Главная страница
Навигация по странице:

  • Назарларыңызға рахмет!

  • Жел диірмені. Жел диірмені Масаты


    Скачать 13.68 Kb.
    НазваниеЖел диірмені Масаты
    АнкорЖел диірмен
    Дата26.05.2021
    Размер13.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖел диірмені.docx
    ТипДокументы
    #210005

    Жел диірмені

    Мақсаты: Жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына қажетті құралдың бірі, сондықтан табиғаттың құбылысы желді тиімді пайдалана білу. Жел энергиясын халық шаруашылығында ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
    «Жасыл» экономиканы дамыту басымдықтарының бірі – жаңартылмалы энергия көздері. Мем­лекет басшысы 2020 жылға дейін жаңартылмалы энергия көздерінің 3%-ын, 50 жылға қарай 50%-ын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Жел өткір, күн шуағы мол Новопавлов ауылымызда табиғат құбылыстарын пайдаланып, станса орнатамын десе, мүмкіндік өте зор. Сол себепті тек облыста ғана емес, осындай табиғаттың берген құбылысын тиімді пайдаланып, жаңартылмалы энергия көздерін дамыту бағытында бірнеше жобалар іске асырылуда.

    Сонымен сіздерге ұсынып отырған проект бойынша таныстырып өтейін.

    Экранда көрсетілгендей, сіздерге жел диірменін ұсынып отырмын, бұл диірменнің маңыздылығы желдің күші арқылы энергия алу, сонымен қатар тиімді пайдалану.

    Жел диірменін жасауда бізге қажет болды:

    • Жеңіл автокөлік генераторы

    • Алюминийден жасалған қалақ

    • Мойынтірек (подшипник)

    • Тоқ жалғағыш сымдар

    Осы құралдарды пайдалана отырып табиғаттан энергия көзін алуға болады, дегенмен айта кететін бір мәселе бұл толықтай 220 вольт энергия бермейді бар жоғы 12 вольт энергия ала аламыз, себебі автогенератордың күші осынша тоқ көзіне ғана жетеді. Менің ойымша осындай жел диірмендерін мектеп алдындағы саябақтарға орнатуға болады, яғни пайдасы телефон қуаттауға болады немесе түнгі уақыттарда жарық көзін беріп тұрады деген ойдамын.

    Бұл жел диірменін құру мақсатым, энергия көзін үнемдеу және тиімді әрі тегін пайдалану.

    Қазіргі уақытта бұл проектті толық аяқтамадық, дегенмен алдағы уақытта аяқтап іске қосамыз деген үміттемін.
    Назарларыңызға рахмет!

        


    написать администратору сайта