Жеке о зарядты айналасында пайда болатын рісті кш сызытары Жеке теріс зарядты
Скачать 93.22 Kb.
|
Электр өрiсi – кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкiн емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады. Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi: Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi; Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу Электр өрiсiнiң зарядталған денеге (бөлшекке) әсер ету күшiн электрлiк күш деп атаймыз. Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады. Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е). Ол электр өрісінің белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің сол зарядтың шамасына қатынасына тең: Электр өрісінің кернеулігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі: В/м. 1)Күш сызықтары оң зарядтан (+) басталып, теріс зарядта (-) аяқталады немесе шексіздікке кетеді. 2)Күш сызықтары ешқашан қиылыспайды. Электр өрісінің күш сызықтарының графиктік бейнеленуі: Екі әр аттас зарядтардың айналасында пайда болған өрістің күш сызықтары Жеке оң зарядтың айналасында пайда болатын өрістің күш сызықтары Жеке теріс зарядтың айналасында пайда болатын өрістің күш сызықтары Күш сызықтарыныӊ қасиеттері: Күш сызықтары үздіксіз. Күш сызықтары қиылыспайды. Күш сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады. |