Главная страница

История болезни (копия). Ауру тарихы Науас Алпысбаева Мариям Клиникалы диагноз


Скачать 60.49 Kb.
НазваниеАуру тарихы Науас Алпысбаева Мариям Клиникалы диагноз
Дата16.04.2022
Размер60.49 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИстория болезни (копия).docx
ТипДокументы
#479053

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Ауру тарихы
Науқас: Алпысбаева Мариям

Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы, орташа ауыр дәрежесі.

Қабылдаған: Рахима Жаксылыковна

Орындаған:Шындаулетов Есенғали

4-024 жмф

Қарағанды 2021

Паспорттық бөлім


  • Науқас аты-жөні: Алпысбаева Мариям

  • Ұлты: қазақ

  • Жынысы: Әйел

  • Жасы: 17.09.1987ж. 34 жаста

  • Жұмыс орны: үй қызыметшісі

  • Мекен-жайы: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Жұбанов көшесі 31үй

  • Түскен күні: 21.05.2021

  • Болжамды диагнозы: ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы.

  • Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы, орташа дәрежелі.

  • Асқынулары: ТЖ 2

  • Қосымша аурулары: жоқ


Шағымдары.
Түскен кезіндегі: дене қызуының 40,0ºC дейін көтерілуі, тәбеттің төмендеуі,ылғалды жөтел, ентігу, ұйқының бұзылысы, мазасыздық

Курация кезіндегі: Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация симптомы, тәбеті төмендеген, фебрильді температура,ылғалды жөтелге.
Anamnesis morbi.
10 күннен бері ауырған. Жағдайын суық тиуімен байланыстырады. Дене қызуы 40,0ºC дейін көтерілген.Амбулаторлы цефазолин 1,0*2 р, мукалтин қабылдаған , нәтиже болмаған. Жағдайы нашарлап,дене қызуының 40 0ºC көтерілуіне байланысты жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем көмегімен госпитализацияланған.
Anamnesis vitae.

Дамуы мен өсуі қалыпты жасына сәйкес болған. Туберкулез, вирусты гепатит және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Туберкулезбен ауыратын адамдармен қатынаста болмаған. Гемотрансфузия жасалмаған. Аллергиялық анамнез таза. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Зиянды әдеттері жоқ. Наркотикалық заттар қолданбаған.. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы орташа, тамақтануы қалыпты, күніне 3-4 рет.

Status praesens.

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикациялық синдромға байланысты. Тынысы қиындаған беткейлі Есі анық, контактқа оңай түседі, төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі нормостениялы. Теріасты шелмай қабаты бір қалыпты. Бойы 162 см, салмағы 57кг. ДМИ-20,1. Дене қызуы 38,2C. ТЖ-30, ЖЖЖ-134р/мин Аңқасы қалыпты.

Тері жамылғысының түсі аздап бозарған, таза, ылғалды, ісінулер жоқ. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияланбайды. Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған, күші 3балл.

Сүйек-буын жүйесі соғу кезінде ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының қозғалыс аймағы шектелмеген.
Тыныс алу жүйесі.

Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді, екі бөлігі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады. Тынысы беткейлі ТАЖ 30 рет минутына.

Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі аздап төмендеген, оң жақ төменгі бөлікте дауыс дірілі күшейген.

Салыстырмалы перкуссияда: Қорапты, оң жақ өкпенің артқы-төменгі бөлігінде, қысқарумен.

Аускультацияда: Ұсақ және орташа көлемді ылғалды сырылдар.

Перкуссия

Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе

Төс жанындағы сызық

V - қабырғааралық

-

Бұғана ортаңғы сызығы

VІ- қабырға

-

Қолтық асты алдыңғы сызығы

VІІ -қабырға

VІІ- қабырға

Қолтық асты ортаңғы сызығы

VІІІ-қабырға

VІІІ- қабырға

Қолтық асты артқы сызығы

ІХ- қабырға

ІХ- қабырға

Жауырын сызығы

Х- қабырға

Х- қабырға



Жүрек-қантамыр жүйесі.

Жалпы қарағанда: Жүрек шекаралары визуальді өзгермеген.

Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.

Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай пальпацияланады.

Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары анық. Артериялық қан қысымы 110/70 мм сынап бағанасында. Патологиялық пульсация байқалмайды. ЖЖЖ 92 рет минутына.

Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы.


оң

IV-ші қабырғааралықта төстіктің оң жақ қырынан 1см сыртқары;

Жоғары

L. parasternalis sinistra сызығымен III- ші қабырғааралықта;

Сол

L. medioclaviacularis sinistra сызығынан 1см сыртқары V-ші қабырғааралықта.

 Абсолютті жүрек тұйықтығының шекарасы.

Оң

IV-ші қабырғааралықта төстіктің сол жақ қыры

Жоғары

L. parasternalis sinistra сызығымен IV- ші қабырғаның төменгі қыры;

Сол

L medioclaviacularis sinistra сызығымен V-ші қабырғааралықта.



Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысы: тілі таза, ылғалды, көлемі қалыпты, алқызыл түсті, қабынбаған, емізіктері өзгермеген, тістердің іздері, ойық жаралар және жарылулар байқалмайды. Аңқа және бадамша бездері қызғылыт түсті, таза.

Іші дөңгелек пішінді, симметриялық, тыныс алуға қатысады. Асқазанның және ішектердің перистальтикасы, іштің ақ сызығының жарығы, экхимоздар, тері асты веналардың кеңеюі, стриялар, операциядан кейінгі тыртықтар жоқ.

Пальпация:

Беткей пальпацияда іш жұмсақ, іштің тік бұлшықеттерінің ажырауы жоқ. Щеткин-Блюмберг, Мендель, Ровзинга симптомдары теріс.

Бауырдың пальпациясы:

Бауыр қабырғы доғасынан шығып тұрады, жиегі тегіс, үшкірленген , ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы.

Өт қабы және ұйқы безі пальпацияланбайды. Симптом Кера, Василенко, Грекова-Ортнер және Мюсии, Образцов – Мерфи теріс. Ішперденің тітіркену симптомы жоқ және құрсақ қуысында бос сұйықтықтар жоқ.

Іштің перкуссиясында: тимпаникалық дауыс, Мендель симптомы теріс, құрсақ қуысында бос сұйықтық флюктуация және перкуссия әдісімен анықталмады. Көкбауырдың ені 6 см.

Зәр шығару жүйесі

Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлігінде: теріс мәнді. Пастернацкий симтомы: теріс мәнді. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз.

Эндокриндік жүйесі

Бұл жүйе жағынан шағымдары жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз. Бездер жағынан патологиялар анықталған жоқ.

Жүйке жүйесі.

Есі анық. Тері сезімталдығы сақталған. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті сақталған. Ромберг сынамасы теріс. Терілік рефлекстер қалыпты.

Жетекші синдромдар және оны талдау


  • Өкпе тінің тығыздалу синдромы: жөтел, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде: дауыс дірілінің күшеюі,перкуссияда перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі.

  • Ауырсыну синдромы: Жөтелгенде, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуденің шаншып ауырсынуы.

  • Интоксикациялық синдром: Дене қызуының 40,0ºC. дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терлегіштік, басының ауыруы, қалтырау.

  • Тыныс жетіспеушілігі – ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс, гипоксемия.


Ажыратпалы диагностика
1.ӨАТЭ(Өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

2.Өкпе рагы

3.Өкпенің инфильтративті туберкулезі

4.Пневмония
Ажыратпалы диагностика I кезеңі

ӨАТЭ-на кенеттен ұстама тəрізді пайда болатын ентікпе, кеуденің өте күшті ауруы, кейде кеш көрініс беретін (3-5 күндері) дене қызуының көтерілуі (алғашқы дененің қалтырауы болмайды), қызғылт түсті кілегейлі қақырық бөлу жəне қан қақыру аурудың басында ауыр интоксикация белгілерінің болмауы тəн. Физикалық симптомдары бейспецификалы болып келеді.

Өкпе рагы.. Өкпе рагі туралы ой тудыратын симптомдарға жататындар:

- дене қызуының көтерілуіне дейін болатын құрғақ жөтел;

- «себепсіз» кеуденің ауруы кезінде болатын қан қақыру;

- ауыр ентікпенің өкпеде табылған инфильтрат көлеміне сəйкес болмауы;

- қапталдан түсірген рентгенограммада өкпе түбірінің үстіне барып түсетін қарайғандықтың болуы.

Өкпенің инфильтративті туберкулезінде..Аурудың біртіндеп, симптомсыз басталуы жəне əдетте қолданылатын антибактериялық емнің тиімсіздігі байқалады. Туған туыстарында осы ауруға бейім болатын аурулар менің науқасымда анықталмады.Сонымен қатар бұл ауру кезінде өкпенің жоғарғы бөлігінде тығыздалу болады,ал менің науқасымда өкпенің төменгі жағында перкуссияда тұйықталу анықталды.Лимфа түйіндерінің ұлғаюы да анықталады.

Пневмония

Пневмонияның диагнозын қоярда қолданылатын «алтын стандарт (үлгі)» деген ұғым қолданылады, оның мəнін төмендегі 5 белгінің болуы

құрайды:

1) қызба

2) жөтел

3) қақырықтың болуы

4) лейкоцитоз

5) рентгенологиялық жолмен табылатын инфильтрат

Клиникасында жоғарыда көрсетілген 5 алтын стандарттың 3 клиникалық көріністерін сипаттайды.Жөтел,қақырық өнімді яғни шырышты іріңді болуы. Сонымен қоса клиникалық көрінісіндегі дене қызуының 3 күндей уақыт бойы жоғары болуы осы ауруға бірден күдік туғызуға болады. Жалпы әлсіздік,тәбеттің болмауы,бас ауруы бас айналуына,көмей және кеңірдек тұсында 3 күн бойына ауырсыну. Осы аталған клиникалық көріністер барлығы менің науқасыма сәйкес болғандықтан осы ауруды аламын.Нақтылай түсу үшін осы ауруды диф диагностиканың 2 кезеңіне жүгінемін.

Алғашқы диагнозды негіздеу
Шағымдары, анамнез мәліметтері, обьективі белгілеріне сүйене отырып, менің науқасымдағы алғашқы диагноз: Ауруханадан тыс дамыған, сол жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы, орташа ауыр дәрежелі, белгісіз этиологиялы. Жедел ринит.

Пневмония деп төменде көрсетілген синдромдар мен зертханалық көрсеткіштерге байланысты негіздедім. Синдромдар:

  • Өкпе тінің тығыздалу синдромы: жөтел, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде: дауыс дірілінің күшеюі перкуссияда перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі.

  • Ауырсыну синдромы: Жөтелгенде, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуденің шаншып ауырсынуы.

  • Интоксикациялық синдром: Дене қызуының 40,0ºC. дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терлегіштік, басының ауыруы, қалтырау.

  • Тыныс жетіспеушілігі синдромы- ентігу


Ауруханадан тыс – науқас ауруханаға келмей тұрып, 48 сағат бұрын ауырған. Ауру анамнезі негізделген: науқаста 10 күн ағымында суық тиген соң дене қызуы 40,0ºC дейін көтеріліп, қалтырау, қызба көріністері пайда болған.

Оң жақ өкпелік төменгі бөліктік – патологиялық үрдістер: дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті сырылдың естілуі сол жақ өкпенің төменгі бөлігіне тән.

Орташа ауырлық дәрежелі – интоксикациялық синдромға байланысты науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене қызуы 40,0ºC. Патологиялық үрдіс ошақты.
Зерттеу жоспары
а). Лабораториялық зерттеу

  • Жалпы қан анализі

  • Жалпы зәр анализі

  • Биохимиялық қан анализі

  • Қақырықты 3 ретті зерттеу

  • Бак посев кал


б). Аспаптық зерттеу

  • ЭКГ

  • Кеуде клеткасының рентгенографиясы.


Жалпы қан анализі 22.05.2021.

Гемоглобин (Hb) г/л

117

Эритроциттер х10 12

3,3

Түсті көрсеткіш

0,9

ЭТЖ мм/сағ

27

Лейкоциттер х10 9

11,3

Эозинофильдер %

1

Таяқша ядролы %




Сегмент ядролы %

74

Лимфоциттер %

16

Моноциттер %

9

Тромбоциттер х10 9

197

Ретикулоциттер %

34,1

Интерпретация: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың оңға жылжуы, лимфоцитопения, ретикулоцитоз.
Жалпы зәр анализі 22,05.2021

Түсі

Ақшыл сары

Реакциясы

қышқыл

Мөлдірлігі

мөлдір

Салыстырмалы тығыздығы

1018

Ақуыз



Қант



Лейкоциттер

1-2 к/а

Эритроциттер

0-2 к/а

Цилиндрлер



Жалпақ әпителий

2-3 к/а

Шырыш

+

Интерпретация: Зәр анализі шырыш анықталады.

Бак посев кала от 16.05.21№ пат м\ф не обнаружено.

. Консультация фтизиатра: 22.05.21г. В данный момент туберкулеза легких нет. Рекомендации даны.

Мокрота на ВК 3-х кр.отр.
ЭКГ: 06.10.2020.

Жүрек ырғағы синусты, ЖЖЖ 92 рет минутына. Жүректің электр осі қалыпты. Ошақты өзгерістер жоқ. Синусты аритмия.

Кеуде клеткасының рентгенографиясы 21.05.21г. Пневмония

Интерпретация: Ренгенограмма бойынша қойылған диагноз, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы.


Ажыратпалы диагноз жүргізуге жетекші синдром кездесетін аурулар тобын анықтау.

Диф диагностиканың II кезеңін жүргізу

1.ӨАТЭ(Өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

2.Өкпе рагы

3.Өкпенің инфильтративті туберкулезі

4.Пневмония

1.ЭКГ-да жүректің оң жағына жедел күш түсу белгілері болады. Рентгенограммада диафрагманың жоғары тұруы, өкпе конусының шығыңқы болуы, өкпе түбірінің өте кеңуі жəне шауып тастаған сияқты болып көрінуі, тамыр суретінің регионарлық түрде жойылып кетуі жəне əлсіреуі, диск тəрізді ателектаздар мен өкпенің инфарктісі, плевра қуысында экссудат жиналу біртіндеп байқалады. ӨАТЭ-ң дамуында аяқтағы тромбофлебит пен флеботромбоздардың, кіші жамбас қуысындағы мүшелерге операция жасаудың, жүрек əлсіздігінің, митральдық стеноздың маңызды болатынын естен шығармау керек. Диф диагностиканың екінші кезеңі де менің науқасымдікіне сәйкес келмейді сондықтан бұл ауруды жоққа шығарамын

2. Бронхогендік ракта обтурациялық ателектаз синдромының белгілері болады. Өкпе рагінің диагнозын қоюға бронхоскопия мен бронхография көмектеседі. Бұл аудың зерттеу қорытындысы да бұл ауруды жоққа шығарды.

3.Диагноз қоюдағы ең маңызды критерий қақырықта туберкулез микобактериін табу. Анамнездің де маңызы бар, ем қолданғанда инфильтраттың баяу кері дамуы да маңызды. Туберкулезде инфильтрат көбіне өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасады. Рентгенологиялық тексергенде туберкулездік инфильтрат дөңгелек, шеттері айқын, бояуы қалың болып көрінеді, жас «жұмсақ» тін сияқты себінді ошақтар болады. Өкпе суретінің жалпы фоны өзгермеген, өкпе түбірі кеңімеген.Осындай жалпы зертханалық қортындыға сүйене отырып бұл ауруды да жоққа шығарамын

4.Пневмония

Пневмонияның диагнозын қоярда қолданылатын «алтын стандарт (үлгі)» деген ұғым қолданылады, оның мəнін төмендегі 5 белгінің болуы

құрайды:

1) қызба

2) жөтел

3) қақырықтың болуы

4) лейкоцитоз

5) рентгенологиялық жолмен табылатын инфильтрат
Бірақ тек осы стандартты ғана қолдану жиі қате жіберуге əкеліп соқтырады. Онымен бірге, соңғы кезде пневмонияның аз симптомды варианттары көбейіп кетті. Пневмонияның аз симптомды варианттарында пневмонияның клиникалық белгілері болады да, рентгенологиялық инфильтрат белгілері болмайды. Аурудың рентгенологиялық вариантында рентгенологиялық тексергенде инфильтрат болады да, аурудың клиникалық белгілері болмайды. Аурудың аралас вариантында клиникалық белгілерде, рентгенологиялық белгілер де аз болып келеді.

Жоғарыдағы алтын стандарттың соңғы екеуіндегі зерттеу қортындылары оң болып,осы ауруды айқындай түсті.ЖҚА:лейкоцитоз анықталды,кеуде торының рентгенограммасында тікелей және бүйір проекциясында;оң өкпенің S10 сегмент проекциясында ауалануы төмендеген және қақырықта пневмококты флора анықталды. Осы зерттеулердің барлығы менің науқасыма сәйкес болғандықтан нақты осы ауруды аламын.



Клиникалық диагнозды негіздеу
Пневмония деп төменде көрсетілген синдромдар мен зертханалық көрсеткіштерге байланысты негіздедім. Синдромдар:

  • Өкпе тінің тығыздалу синдромы: жөтел, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде: дауыс дірілінің күшеюі перкуссияда перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі.

  • Ауырсыну синдромы: Жөтелгенде, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуденің шаншып ауырсынуы.

  • Интоксикациялық синдром: Дене қызуының 40,0ºC. дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терлегіштік, басының ауыруы, қалтырау.

Лабораторлы зерттеудің көрсеткіштері.

Жалпы қан анализінде: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың оңға жылжуы, лимфоцитопения, ретикулоцитоз.

Аспаптық зерттеудің көрсеткіштері.

Кеуде клеткасына жасалған рентгенограммада: тура және бүйірлік проекцияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация ошағы байқалады. Инфильтрация ошағының пішіні дұрыс емес, артқы контурлары жайылған, біртіндеп сау өкпе тініне ауысқан. Көлеңке сипаты – интенсивтілігі аз, гомогенділігі жоғары. Инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген, өкпе түбірі кеңейген.

Ауруханадан тыс – науқас ауруханаға келмей тұрып, 48 сағат бұрын ауырған. Ауру анамнезі негізделген: науқаста 10 күн ағымында суық тиген соң дене қызуы 40,0ºC дейін көтеріліп, қалтырау, қызба көріністері пайда болған.

Оң жақ өкпелік төменгі бөліктік – патологиялық үрдістер: дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті сырылдың естілуі, кеуде тұсының ауырсынуы, рентгенограммалық патологиялық өзгерістердің орналасуы сол жақ өкпенің төменгі бөлігіне тән.

Орташа ауырлық дәрежелі – интоксикациялық синдромға байланысты науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене қызуы 40,0ºC. Рентгенограммада өкпенің зақымдалуы сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан инфильтрация ошағы, патологиялық үрдіс ошақты болғандықтан. Сонымен қатар өкпе тінің тығыздалу синдромына байланысты.

Тыныс жетіспеушілігі 2-минутына 30рет тыныс алады

Емдеу жоспары

Медикаментозды ем: per os Амбро 1,0*2 р.

натрий хлор 0,9% 200,№5фл ,гилрокарбонат натрий 100,0№2фл .

цеф -3 ,1,0*2р №18фл, новокаин 0,5%-5,0 №18амп,гентамицин сульфат 80мг *1р в/в №5амп

Медикаментозды емес ем: Диета №15,

Күнделік


22.05 .2021

ЖЖЖ 128рет

ТАЖ 39рет

t-38,6С

Науқасқа жүргізілген емнің нәтижесінде жағдайы біршама жақсарған, дене температурасының жоғарылауы 38С, жөтел. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта интоксикациялық синдроммен өкпелік-қабынулық синдромға және жедел ринитке байланысты. Тынысы везикулярлы, ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуторлы екі жақ өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу сақталған. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек тондары жақсы естіледі. Іші дұрыс формада, пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Ұлкен дәреті күнделікті. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.


Емді жалғастыруда.

per os Амбро 1,0*2 р.

натрий хлор 0,9% 200,№5фл ,гилрокарбонат натрий 100,0№2фл .

цеф -3 ,1,0*2р №18фл, новокаин 0,5%-5,0 №18амп,гентамицин сульфат 80мг *1р в/в №5амп


01.06.2021

ЖЖЖ 120рет

ТАЖ 27рет

t-36С

Жалпыжағдайы жақсарған. Жүргізілген емнің нәтижесінде науқастың жалпы жағдай жақсарған, температурасы қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тондар қалыпты, ритмі қалыпты. Үлкен дәреті күнделікті. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.


Емді жалғастыруда.

per os Амбро 1,0*2 р.

натрий хлор 0,9% 200,№5фл ,гилрокарбонат натрий 100,0№2фл .

цеф -3 ,1,0*2р №18фл, новокаин 0,5%-5,0 №18амп,гентамицин сульфат 80мг *1р в/в №5амп



Эпикриз

Паспорттық бөлім


  • Науқас аты-жөні: Алпысбаева Мариям




  • Ұлты: қазақ

  • Жынысы: Әйел

  • Жасы: 17.09.1987. 34 жаста

  • Жұмыс орны: үй қызыметшісі

  • Мекен-жайы: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Жұбанов көшесі 31үй

  • Түскен күні: 21.05.2021

  • Жолданған ұйымның диагнозы:ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы.

  • Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс дамыған сол жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы, орташа дәрежелі.

  • Асқынулары: ТЖ 2

  • Қосымша аурулары: жоқ


Шағымдары.
Түскен кезіндегі: дене қызуының 40,0ºC дейін көтерілуі, тәбеттің төмендеуі,жөтел, ентігу, ұйқының бұзылысы, мазасыздық

Курация кезіндегі: Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация миптомы, тәбеті төмендеген, фебрильді температура, жөтелге.
Anamnesis morbi.
10 күннен бастап аурған ,суық тиуіне байланысты. Дене қызуы 40,0ºC дейін көтерілген.Амбулаторлы цефазолин 1,0*2 р, мукалтин қабылдаған , нәтиже болмаған. Жағдайы нашарлап,дене қызуының 40 0ºC көтерілуіне байланысты жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем көмегімен госпитализацияланған.
Дамуы мен өсуі қалыпты жасына сәйкес болған. Туберкулез, вирусты гепатит және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Туберкулезбен ауыратын адамдармен қатынаста болмаған. Гемотрансфузия жасалмаған. Аллергиялық анамнез таза. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Зиянды әдеттері жоқ. Наркотикалық заттар қолданбаған. Эксперттік анамнез: жұмыссыз,мектеп оқушысы. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы орташа, тамақтануы қалыпты, күніне 3-4 рет.

Status praesens.

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикациялық синдромға байланысты. Есі анық, контактқа оңай түседі, төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі нормостениялы. Теріасты шелмай қабаты бір қалыпты. Бойы 162см, салмағы 57кг.ДМИ-20,1. Дене қызуы 38ºC.Аңқасы қалыпты.

Тері жамылғысының түсі аздап бозарған, таза, ылғалды, ісінулер жоқ. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияланбайды. Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған, күші аздап төмендеген.

Сүйек-буын жүйесі соғу кезінде ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының қозғалыс аймағы шектелмеген.

Жалпы қан анализі: 21.05.21: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғары

Жалпы зәр анализі 22.05.21г: Интерпретация: Зәр анализі шырыш анықталады

ЭКГ22.05.21.

Жүрек ырғағы синусты, ЖЖЖ 92 рет минутына. Жүректің электр осі қалыпты. Ошақты өзгерістер жоқ. Синусты аритмия.

Кеуде клеткасының рентгенографиясы 22.05.21г

Диафрагма қалыпты орналасқан. Синусы бос, жүрек шекаралары кеңеймеген.

Интерпретация: Ренгенограмма бойынша қойылған диагноз, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы.

Мокрота на ВК 3-х кр.отр.

Бак посев кала от 16.05.21 № пат м\ф не обнаружено

Емі:

Медикаментозды ем per os Амбро 1,0*2 р.

натрий хлор 0,9% 200,№5фл ,гилрокарбонат натрий 100,0№2фл .

цеф -3 ,1,0*2р №18фл, новокаин 0,5%-5,0 №18амп,гентамицин сульфат 80мг *1р в/в №5амп
Медикаментозды емес ем: Диета №15,

Науқасқа жүргізілген емнің нәтижелілігі, яғни динамикасының жақсаруы байланысты (температураның тұрақтануы, жөтел мен ентігудің жойылуы, АҚ тұрақтануы) стационардан учаскілік дәрігердің бақылауына шығарылады
Ұсыныстар:

  • Тұрғылықты мекен-жайы бойынша «Д» тіркеуге тұру;

  • Суық тиюден және ЖРВИ сақтану. Тыныс гимнастикасын, дене шынықтыру жаттығуларын жүргізу;

  • Психоэмоционалдық күйзелістен қорғану және ауыр физикалық жүктемені шектеу.

  • Ақуызға және витаминдерге бай тағамдарды, жеміс жидектер және етті тағамдарды қолдану;

  • Учаскілік дәрігер жолдамасымен 1 айдан соң ОКЕ пульмонологының қорытынды тексеруі.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Ішкі аурулар «Пульмонология модулі» серия редакторы Р.С. Досмагамбетова

  2. А.Н. Окороков Москва 2000 Диагностика болезней внутренних органов том 3

  3. А.И. Мартынов, Н.А. Мухин, В.С. Моисеев Москва Геотар – Мед 2004, Внутренние болезни 1 және 2 том

  4. Ішкі аурулар: Маколкин , С.И. Овчаренко – 6 басылым, М. ГЭОТАР –Медиа, 2014 – 976 б. – 18-31 б.

  5. Ключевые моменты диагностики внутренних болезней: 
    Учебное пособие по пропедевтике внутренних болезней / 
    Под ред. Ж.Д. Кобалава. – М.: РУДН, 2011. – 397с. – 210-214

Досмагамбетова, Р С Қонакбаева Р.Д. Өкпенiң шашыранды аурулары. Карағанды:Б.и.,


написать администратору сайта