Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Қандай аурулармендифференциальды диагноз өткізуқажет

  • Билет 18 жауап. Жедел кпеден ан кетуді диагностикалы жне емдеу алгоритмі


    Скачать 21.49 Kb.
    НазваниеЖедел кпеден ан кетуді диагностикалы жне емдеу алгоритмі
    Дата16.07.2020
    Размер21.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБилет 18 жауап.docx
    ТипДокументы
    #134467

    Билет №18

    1. Жедел өкпеден қан кетудің диагностикалық және емдеу алгоритмі.

    Өкпеден қан кету — өкпелік немесе бронхиалдық тамырлардың жарылуына байланысты тыныс алу жолына қанның бөлінуі. žҚан зақымдалған бронхылардың және өкпе тінінің шырышты қабығындағы тамыр қабырғасының зақымдалуынан, өкпеге жақын жатқан ірі тамырлардың аневризмасының жарылуынан, сонымен қатар өкпедегі қанның іркілуіне байланысты диапедез жолымен (зақымдалмаған капиллярлар және ұсақ веналар арқылы қанның формалық элементтерінің шығуы), қанның құрамы өзгерген жағдайда кетеді

    Өкпеден қан кету – бронхтардың қуысына көп мөлшерде қанның құйылуы. Клиникалық тәжірибеде өкпеден қан кету мен қан қақыру деп екіге бөледі. Қан қақыру – қақырықта қан қалдықтарының болуы. Өкпеден қан кету кезінде қан көп мөлшерде жөтелмен шығады. Шығарылған қанның көлеміне байланысты өкпеден қан кетудің түрлері: аз қан кету (100 мл дейін); орташа қан кету (500 мл дейін); көп немесе профузды қан кету (500 мл көп).

    Профузды қан кету адам өміріне қауіп тудырады және оның себептері асфиксия немесе аспирациялық пневмония, өкпелік-жүректік жетіспеушілік. Өкпеден қан кету көбінесе өкпенің сүлелі дерттерінде кездеседі. Одан басқа өкпенің грибоктық, паразиттік пен онкологиялық ауруларында, өкпенің жарақаттанулары мен туберкулезінде, кіші қан айналымында гипертензиясы бар митралды ақауларда және өкпеде жасалған оталардан кейін байқалады. Өкпенің профузды қан кетуі қолқа аневризмасының сол жақтағы ірі бронхқа тесіп өтуі кезінде болады.

    Өкпенің қансырауы әртүрлі ауруларда кездеседі. Шынына келгенде өкпе ауруының бір белгісі деуге болады. Тыныс алуға қатысы бар ағзалар қабыну процесіне ұшыраса (бактерия, вирус, саңырауқұлақ) немесе өзіне тән спецификалық өзгешелігі бар аурулар (туберкулез, мерез) кезінде өкпеден қан кетуі мүмкін. Сонымен бірге өкпе тіні қатерлі ісік ауруына ұшыраса, өкпеде қансырау басталуы мүмкін. Өкпенің қансырауы қайталана берсе, ол – бронхоэктаздық құрғақ түрінің негізгі белгілерінің бірі деп саналады. Өкпеден тоқтаусыз көп мөлшерде қан кету өкпе тіні өлі (гангрена) жағдайына ұшырағанда немесе абсцесстің гангренозды түрінде байқалады.

    Мынандай басқа да ауруларда өкпеден қан кетеді: Өкпеде және бронхылардағы бейспецификалық процестер. Өкпенің туберкулезі және қатерлі ісігі. Өкпе эндометриозы. Өкпеде және бронхыларда бөгде заттардың болуы. Өкпе артериясының эмболиясында. Өкпенің саңырауқұлақты және паразитарлы ауруларында.

    Диагностикасы;

    Анамнез

    • Бронхоскопиялық зерттеу

    • Рентгенологиялық әдіс

    1. Рентгенография

    2. Томография

    3. КТ

    Қан түкірудің ажырату диагностикасы

    • Диагностика 30 жасқа дейінгі әйел кісілерде басқа аурулардың белгісінсіз созылмалы қан түкіру бронх аденомасына күмән тудырады

    • Іріңді қақырықпен бөлінетін қан бөлінділері бронхоэктаздық аурудың болуын көрсетеді

    • Қан түкіру, анорекция, салмақ жоғалту темекі шегетіндерде ісік ауруына күмән тудырады

    • Қан түкіру қатты плевральды ауру сезімімен өкпе инфарктын ойлауымызға мүмкіндік береді.

    Қан кеткендегі алғашқы көмек

    Ем жүргізудің негізгі аспектілері:

    • Науқастың тыныштық қалпында болуы;

    • Жартылай отырған қалыпта;

    • Қан қысымын төмендету (бронхиальды артерия, өкпе артериясы);

    • Қан ұюын жақсарту.

    • Қан қысымын төмендету: 0,05—0,1 % арфонад ерітіндісін в 5 % глюкоза н/се в натрия хлоридінің изотониялық ерітіндісінде тамыр ішіне(30—50 капель в 1 мин). АҚ максималды корсеткіші 90мм.сб.б. болуы тиіс.

    • Өкпе артериясы жүйесінің қысымын төмендету үшін шеткі мүшелерге венозды жгут және тамыр ішіне эуфиллин (5—10 мл 2,4 % раствора эуфиллина разводят в 10—20 мл 40 % раствора глюкозы и вводят в вену в течение 4—6 мин).

    • Қан ұюын жоғарлату үшін 10 % хлорид немесе глюконат кальция ерітіндісін (10—15 мл), фибринолиз ингибиторын — 5 % 100 мл натрия хлоридерітінде ерітіп тамыр ішіне тамшылы.

    Профузды қан кетуден соң айналымдағы қанның жоғалған көлемін толтыру қажет.

    Госпитализацияға қажеттілік

    Өкпеден қан енту ауруханаға жатқызудың абсолюттік көрсеткіш болады. Пациентті отырғызып тасымалдайды, себебі қанға қақалмауы тиіс.

    Стационарда бронхоскопия жасауға , тамырларды контрастты рентгендік зерттеуге және өкпе ауруын хирургиялық әдіспен емдеу қажет.

    2. Науқас Н 66 жаста. Қабылдаубөлімінемынадайшағымдарменкелді: сары-жасылтүстіқақырықтыжөтелге, физикалықкүштемеденкейінентігуге, жалпыәлсіздікке, денетемпературасының 39*Сдейінкөтерілуіне. Қазіргіауруынсуықтауменбайланыстырады. Алғашқы 2 күндеоңжақкеудеклеткасықаттыауруған, ауырсынужазылғаннанкейінентігуболған, оңтарабындаауырлықтысезінген.

    Жалпықарағанда: жалпыжағдайыауыр, терісіылғалды.ТШ-36 р/мин. Кеудеклеткасыдұрыспішінді, оңжақжартысытынысалуактісінеқатысады.өкпеперкуссиясындаоңжақжауырынастыбұрышындақысқарғанперкуторлыдыбысестіледі.Жүректіңсалыстырмалытұйықшекарасықалыпты. Жүрексоғуыритмді. ЖСЖ – 96 р/мин. АҚҚ-110/70 с.б.б. Ішіжұмсақауырсынусыз. Бауырыжәнекөкбауырыұлғаймаған.

    ЖҚА: Нв-96 г/л, эритроциттер-4,0х10*12/л, лейкоциттер-12х10*9/л, таякша ядр-10%, сегм-67% лимф-15%, мон-8%, ЭТЖ-30мм/сағ.

    Кеудеклеткасыныңрентгенографиясы: Кеудеклеткасыныңрентгенограммасындаоңжақтаинтенсивтіқараю. VII қабырғабойыменшектелгенайқыншекараанықталады.

    1.Диагностикалық критерийлердібағалайотырып,жетекшісиндромдынегіздеңіз..


    2.Қандай аурулармендифференциальды диагноз өткізуқажет?

    3.Алғашқы диагнозды қойыңыз.

    4.Жедел жәрдем көрсету тактикасы.

    1. Жетекші синдром:Өкпе тінінің тығыздалу синдромы: өкпенің барлық аумағында тыныс әлсіреген, екі жақтан да жауырын астынан ұсақ көпіршікті сырылдар; Тыныс жетіспеушілігі синдромы: тыныштық күйдегі ентікпе, тері қабаты бозаруы, ТШ – 36р/мин., ЖСЖ – 96р/мин.; Өкпе қабынулық синдром: сары-жасыл түсті қақырықты жөтел; Интоксикациялық синдром: жедел әлсіздік, тершеңдік, дене температурасының 39,°С көтерілуі.

    2. Диф.диагностика:

    • Өкпе инфарктісі;

    • Өкпенің қатерлі ісігі;

    • Өкпе тінінің инфильтративті туберкулезі;

    Осы аталған ауруларда да менің науқасымда кездесетін негізгі синдромдар бар.

    1. Өкпе инфарктісінде алдымен кеудедегі күшті ауырсыну және ентігумен басталады және қанды қақырық түседі. Анамнезінде тромбоз, тромбоэмболиялық жағдайлар кездесетін науқастарда болады. 2. Өкпенің қатерлі ісігінде аурудың біртіндеп басталуы, ұзақ уақыт жөтелу, дауыс тембрінің өзгеруі, қанды қақырық болады және көбіне егде жастағы – 60 жастан асқан, концерогенді заттармен ластанған ауамен дем алған адамдар ауырады. 3. Туберкулез – ұзақ субфебриллитет – 37,6-37,9, дене салмағының төмендеуі, үнемі тершеңдік, қан аралас қақырық, анамнезінде контакт жағдайының болуы: жанұясында туберкулез анықталуы.

    3. Алғашқы диагноз: Ауруханадан тыс дамыған оң жақты пневмония, ауыр ауырлық дәрежесі. ТЖ 2.

    Асқынуы ;Эксудативті плеврит.

    4. Пневмонияға күмән туған жағдайда көп күттірмей науқасты госпитализациялау керек. Көптеген зерттеулер ЖМЖ бригадасының осы жағдайда тез, оперативті әрекет жасауының арқасында летальды жағдайлардың алдын алуға болатынын көрсеткен. Госпитализациялау барысында науқастың жалпы жағдайын,гемодинамикасын бақылай отырып тасымалдаймыз. Тағы бір маңызды мәселе ауруханадан тыс дамыған пневмонияда диагностикаланса, антибактериалды терапияны ертерек бастаудың маңызы зор. Таңдау препаратын науқас жағдайына қарай отырып таңдаймыз.


    написать администратору сайта