйік шогының профилактикасы, анальгезия, жараны инфекциядан қорғау. Керекті құралдар: тарамадол, анальгин 50%, күйіке қарсы аэрозоль, стерильді күйік пакеттері, глюкоза 5% ерітіндісі, немесе реополиглюкин. Тактика: -термиялық күйіктер кезінде– күйген тұсын (t 20-25 °C) салқын сумен 10 мин. бойы салқындату керек; -химиялық күйік кезінде – химиялық агрессивті сұйық қалдығын күшті ағынды судың астында 30 мин. бойы жуады (тек сөндірілмеген әктен болған күйік кезінде сумен жууға болмайды!). -анальгезия үшін трамадол 100-200 мг к/т (б/е) немесе анальгин 50% ер. 2-4 мл б/е. Наркотикалық аналгетик егуге кеңес берілмейді; - күйген жара бетін күйікке қарсы аэрозольмен өңдейді -асептикалық (стерильді) таңғыштар немесе жара үлкен болса стерильді жаймаға орайды; -тыныс жолдары күйсе, сыртқы тынысын бақылайды, көмекейі ісініп, тұншыға бастаса – трахеостомия жасау керек. -Күйік шогы басталса, қосымша: глюкоза 5% еріт. немесе реополиглюкин к/т, сағатына 2 л ересектерде немесе сағатына 0,5 л балаларда. Жабық зақымдар мен буындар шығуы кезінде жедел көмек Мақсаты: анальгезия, стационарға жеткізу. Керекті құралдар: тасымалдау шиналары. Тактика: -науқастың жалпы жағдайын (кеуде торының, іш қуысының, басы мен миының бар-жоғын) анықтау; -зақымдалған тұсын қарау; -пульсі мен артерия қысымын (АҚ) бақылау. -беткі зақымдар кезінде – салқын компресс басып, жырылған тұстарын спиртпен өңдеп, асептикалық таңғышпен жабады. -буын-байлам аппараты зақымдалып, буыны шықса – анальгин 50% еріт. 2-4 мл б/е; -буын шығу нәтижесінде қисайған сүйекті сол күйін өзгертпей тасымалдау шиналарымен бекітеді. –қол-аяқ сүйектері жабық сынған кезде: – анальгин 50% ерітіндісі 2-4 мл б/е немесе трамал 100-200 мг б/е. Шокқа қарсы шаралар: –полиглюкин (реополиглюкин) 400 мл к/т . Алғашқы көмек көрсеткен кезде шыққан буынды орнына салуға болмайды. Мойын омыртқа тұсына зақым келсе Шанц шинасымен немесе қолдан жасалған шинамен, мысалы Крамер шинасымен иммобилизация жасайды, қалған жағдайда жалпы ереже бойынша тасымалдайды. Иық сүйегінің (тоқпан жіліктің) шығуы кезінде жедел көмек Мақсаты: анальгезия, иммобилизация, буынды орнына салу үшін дәрігерге жеткізу. Керекті құралдар: Кетонал еріт. инъекция үшін -100 мг/2 мл амп. немесе трамадол еріт. инъекция үшін 50 мг/1 мл амп., спирт, таңу материалдары, артериял.жгут, мұзды мұйық. Тактика: Кетонал (тарамадол) 1-2 мл б/е; Жарасы болса: артериял. жгут салып, жараға асептик. таңғыш таңады. Қолды үшбұрыш орамалмен иммобилизация жасайды. Иық буынына мұзды мұйық басады. Травмпунктке жеткізеді. Тыныс жолдарына тағам немесе бөгде зат түсу салдарынан механикалық асфиксия болған кезде жедел көмек Мақсаты: өлімді болдырмау, тынысын қалпына келтіру және науқастың жағдайын жақсарту. Керекті құралдар: пинцет, скальпель немесе трахеостомиялық инструменттер жинағы. Тактика: Жұтқыншағына бөгде зат тұрып қалса – саусақпен немесе корнцангпен алып тастауға тырысу қажет. Көмекейге, трахеяға, бронхыға бөгде зат тұрып қалса – санасы болса арқасынан ұрып немесе демін ішіне терең алған кезде диафрагма- іші тұсынан соққы беріп (Геймлих амалы) алуға тырысады. Нәтиже болмаса -трахеостомия. Ауруханаға жеткізу. Бұғана сүйегі сынуында жедел көмек Мақсаты: травмалық шоктың алдын алу, қанын тоқтату, егер артериядан қан кетсе, жарасын инфекциядан қорғау, травмпунктке жеткізу. Керекті құралдар: артериялық жгут, таңу материалдары, бинт, үшбұрыш орамал, трамадол. Тактика: 1) артериядан қан кетсе, жгут салады; 2) тарамадол 1мл б/е. 3) жарасы болса, асептикалық таңғыш таңады; 4) Дезо таңғышы, немесе үшбұрыш ормалар байлайды. 5) отырған немесе жатқан қалпында тасымалдайды; Ортан жілік сынуында жедел көмек Мақсаты: ауырсынуын азайту, бұдан әрі зақымдалмауын қадағалау. науқасты тасымалдауға дайындау. Керекті құралдар: Дитерихс, Крамер шиналары, таңу материалдары, мұзды мұйық. Кеторолак. Трамадол 50 мг/1мл. Декстран 70 – 200-400,0. Натрия хлорид 0,9% – 500,0 Техника: - анальгетик – кеторолак 1 мл/30 мг б/е; -наркотикалық анальгетик – трамадол 50 - 100 мг к/т, немесе морфин; - ашық сынық болса – қанын тоқтату (басып қысатын таңғыш, жгут салу), стерильді таңғыш таңу керек. - тасымалдау иммобилизациясы: Дитерихс, Крамер шиналары. Жамбас, тізе, тобық буындарын бекітеді. - зақым тұсына мұзды мұйық қояды. - шок байқалса –инфузиялық терапия – натрий хлориді 0,9% – 500,0-1000,0; Иық сүйегінің сынуында жедел көмек Мақсаты: травмалық шоктың алдын алу, қанын тоқтату, жара инфекциясын болдырмау, ауруханаға жеткізу. Керекті құралдар: Крамер шинасы, таңу материалдары, үшбұрыш орамал, мұзды мұйық. Кеторолак. Трамадол 50 мг/1мл. Декстран 70 – 200-400,0. Натрий хлориді 0,9% – 500,0 Тактика: - анальгетик – кеторолак 1 мл/30 мг б/е; -ашық сынық болса – қанын тоқтату (басып қысатын таңғыш, жгут салу), стерильді таңғыш таңу керек. - тасымалдау иммобилизациясы: қолтық ойығына валик салады, содан соң Крамер шинасымен немесе Дезо таңғышымен, үшбұрыш орамалмен бекітеді. - жарадан шығып тұрған сүйек сынықтарын түзетуге, орнына салуға болмайды! Іштің жабық зақымдары, іштің ашық зақымдарында жедел көмек Мақсаты: қанын тоқтату; айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру; инфекцияның алдын алу; зақымдалушының жедел ауруханаға жеткізу. Керекті құралдар: мұзды мұйық, фентанил 0,005% - 2,0 мл, амп; Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, флак. Тактика: 1) асфиксияның алдын алу немесе жою –ауыз қуысы мен мұрнын қан, бөгде заттардан тазалауқажет; 2) іш қабырғасында жара болса, асептикалық таңғыш таңады; 3) іштің жабық зақымы кезінде қан кетіп жатқан белгілері болса, мұзды мұйық қойылады; 4) іштің жарасынан 1-3 шектері немесе шарбы майы шығып тұрса, оларды іш қуысына қайтадан салуға болмайды, ылғалды стерильді салфеткалармен жауып, денесіне қыспай таңып тастайды; 5) анальгезия үшін: 2 мл 0,005% фентанил еріт.+ 1 мл 0,1% атропин еріт.; 6) көк тамырға кристаллоид және коллоид ерітінділер құйса, АҚ нормадан түсірмей ұстауға, шоктың алдын алуға болады; 7) Оттегі иіскету керек. 8) I-II дәрежелі шок пайда болса, к/т 800-1000 мл полиионды еріт. (ацесоль, трисоль, лактасоль); 9) АҚ өте төмендесе, к/т полиглюкин 400,0 мл және пентакрахмал 400,0 мл АҚ 90-100 мм с.б.б. деңгейге жеткенше; 10) Гемодинамика көрсеткіштері инфузияға қарамастан көтерілмесе - допамин 200 мг + 400 мл 0,9% натрий хлориді к/т тез тамшылатып, преднизолон 300 мг к/т. Омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің және жамбас сүйегінің сынуында жедел көмек Мақсаты: өмірлік маңызды жүйелер мен органдардың қызметін қалпына келтіру. Керекті құралдар: қатты зембіл, оттегі, м3,натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, трамадол, диазепам 10 мг 2,0 мл, амп. Тактика: 1.Науқасты қатты тегіс зембілге немесе тақтайға шалқасынан жатқызады. Егер омыртқа доғалары мен өсінділері сынса- етпетінен жатқызады. 2. Жоғарғы тыныс жолдарын тазалау керек. 3.Пульсі мен АҚ бақылау, науқасты жылындыру керек. 4. Көк тамырға физиологиялық ерітінді 0,9% натрий хлориді 1000-1500 мл қояды. 5. Оксигенотерапия. 6. Трамадол 2,0 б/е. Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек Мақсаты: өмірлік маңызды жүйелер мен органдардың қызметін қалпына келтіру. Керекті құралдар: қатты зембіл, оттегі, м3,натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, трамадол, диазепам 10 мг 2,0 мл, амп. Тактика: 1. 1-2% промедол 1-2 мл. 2. Қатты зембілге «бақа жағдайында» (тізе асытан валик қояды) тасымалдау иммобилизациясын жасайды. Жамбасының астына дөңгелек валик салады немесе Крамер шинасымен қысып қояды, бұл ауырсынуын және қан кетуді азайтады. 3.Пульсі мен АҚ бақылау, науқасты жылындыру керек. 4. Көк тамырға физиологиялық ерітінді 0,9% натрий хлориді 1000-1500 мл қояды. 5. Оксигенотерапия. 6. Трамадол 2,0 б/е. |