Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Зерттеу әдістері қандай

  • пропед. Саттар (2). Саттар Баберген жм823 Ситуациялы есеп


    Скачать 80.16 Kb.
    НазваниеСаттар Баберген жм823 Ситуациялы есеп
    Анкорпропед
    Дата05.05.2022
    Размер80.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаттар (2).docx
    ТипДокументы
    #514358

    Саттар Бақберген ЖМ-823

    Ситуациялық есеп.

    Науқас С., 68 жаста, жүрген кезде пайда болатын, күннің соңына таман күшейетін сол жақ тізе және жамбас-сан буындарында ауырсынуға, 20-25мин бойы таңертеңгілік құрысуға, сол жақ жамбас-сан буынында қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Ауру анамнезінде: 8жыл бойы өзін науқас санайды. Аурудың басталуы баяу: біршама физикалық жүктемеден кейін сол жақ шап аймағында және жамбас-сан буынында аздаған ауырсыну пайда болған, алдымен ішкі, кейін сыртқы сан ротациясы шектелген, 10-15 мин бойы таңертеңгілік құрысу пайда болған. Шамамен 2 жыл бұрын ақсаңдай бастаған. Науқас тексерілмеген, кезеңді түрде оң әсерлі СЕҚҚП қабылдайды. Осы жылы сол жақ тізе буынында ауырсыну пайда болып, күшейген, 35-40 мин бойы таңертеңгілік құрысу пайда болған, сол жақ жамбас-сан буынында қозғалыс шектелген. Жүргенде ақсаңдайды. Өмір анамнезінде: жас кезінде ауыр атлетикамен, парашютпен секірумен айналысқан. Буын жарақатын жоққа шығарады. Объективті: Бойы – 176см, салмағы – 73кг. Ісінулер жоқ. Пальпацияда сол жақ жамбас-сан буынында жергілікті ауырсыну, сол жақ бөксе мен сан бұлшықеттерінің атрофиясы анықталды. Ауырсынудан белсенді қозғалыстар көлемі шектелген, қозғалыс кезінде – крепитация. Басқа буындарда өзгерістер жоқ. Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ, ТЖ 24 рет/мин. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, 98соқ/мин. АҚ 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 9×8×7 см. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс.



    ТАПСЫРМА:

    1. Синдромдарды ажыратып, негіздеңіз; басты синдромды анықтаңыз.

    2. Нақты диагнозды негіздеңіз.


    3. Зерттеу әдістері қандай?

    4. Емдік бағдарлама жасаңыз.

    Жауаптары:

    1. Буындық синдром

    Буындардың құрысу синдромы.

    2. Остеоартроз: сол жақтық COXAARTHROSIS.

    3.Рентгенография

    МРТО; биопсия

    Денситометрия

    Артроскопия.

    4. Хондропротекторлармен емдеу: румалон 0,3-0,5 мл күніне 1рет

    Поливинилпирролидин 5мл-15% сұйықтықты аптасына бір рет ірі буындарға енгізу тиіс.

    Метаболикалық терапия: пиридоксальфосфат- күніне 1 рет

    Вольтарен кремын жағу.


    написать администратору сайта