Главная страница
Навигация по странице:

  • Мемлекет 2005 ж. ғана іске қосылған желагрегат өндірілген қуат, МВт 2005 ж өсуі, %

  • Назарларыңызға рахмет!!!

  • жел энергетикасы. Жел энергиясы. Жел энергетикасы


    Скачать 0.72 Mb.
    НазваниеЖел энергетикасы
    Анкоржел энергетикасы
    Дата13.03.2021
    Размер0.72 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаЖел энергиясы.pptx
    ТипДокументы
    #184393

    Жел энергетикасы


    Орындаған:

    Байкенов Әлпейіс ээ 102
    Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Ауа тығыздығы. Желқондырғылардың қалақшалары ауа массасының қозғалысының әрекетінен айналады. Ауа қабатының массасы үлкен болса, соғұрлым жел двигателінің қалақшалары жылдам қозғалып, электр энергиясын көп өндіреді. Физика курсынан мынаны білеміз, қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы оның массасына тура пропорционал, ендеше жел энергиясы ауа қабатының тығыздығына тура пропорционал. Тығыздық бірлік көлемге келетін молекулалар санына тәуелді. Қалыпты атмосфералық қысымды температура 150С болған кезде, ауаның тығыздығы 1,225кг/м3. Ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы азаяды. Қыс мезгілінде тығыздық жоғары болғандықтан, желдің бірдей жылдамдығына қарамастан, жазбен салыстырғанда жел генераторы көп эенргия береді. Ротор ауданы Желтурбинасының қозғалатын бөлігін ротор деп атаймыз. Ротор жел ағының энергиясын көп қамтыса, соғұрлым көп электро энергия өндіреді. Ротордың ауданы ротордың диаметрінің ауданының квадратына тура пропорционал, жел- қондырғысының өлшемдерін екі есе арттырып, төрт есе энергия өндіріп алуға болады. Желқондырғысының өлшемдерін өзгерте отырып, энергияны қалағанымызша өндіреміз деп айтуға жеңіл, практикада басқаша. Айналдыру барысындағы қамтитын қалақшаларының ауданын біртіндеп үлкейту арқылы, біз істейтін жүйеге артық күш, салмақ түсіреміз. Осындай асқын салмақты көтеру үшін жүйенің кейбір механикалық құрамдас бөліктеріне зақым келмеуін ескеру өте маңызды. Жел жылдамдығы. Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді. Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі көрсетілген. (құрғақ ауаның тығыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760 мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай). Жел жылдамдығы. Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді. Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі көрсетілген. (құрғақ ауаның тығыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760 мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай) Энергия мөлшері мына формуламен есептеледі: Еĸ=ρυ³/2 υ-желдің жылдамдығы , ρ-ауаның тығыздығы

    м/с

    Вт/м²

    1

    1

    3

    17

    5

    77

    9

    477

    11

    815

    15

    2067

    18

    3572

    21

    5672

    23

    7452
    Қазіргі кездегі жел энергиясын пайдаланудың дамуы Желэнергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. 31 желтоқсан 2005 жылы бүкілдүниежүзілік желэнергетикасының өндірілетін қуаты 58 982 МВт болды. Осындай қарқынды өсу сатысында Бүкіләлемдік желэнергетика ассоциациясы 2010 жылы жел энергиясын қуатын 120 000 МВт-қа өсіруді жоспарлап отыр. Желэнергетика ассоциация -сының мәліметтерін негіздей отырып, алдыңғы қатарлы 10 елдің жел энергия даму қуатының көрсеткіштеріне назар аударайық.

    Мемлекет

    2005 ж. ғана іске қосылған желагрегат өндірілген қуат, МВт

    2005 ж өсуі, %

    2005 ж. барлық өндірілген қуат, МВт

    Германия

    1798.8

    10.8

    18427.5

    Испания

    1764.0

    21.3

    10027.0

    АҚШ

    2424.0

    36.0

    9149.0

    Үндістан

    1430.0

    47.7

    4430.0

    Дания

    4.0

    0.1

    3128.0

    Италия

    452.4

    35.8

    1717.4

    Біріккен король ұйымындағы мемлекет

    465.0

    52.4

    1353.0

    Қытай

    496.0

    64.9

    1260.0

    Нидерланд

    141.0

    13.1

    1219.0

    Жапония

    143.8

    16.0

    1040.0

    Европа бойынша

    6174.0

    18.0

    40932.0

    Барлығы

    11310.0

    24.0

    58982.0
    Желқондырғылардың негізгі бөліктері Желқондырғылары мынандай негізгі бөліктерден тұрады : қалақшалардан, ротордан , трансмиссия ( двигательдің механикалық энергиясын машинаға беруге арналған механизмдер жиыны ) , генератордан , бақылау жүйелері
    Назарларыңызға рахмет!!!


    написать администратору сайта