Ответы. 10.апта.база.данных. Желілік модельдегі мліметтерді сыну Ергазин Куаныш ис21
Скачать 32 Kb.
|
Желілік модельдегі мәліметтерді ұсыну Ергазин Куаныш ИС-21 Ақпарат жүйесіндегі орындалып жатқан көптеген үрдістерді айқындау үшін‚ оларды белгілі бір формаға, нысанға келтіру қажеттілігі туындайды. Мәліметтерді айқындау‚ бұл—нақты бір үрдісті ақпарат жүйесінде көрсету жөніндегі келісім. Ақпаратты ұсынудың көптеген тәсілдері бар. Мәліметтер базасында ақпарат МББЖ ұстанатын мәліметтер моделіне сәйкес ұйымдастырылады. Мәліметтер моделі ақпараттың әр бірлігінің орналасқан жерін және көтеретін үлесін анықтайтын, сонымен қатар мәліметтер бірліктерінің өзара қарым–қатынастарын белгілейтін жоспар, схема. Нақты мысал келтіретін болсақ, файл үшін және мәліметтер базасы үшін сан нені білдіреді? Файлда сан, бұл белгілі бір нүктеде пайда болатын қарапайым сан. Мәліметтер базасында сан мәліметтер моделі анықтайтын мәнге ие болады. Мән түрінде, мысалы, бағаны алуға болады. Анықтама. Мәліметтер моделі – сақтау ортасы ерекшелігіне (компьютер жадысына) тәуелсіз, мәліметтерді белгілі бір құрылымға келтіру тәсілі. Өз кезегінде, модель қолдану саласыда да тәуелсіз болып келеді. Кез–келген саладан алынған мәліметтерге қатысты, логикалық құрылымға келтіру тәсілі осы мәліметтерді пайдалану ережелерін анықтайды. Әр бір модель өзіндік мәліметтерді құрылымға келтіру жабдықтарымен және әдістерімен сипатталады. Мәліметтер моделі – ақпараттың бірліктерін, олардың өзара қарым–қатынастарын, сонымен қатар мәліметтерді манипуляциялауда пайдаланатын операцияларды және бүтіндік шектеулерін анықтау ережелері жиынтығы. Бұл анықтамалардан мәліметтер моделі үш компоненттермен негізделетін қорытындылауға болады: · мүмкін боларлық мәліметтер құрылымы; · әр - бір модель үшін белгіленетін операциялар жиынтығы; · ақпараттың бүтіндік шектеулері. Осыған сәйкес мәліметтер моделі өз құрамына мәліметтер базасының логикалық құрылымының, мәліметтерді сипаттау тілдерінің сипаттамаларына негізделеді, сонымен қатар әр модель мәліметтерге манипуляция жасау тілдері көмегімен жазылады. Жоғарыда қарастырылған МББЖ-ң үш деңгейлі архитектурасына сәйкес біз мәліметтер моделі ұғымымен әр деңгейге қарасты кездесеміз. Шынында да, физикалық модель берілген операциялық ортада пайдаланатын сақтау құрылымдарында және сыртқы жадыны ұйымдастыруға қатысты категорияларды қарастырады. Қазіргі кезде физикалық модельдер ретінде файлдық құрылымда негізделген мәліметтерді орналастырудың түрлі әдістері қолданылады. Концептуалдық деңгейде қолданылатын мәліметтер модельдері үлкен қызығушылық тудырған. Оларға қатысты сыртқы модельдер подсхема деп аталады және мәліметтердің концептуалдық моделі қолданатын абстрактты категорияларды пайдаланады. Мәліметтер базаларын жобалауда қарастырған үш деңгейден бұрын пайда болатын тағы бір деңгей бар. Ол деңгей моделі пайдаланатын МББЖ түріне тәуелсіз түрдегі қолдану саласы туралы ақпаратты көрсетуі керек. Бұл модель инфологиялық немесе семантикалық деп аталады және құрастырушы мен басқа пайдаланушылар үшін абстракциялаудың ақпараттық-логикалық деңгейі өте ыңғайлы түрде көрсетіледі. Мұнда абстракция деңгейі қолдану саласы объекттерін, олардың қажеттіктерін және өзара байланыстарын сипаттайды. Мәліметтердің инфологиялық модельдері қосымшаларды құрастыру процесінде мәліметтер құрылымын сипаттау үшін жобалаудың алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Ал келесі даталогиялық модель нақты МББЖ-мен қолданылады. Мәліметтердің құжаттық модельдері кәдімгі тілдегі мәтін, құжаттардың еркін форматтарына бағытталған. Тезаурустық модельдер сөздіктерді ұйымдастыру қағидаларына негізделген, нақты тілдік конструкциялардан тұрады және берілген грамматикада олардың өзара байланыстарының қағидаларын қамтиды. Бұл модельдер аудармашы-жүйелерде тиімді пайдаланады. Бұл жүйелерде ақпараттарды сақтау қағидалары тезаурустық модельдерге бағынады. Дескрипторлық модель-документальдық модельдер ішіндегі ең қарапайымы. Олар документальды модельдерді пайдаланудағы бастапқы кезеңдерінде қолданылған. Мұнда әр құжатқа дескриптор –сипаттаушы сәйкес келген. Бұл дескриптор қатал құрылымда болған және құжатқа жобаланатын документальдық мәліметтер базасы құжаттарымен жұмыс істеу үшін талап етілетін сипаттамалар беретін. Фактографиялық модель түрлері, атап айтқанда оның ішінде теоретикалық-графтық модельдер келесі тарауларда қарастырылған. Бүтіндік шектеулері. Бұл түсінікке анықтама беру үшін, алдыменен бүтіндік түсінігін қарастырайық. Дейт бойынша, бүтіндік мәселелері мәліметтер базалары кез-келген уақыт аралығында ақпараттың шынайы болғанын қамтамасыз етуді қарастырады. Мәліметтер бүтіндігі арнайы, бүтіндік шектеулері деп аталатын ұсыныстар арқылы қамтылады. Бұл шектеулер әрбір ақпарат бірлігінің және бірліктер арасындағы байланыстардың мүмкін боларлық мәндерін айқындайды. Анықтама. Бүтіндік шектеулері - қолдану саласының семантикасын (шынайылық жағдайын) көрсететін логикалық шектеулер. Олар объектілер және олардың арасындағы байланыстар бойынша бөлінеді және екі түрлі функция атқарады: · статикалық шектеулер – мәліметтер базасының бір қалыптағы мүмкін боларлық жағдайын анықтайды; · динамикалық шектеулер – мәліметтер базасының бір қалыптан басқасына өтудегі мүмкін боларлық жағдайды анықтайды. Бүтіндік шектеулері айқындалған және айқындалмаған болып бөлінеді: · айқындалған шектеулер мәліметтер құрылымы көмегімен осы құрылым негізделетін МҚБЖ жабдықтарымен қолданады; · айқындалмаған шектеулер мәліметтер базасы сипаттамасында көрсетіледі, яғни жобалаушының өзімен тағайындалады. Бүтіндік шектеулерін тексеру МҚБЖ механизмдерімен жүзеге асырылады. Мәліметтердің теоретикалық - графтық модельдері. Аталған модельдер жан-жағымыздағы қоршаған орта объектілер жиынтығын ақпараттық объектілердің өзара байланысқан графы түрінде көрсетеді. Граф типіне байланысты модель иерархиялық (деңгейлік) және желілік түрлерге бөлінеді. Бұл модельдердің пайда болу алғышарттары қазіргі кезде жиі қолданылатын реляциялық модельге қарағанда әлдеқайда ертерек пайда болған. Сондықтан аталған модель түрлері қазіргі тәжірибеде тым аз қолданылады. Әйтседе, объектке бағытталған мәліметтер базалары тұжырымдамасы реляциялық модель қағидаларын желілік модельмен ұштастыруды қарастыруда. Мәліметтердің иерархиялық моделі. Иерархиялық модель модель түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы болып саналады. Даталогиялық модельдер арасында ол тарихи көзқарас бойынша ең бірінші пайда болған: дәл осы модельді бірінші ІBM фирмасының ІMS- мәліметтер базаларын басқару жүйесі қолданған. Иерархиялық модельдің пайда болу себебін дүниедегі әр нәрсенің өз деңгейі барлығымен түсіндіруге болады. Бір объект аталық болып саналса қалғандары ол объектке қарасты туындалған болады. Иерархиялық модель қамтитын логикалық құрылымның негізгі типі – иерархия (деңгей) не болмаса терек түріндегі құрылым. |