Главная страница

лекция. Жеңіл атлетика жарыстарын. Жеіл атлетика жарыстарын


Скачать 17.65 Kb.
НазваниеЖеіл атлетика жарыстарын
Анкорлекция
Дата11.05.2023
Размер17.65 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖеңіл атлетика жарыстарын.docx
ТипДокументы
#1121172

Жеңіл атлетика жарыстарын

Ұйымдастыру

Жоспар.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ



  1. БІР НЕМЕСЕ БІРҚАТАР ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ҮШІН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛАТЫН ОРГАН

  2. РӨЛДЕР

1. Жеңіл атлетика жарысын дайындаудың бастапқы кезеңінде осы жобаға деген 0қызығушылығымен және құлшынысымен өзгешеленетін адамдар өздерін танытатын болады. Аталған бастапқы топ бүкіл жарысты өткізуге жеткілікті болуы әбден мүмкін. Екінші жақтан алғанда, жүктемесін азайту және пайдалы дағдыларды ұсыну үшін қосымша қызметкерлер де қажетті болуы ықтимал. Жағдайлардың көбінде жарысты өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін осындай топ Ұйымдастыру комитеті (оған осындай атау берілетініне немесе берілмейтініне байланыссыз) ретінде қызмет етеді. Сондықтан ұйымдастыру комитеттері қалай құрылатынын және жұмыс атқаратынын түсіну қажет

2. Жарыстардың көбін осындай жобаны немесе бірқатар ұқсас жобаларды іске асыру үшін арнайы құрылған орган өткізеді. Осы санатқа промоутерлер дербес құрылымдар түрінде құратын ұйымдастыру комитеттері кіреді – оған сырттан жекелеген адамдар және басқа да ұйымдардың өкілдері тартылуы ықтимал. Осылайша жиынтықтау промоутерлер ішкі резервтер есебінен ғана жарысты ұйымдастыру мүмкін емес және олар тиісті қаржылық немесе құқықтық тәуекелдердің ауыртпалығын өздері көтере алмайтындығы не болмаса жарысты ішкі резервтер есебінен ұйымдастыру басқа жоспарлардың іске асырылуына кедергі келтіреді деген қорытынды жасаған жағдайларда қолданылады. Сондай-ақ осы санатқа өз жарыстарын ұйымдастыратын немесе басқалардың атынан ұйымдастырумен айналысатын қарамағында іс-шаралар менеджменті саласындағы кәсіби қызметкерлері немесе өзге де ресурстары бар промоутер компаниялар кіреді. Түптеп келгенде, олар құрылымы бойынша «ерікті» ұйымдастыру комитеттеріне ұқсайды. Осындай тәсіл әсіресе табиғаты ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктейтін жарыстарға (ірі чемпионаттар немесе шақыру бойынша өткізілетін жоғары деңгейдегі жарыстар) келеді. Осындай жағдайлардағы қауіптілік промоутер мен ұйымдастырушының мақсаттары мен басымдықтарының әртүрлі болуы ықтималдығында. Осы тұрғыдан алғанда өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл жасасу маңызды проблемаға айналады.

3. ХАТШЫ Ресми қалыптасқан Ұйымдастыру комитеті жоқ жарыстарды қоса алғанда, кез келген жеңілатлетикалық жарыс табысының аса маңызды факторы жобаны орындау бойынша жұмысты үйлестіру үшін құзыретті адамды тағайындау болып табылады. Кез келген жағдайда аталған лауазым жауапкершілікті, лауазымдық нұсқаулықтардың шеңберінен тыс жұмыс істеу ниетін, нағыз көшбасшыға тән қасиеттерінің болуын, көпшіл болуын және уәждеме көзі бола алу қабілетін талап етеді.

ТӨРАҒА Ресми Ұйымдастыру комитеті құрылған жарыстарда, әдетте, комитетті Хатшы емес, басқа біреудің басқару қажеттілігі туындайды. Төрағаның бірінші кезектегі рөлі шешімдерді қабылдау процесін басқару және ұйымдастыру комитетінің саясатын айқындау болып табылады. Осы рөл ұйымдастыру комитетінің және басқа да топтардың отырыстарында төрағалық етуді және жекелеген қызметкерлер мен шағын комитеттердің міндеттерін дұрыс орындауын қамтамасыз етуді қамтиды. Сондай-ақ төрағаға нақты міндеттер тапсырылуы мүмкін. Төраға үшін бағалы қасиеттер: отырыстарды өткізе білуі жергілікті қызметтегі көрнекті рөл ықпалды достары мен таныстарының кең ортасы жарыс туралы өз тұжырымдамасы міндеттердің орындалуын бақылай білуі.

ҚАРЖЫЛЫҚ ӘКІМШІЛІК Мектеп матчтары немесе клубтағы жарыстар секілді кейбір жарыстардың қаржылық құрамдас бөлігі мардымсыз болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін, осылайша қаржылық әкімшілік жұмысқа жауапты адамды тағайындау қажеттілігі болмайды. Ақша жиналып берілетін жағдайларда, хатшыға қосымша жұмыс және жарыстың қаржылық аспектілеріне жауапкершілікті жүктемеу керек. Оның орнына Қазынашыны немесе неғұрлым ірі жарыстарда Қаржылық директорды тағайындау керек. Әдетте осындай қызметкерлердің міндетіне Хатшымен бірлесіп жарыс бюджетін әзірлеу, қолма-қол ақшаның қозғалысын бақылау, банктік шотты теңестіру және аралық және соңғы есептілікті дайындау кіреді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚА РӨЛДЕРІ Жарыстарды өткізу жоспарын әзірлеу және қызметтерді көрсету шамасына қарай міндеттер аясы мен қызметкерлерге қойылатын талаптар неғұрлым нақты болады. Одан кейін аталған талаптарды дайындауға және орындауға жауапты жекелеген қызметкерлер, егер қажет болса, жұмыс топтары мен шағын комитеттер тағайындалуы мүмкін. Ірі жарысты ұйымдастырумен айналысатын барлық адамдарды Ұйымдастыру комитетінің құрамына енгізу қажет болмаса да


написать администратору сайта