№
| Қадамдар
| Әрекет алгоритмі
|
| Алдын-ала болжам диагнозды қойды.
| Шағымдарын, обьективті мәліметтер (АҚҚ, ЖСЖ, ТЖ) мен анамнезіне сүйене «Анафилактикалық шок» этиологиясын, шок дәрежесін (I, II, III, IV, V) және ағым сипатын негіздей отырып болжам диагнозды қойды
|
| Жедел жәрдем шақырды
| Үшінші адам арқылы ЖМЖБ реанимациялық бригадасын шақырды, шокқа қарсы қалта алып келуді өтінді.
|
| Триггерлі препараттарды енгізуді тоқтату
| Ағзаға аллергендердің түсуін тоқтатты (системаны жабу, иньеция немес шаққан жерге суық қою).
Арқасымен жатқызып, аяқтарын жоғары көтеру. Егер пациент естүссіз болса Сафар үштігін жасап жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етті.
|
| Таза ауамен немесе оттегімен қамтамасыз етті.
Эпинефрин
| Таза ауамен немесе оттегі -ауа қоспасымен қамтамасыз етті.
Ылғалды оттегін O2 (>10л/мин) жоғары ағыспен ингаляциялау, ары қарай сатурацияны SpO2 94–98% жеткізіп ұстап тұру мақсатында титрлеп береміз, бірақ 90–92% кем болмау керек.
Эпинефринді 0,1%- 0,5 мл (500 мкг) б/е алдыңғы немесе санның латеральды бөлігіне енгізу және әсері болмаған жағдайда 5 минуттан кейін қайталады.
|
| Көк тамырға түсуді қамтамасыз етті.
| Көк тамырға түсуді қамтамасыз етті.
|
| Витальды функцияны қамтамасыз етті.
| Витальды функцияларды бақылады (ABCDE алгоритмі). АҚҚ, пульс, тыныс алу жиілігін бақылады.
|
| Қантамырын тарылтатын терапия
| Эпинефринді к/т титрлеу арқылы (0,1%- 0,5 мл ертіндісін 10 мл физиологиялық ертендіге араластыру). 10-20 мкг II сатысында, 100- 200 мкг III сатысында енгізді.
|
| Инфузиялық терапия
| Инфузия жүргізді: жылытылған (мүмкіндігінше) натрий хлорид ерітіндісі 0,9% (басқада балансирленген кристаллоидты ертінділер) 500-1000мл нормотензия кезінде, 1000-2000 мл гипотензия кезінде енгізді.
Егер анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі болса– 250 мл кем емес ертіндісін 5–10 мин ішінде.
|
| Гормональды терапия
| Система арқылы көктамыр немесе бұлшық етке гидрокортизон 200 мг немесе преднизолон 90-120 өте баяу енгізу.
|
| Шұғыл түрде тасымалдау
| Жағдайы тұрақтанған соң аурухананың реанимация бөліміне тасымалдады, (САҚ 90 мм.с.б.б-дан жоғары науқастың есі анық,тыныс алуы бос,тері қабаты қызарды)
|