ТЕСТЫ ТЕРАПИЯ. Женщина 33 лет, обратилась с жалобами на боли, припухлость и ограничения движения в в лучезапястных суставах, пястнофаланговых суставах, чувство скованности по утрам.
Скачать 1.61 Mb.
|
жаңа қатырылған плазма 2 фраксипарин 3 клопидогрела 4 варфарин 5 пентоксифилин Әйел 62 жаста, 8 жыл көлемінде ұзақ бойы қант диабетімен зардап шегеді, метформин қабылдайды. Ауыр грипп фонында инфекциялық -токсикалық шок дамыды. Тәуліктік диурез 50 мл төмендеді, мочевина деңгейі 21-28-34 ммоль/л өсіп келеді, креатинин - 124-188-214 ммоль/л. Екінші тәулікте - диурез қалыптаса бастады - 1500 мл, үшінші тәулікте - 2000 мл. СКФ=45,1 мл/мин. Диагноз қандай? 1 СБА фонында ренальды жедел бүйрек зақымдалуы 2 СБА фонында постренальды жедел бүйрек зақымдалуы 3 СБА фонында преренальды жедел бүйрек зақымдалуы 4 преренальды жедел бүйрек зақымдалуы, қалыптасу фазасы 5 ренальды жедел бүйрек зақымдалуы, қалыптасу фазасы Ер адам 28 жаста. Көп жылдар ішінде созылмалы гломерулонефриті бар. тексергенде қан сарысуында: креатинин бірнеше рет 170-240 мкмоль/л, мочевина 17,9 ммоль/л, ЖҚА - Нв 85 г/л. Зәр талдауында – белок 0,99 г/л. Бүйрек жеткіліксіздігі асқынуын алдын алу үшін қандай препараттар тағайындау қажет ? 1 альфа-токоферол 2 холекальциферол 3 тромбопоэтин 4 цианкобаламин 5 ГМ-КСФ йел 60 жаста, қызба 38,5°С, қалтырау, бел аймағында ауру сезімдері, ісінуге шағымданады. Жаурап қалған соң ауырып қалды. Қарағанда: ЖСЖ 90 рет мин, АҚ 145/85 мм сб. б. Іші жұмсақ, несеп жолы бойымен ауру сезімді. Зәр шығуы ауру сезімсіз. Зәр талдауы: лайлы, тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоцит және бактериялар барлық көру аймағында, оксалаты. Новокаин және ибупрофенге аллергия. Қандай ем тактикасы барынша оңтайлы? 1 цефтриаксон б/і 2 азитромицин per os 3 нетромицин б/і 4 метронидазол в\і 5 доксициклин per os Ер адам 45 жаста 1 плюсне-фалангалық буынның ауруына және ісінуіне шағымданып келді. Көп тамақтану мен ішімдік ішуден кейін жедел ауырды. Объективті: көп тамақтанулы, ИМТ- 36 кг/м кв. Рентген (суретке қарау): Лабораториялық зерттеуде БАРЫНША не байқауға болады? 1 зәрмен зәр қышқылының тәуліктік экскрециясының жоғарлауы 2 зәрмен зәр қышқылының тәуліктік экскрециясының төмендеуі 3 зәрмен глюкозаның тәуліктік экскрециясының жоғарлауы 4 қандағы мочевина мөлшерінің жоғарлауы 5 зәрде оксалаттардың мөлшерінің жоғарлауы Әйел адам 38 жаста. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, сарғыштануға, бетте, аяқта, бел аймағындағы ісінулерге, пальпацияланатын пурпуралық бөртпелерге, білезік буындардағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру кезінде анемия (Hb – 65 г/л), ЭТЖ – 45 мм/час, АЛТ нормадан 3 есе жоғары, АСТ нормадан 2,5 есе жоғары, ПТИ – 59%. Бауыр эластографиясы – 27 кПа (F4). Протеинурия 0,88 г/л, гипоальбуминемия – 28 г/л. РФ – оң. Диагностикалаудағы келесі қадам қандай? 1 АНЦА 2 АМА 3 АНА 4 анти-ДНҚds 5 С және В гепатитке маркерлі диагностика Науқас С., 60 жаста, кенеттен өзін нашар сезінді: төс артында үдемелі қысып ауыратын ауру сезімі пайда болды, ауру сезімі жарты сағаттан соң өрши түсті. Науқас бозарған, тері жабындысы суық термен жабылған.ТЖ – 18 рет минутына, ЖСЖ - 100 рет минутына. АД - 80/50 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі ырғақты. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Ауру басталған соң 4 сағаттан кейін зерттеуге қан алынды. Қандай көрсеткіштің жоғарылауы шешім шығаруда БАРЫНША маңызды болып табылады? 1 КФК МВ-фракция 2 тропонин 3 АсАТ 4 АлАТ 5 ЛДГ1 Ер кісі 28 жаста, дәрігерге түнгі уақыттағы құрғақ жөтелге және ауа жетпеу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде көктем-күз уақыттарындағы мерзімді поллиноз. Өкпесінде қатаң тыныс фонында ысқырықты сырылдлар естіледі. Сіз қақырық аналізінен қандай қорытынды күтесіз? 1 лейкоциттердің к/а 25-30 көп болуы 2 қақырықта эластикалық талшықтардың болуы 3 қақырықта эозинофилдердің көп мөлшерде болуы 4 қақырықта альвеолярлы макрофагтар мен эритроциттердің болуы 5 қақырықта холестерин және гемотидин кристаллдарының болуы Әйел 30 жаста. Қышымайтын нәзік-қызғылт түсті бөртпенің шығуына шағымданады.Сонымен қоса буындардың ауруы,әлсіздік,дене қызуының 37,5°С дейін жоғарлауы мазалайды. РФ – оң. IgE – 80 МЕ. Қандай диагноз? 1 аллергиялық дерматит 2 жедел есекжем 3 мультиформалы эритема 4 жүйелі васкулит 5 Стилл синдромы 52 жасар ер адам, 2 күн бұрын сарғыштанды, әлсіздік үдеп келеді. Тексергенде АЛТ 1430 МЕ/мл, АСТ - 1200 МЕ/мл. Анамнезінен: Жарты жыл бұрын уақытша ми қан айналым бұзылысы бар гипертониялық криз өткерген, кейіннен өз денсаулығына жақсы қарай бастады: дәрігер тағайындаған дәріден басқа салмағын төмендету үшін өте көп БАД қабылдаған. Госпитализациядан кейін келесі күні - тарсылдаған діріл пайда болып науқас тежелген, жауап берігу шатасып отыр, сұрақтарға кідірімен жауап береді. Төменде аталғандардың қайсысын вена ішіне енгізу қажет? 1 L-орнитин-L-аспартат 2 L-карнитина оротат 3 Лактулоза 4 гепадиф 5 40% глюкоза ерітіндісі 60 жасар әйел. Цефазолин б/і енгізген соң әлсіздік, ыстық сезіну, тыныс алудың қиындауы пайда болды. Медбике дәрігерді шақырды. Қарағанда: қалпы мәжбүрлі, тыныс алу актінде қосымша бұлшықеттер қатынасады, ұзарған тыныс алу фонында дистантты құрғақ сырылдар естіледі. АҚ 145/75 мм сб б. Преднизолонның қандай мөлшері вена ішіне енгізілуі қажет? 1 60 мг 2 120 мг 3 180 мг 4 240 мг 5 480 мг 52 жастағы әйел рентгенконтрастты затты енгізу кезінде ысу сезіміне, құсуға, тыныс алудың қиындауына шағымдана бастады. Көптеген көпіршікті бөртпелер, бетінің гиперемиясы және ісінуі пайда болды. Науқас тыныс алуы қиындаған және бір минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Асфиксия кезінде адреналин және 30мг преднизолон енгізудің әсері болмады. Келесі кезеңде қандай шараларды жасау керек? 1 преднизолон 60 мг эндотрахеалды 2 адреналин сублингвалды 3 микротрахеопункция 4 коникотомия 5 интубация Науқаста тыныс шығаруы қиын болуымен жүретін ентігу, аз бөлінетін қақырығы бар жөтелі бар. КТ (фото) - бронх қабырғалары қалыңдаған, кейбірінде шырышты тығындылар және сұйықтық деңгейлері бар. Барынша ықтимал диагноз? 1 өкпе ісінуі 2 өкпе саркоидозы 3 созылмалы бронхит 4 фиброзирленген альвеолит 5 диссеминирленген туберкулез Әйел адам 56 жаста, кардиологқа ұйқышылдыққа, әлсіздікке, АҚҚ төмендеуіне, ентігуге, іш қатуға шағымданды. Амбулаторлы картада: ТТГ-15,5 ulU/ml, бос Т4-9 пмоль/л (норма 12-24 пмоль/л). УДЗ қалқанша безінде жоғарланған және төмендеген эхотығызаймақтар анықталды. Қалқанша бездің жалпы көлемі 6 см.куб. ЭКГ-да қандай өзгерістер БАРЫНША көруге болады? 1 тістер вольтажының жоғарлауы 2 ST сегментінің элевациясы 3 ST сегментінің төмендеуі 4 QT қысқаруы 5 синусты брадикардия Жасөспірім 15 жаста, стационарға дене қызуының 37,5°С көтерілуіне, шырышты қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Өкпесінде әлсіреген тыныс фонында бірен-саран ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 8,7×109/л, ЭТЖ 26 мм/сағ., лимфоциттер 13%, моноциттер 1%, эозинофилдер 2%, т/я 6%, с/я 78%. Антибактериалды терапия эффектсіз. Манту реакциясы – 17 мм. КҚА рентгенограммасы жасалды. Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал? 1 сол өкпенің жоғарғы бөліктік ауруханадан тыс пневмониясы 2 |