Главная страница
Навигация по странице:

  • Найманқұлова Гүлжан Сарқытқызы

  • Ғылыми жұмыстың мақсаты

  • Міндеті

  • Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар

  • Жан-жануарларға қатысты ырымдар

  • Табиғатқа қатысты ырымдар

  • Ана мен балағабайланыстыырым-тыйымдар

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Ғылыми жұмыс. Жетекшісі Найманлова Глжан Сарытызы


    Скачать 30.66 Kb.
    НазваниеЖетекшісі Найманлова Глжан Сарытызы
    АнкорҒылыми жұмыс
    Дата25.09.2022
    Размер30.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҒылыми жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #695524

    Семей қаласы «18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

    Баяндамашы: АйдыноваХадмира 9 сынып оқушысы

    Жетекшісі:Найманқұлова Гүлжан Сарқытқызы

    қазақ тілі пәнінің мұғалімі

    Тақырыбы: Үш тілдегі ырым мен тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні

    Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда , халқымыздың салт-дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым- тыйым сөздері.

    Міндеті: 

    1.Оқушыларды  адамгершілікке,  имандылыққа,  ата  бабамыздың ұл-қыздарын  тәрбиелеу.

    2.Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – ырым- тиым сөздер, ұлағатты ұғымдар арқылы балаларды жаман әдеттен, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандыру.

    3.Оқушыларды халықтың салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, асыл қасиеттерді бойына сіңіру.

    Ата-бабаларымыздың бұрыннан бері жалғасып келе жатқан ырым-тыйымдары бар. Күнделікті өмірде көп кездесетін бірқатар ырымдардың мағынасын іздеп өздеріңізге ұсынбақпын.

    Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз...
    Салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар. Халық өзінің ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеген.

    Ал, ырым болса, жеке адамның немесе қауымның  жору, болжау арқылы орындаған. Болашақты болжау, жору функциясы басым. Халықтың ұғымында ырым екі түрлі болады:

    1. Жақсы ырым. Мысалы:  а) аттың есінеуі;   ә) баланың тоңқайып жол қарауы; б) сауысқанның шықылықтауы.

    2. Жаман ырым. Мысалы: а) жақ таяну;   ә) қолды артқа ұстау;   б) тізе құшақтау.

    Ырымды табиғат пен әлеуметтік күштер тарапынан жеке адам бұлжытпай орындау үшін хабардар етіп, сездірілетін тұтқиыл сигналдар, рәміздік әрекеттер жүйесі деуге болады. Мысалы: 1. Жұлдыз ақса, оны көрген кісі «Менің жұлдызым жоғары» деп айту керек;  2. Бала сүт тісі түссе, оны майға орап «Жасық тісімді алып, өткір тісімді бер» деп итке беруі керек; 3. Үйдің іргесіне ит сарыса, құт құйылады; 4. Ерттеулі тұрған ат сілкінсе, жын-шайтанды үркітіп жатқаны; 5. Түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды; 6.Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды; 7. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті болады; 8. Сол құлағың шыңылдаса, біреу сені жамандап жатыр.

    Ырымның түрлері – жеке адамның өзі істеуге тиісті емес деп саналғанымен қауым тарапынан ескертілмесе, яки талап етілмесе, орындалмай қалуы ықтимал,  бір ұшы тыйыммен тығыз байланысып жатқан ырымдар. Бұның  ырымға жататыны, жеке адам абайсызда «соны» істеп отырса,  қауымның жөн-жосықты білетін кісісі, «оған» тыйым салып, себебін жолай түсіндіріп, кісіні сақтандырады. Мысалы: жақ таянба. Демек, ырымның бұл түрі  «жеке адам» –  «тыйым салынған әрекет» – «қауым мүшесінің жоруы» деген үштікке табан тірейді.  Тыйымды адам  бұлжытпай орындауға тиісті болса,  ырым (не жақсы, не жаман) жеке адам тарапынан (әрекет пен сөз  арқылы) әбден көрініс тапқан соң, оны қауым мүшесі жору, ескерту, түсіндіру түрінде талқыға түсіретін құндылық болып саналады. Сонымен, ырым-тыйым жеке адам мен қауымның кез-келген мүшесінің арасында белсенді сұхбат, еріксіз пікір алмасуды  тудырып,  жедел реттелетін әлеуметтік-психологиялық категория. Ырым-тыйымда заттар мен құбылыстар белгілі қауымның түсінігі тұрғысынан рәмізделеді де дағдылы сөз тіркесі арқылы көрініс тауып, бағзы мифтік ұғым жаңаша пішінге түсіп  жаңғыртылады. Ырымда шын мәнісінде  болашақты болжау –  басымдыққа ие. Ол күнделікті өмірде жиі ұшырайды, кездейсоқ сипатта және ауыз екі тілде жиі қолданылып, адамды адамдармен қызу қатынастыратын  қабілетке ие. Ырымның негізгі мәні – болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды алдын ала сақтандыру, жаманшылықтан құтқару немесе  орындалуға тиісті шарапатты көрегендікпен сездіріп, қуанышқа кенелдіру, сол қызметтері арқылы жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын  оңалдыру. Ырым-тыйымды  қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа әрі ең өміршең жанрдың бірі деп танимыз. Ол адамның күнделікті  тұрмыс-тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып,  қағылез бақылаушылар тарабынан жария етілетін, қоғамдық санада бағзыда  қалыптасқан қасаң қағидалардың түйіні, түйіршігі деуге болады. Оның ғасырлар керуеніне өтіп, бүгінгі ұрпақтың зердесіне ұя салуы –  қысқа да ұшқыр, ұтқыр да тұтқыр сипатында жатыр. Ырым-тыйымдаркәріқұлақ естияр жандар тарапынан бақыланып, үнемі қадағаланып отыратын қасиетке ие. Әлеуметтік-қоғамдық реттілікті, тәртіпті қалыптастырушы, орнықтырушы бірегей жүйе. Бір сөзбен айтқанда, оны «заңға дейінгі заң»  деп бағалауға болады.

    Әрбір ырымның өзегінде бір замандарда  қоғамда  маңызды рөл атқарған әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр.Ырымның негізгі ерекшелігі – ол  өте-мөте себеп-салдарлы. Оны  мифке жақындатып тұрғаны дәл осы сипаты. Бір сөзбен айтқанда, бұнда қандай бір әрекетті «істесе не болады?» немесе «олай істеуге болмайды, оның себебі мынадай» деген  этиологиялық түсінік орын алады. Ырым кейде қандай бір шұғыл әрекетке байланысты туындайды. Қауым мән беріп, бір мезет назар аудару арқылы қарымта жауап (пікір-тілек, көзқарас, баға) білдіреді. Мәселен, біреу оқыстан  түшкірсе, оған көңіл бөлініп, мынадай сөздер айтылуға тиіс:

    «Бер Тәңір, бес жүз жылқы,

    Асығып айттым, алты жүз жылқы,

    Жетпей айттым, жеті жүз жылқы».

    «Жәрекімалла, жарылқа,

    Құнан қойдан қабырға».

    «Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш,

    Ақ сүт берер саған күш!

    Шым-шым мөлдір суға түс,

    Тұмау тисе, қуа түс!».

    Мифтік таным да әлем қарама-қарсы екі жікке жарылып тұрады: жақсы-жаман, адал-харам, ыстық-суық, обал-сауап, шарапат-кесапат және т.б. Ал, барлық ырым осы керағар түсінікке табан тірейді.

    Ырым-тыйым түрік-моңғол халықтарының барлығында кездеседі. Оны әзербайжандар «сынама», қырғыздар «ырым-дарымдар», моңғолдар «ёр», «цээр», қалмақтар «йори», татарлар «ырым-ишанулар», «сынамыштар» деп атаған. Ырым-тыйым дара жеке тоғай өмірсүре бермей  кейде мақал-мәтелге де  айналып кетеді. Себебі, ырым-тыйым мен мақал-мәтелекеуінде де халықтың ғасырлар бойы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды бақылауындату ғана нәтижелер қорытындыланады. Мәселен, «молағақарайжүгірме», «астықорлама», «жылағанғакүлме» дегентыйымдар «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», «Асты қорлама құстырады, ерді қорлама састырады», «Күлген күле жетеді, екі етегін түре жетеді» деген түрде мақал-мәтелге айналғанын көруге болады. Ырым-тыйымдар қарғысқа да айналады. Айталық, «құр бесікті тербетпе» деген тыйым «құр бесікті тер бетіп қал!» пішінінде қарғыс сөз боп айтылады. Тіпті ертегілерде кейіпкер кесе-көлденең тыйымдарға (әдетте үш рет) тап болады, бірақ оны бұзғандықтан шым-шытырық шырғалаңға түседі, демек көркем сюжеттің динамикалық қарқын мен өрістеуі не біз талдап отырғаны сан түрткі болады. Сонымен,  ырым-тыйым жеке дара тұйықталып қалмай фольклорлық сан алуан басқа жанрларды да түрлендіріп, нәрлендіре түсуге себепші болған. Ырым-тыйым көбінде  бұйрықрайда айтылады да кейде ақыл-кеңеске де ұқсайды, рас ол бұл тұрғыдан мақал-мәтелге жақындағанымен түпкі мәнінде ескерту, сақтандыру, болуға ықтимал қатердің алдын-алушы арасы жатыр. Мақал-мәтелдер керсінше тарихта болған, бастан кешкен жайттардың куәсі іспетті болса, ырым-тыйымда үнемі болашақ болжанады. Айталық, «Үй иен қалса, төсектің үстіне пышақ қойып кет» деген ырым ақыл-кеңеске ұқсайды.Түпкі себебін таратып айтсақ, дәстүрлі танымда  иен үйге, бос төсекке жын-шайтан қонуы ықтимал, ондай рух-иелер өткір жүзді саймандардан, пышақтан сескенеді, демек, ырым да пышақ арқылы қаскөй күшті қуу магиясы тұспалданған. Қорытынды ырым –тыйым қазақ магиялық фольклорындағы шағын жанрлық түр ретінде енді анықталып отыр. Бүгінге дейін бір сыпыра мәтіндер жинақталғаны мен арнайы зерттеле қоймаған осы шағын жанрлық түрдің  халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде көтеріп келе жатқан жүгі орасан ауыр екендігі байқалады.

    Ата-анамыз бізге , «аяқ киімді кигенде оң аяқ­тан бастап кию керек», «жатар­да жаман ойламау қажет», «ымырт­та, яғни бейуақта ұйықтама» деп үнемі айтатын. Мысалы, «ымырт­та ұйықтама» дейтіні мистика бойынша, «дәл сол уақытта жын қоныс аударады, көшіп жүреді екен. Жын ұйықтап жатқан адам­ның үстінен өтіп кетсе, ол есалаң болып қалады» дейді. Сондай-ақ «суға түкірме, түнде өзенге шо­мылма, түнде тырнақ алма» деген ырым-тыйымдарды да жиі ести­тінбіз. Қазақы ырым-тыйымның барлығы да кәдуілгі өмірдің өзі­нен, тұрмыста кездесетін алуан түрлі жағдайаттар даналынған. Мәселен, «түнде тырнақ алма» деген тыйымды алайық. Ештеңесі жоқ, қазіргі күні кейде тырнақты түнде алып жүрміз ғой. Меніңше, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ секілді. Бірақ ойлап отырсаңыз, ата-бабаларымыз өмір сүрген сол бір ғасырларда бүгінгідей жарқырап тұрған жарық шам болмаған, сон­дықтан бала-шағалары тырнақ аламын деп «саусақтарын кесіп ала ма?» деп қобалжудан осындай тыйым пайда болуы мүмкін. Жалпы, мен ырым-тыйымдардың барлығын бірдей қабылдай бер­мей­мін. Меніңше, оның қажетті­сін алу керек те, қажетсізін ысырып тастау қажет. Менің пікі­рім - осы!

    Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар

    Үйге кіріп келе жатқан қонақа байсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның  түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді.

    * * * * * * *

    Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қыздытөргешығарады. Өйткені, солперіштелерқонақкүтушіүйгеқонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстықмейір бар, қызқонақбопбарғанүйіндетөрдеотырса -бойындағымейірісолотбасынасіңеді» дегенырымдыкезкелгенқазақтыңбілежүгеніжөн.

    Жан-жануарларға қатысты ырымдар

    Ұсақ мал сойғандатөсшеміршегінкесіпалып, жарға не босағағалақтырғандажабысыпқалса – олүйдіңатыжүйрікболады.

    Киізүйгеқұмырсқакөбейіпкетсе, жылқыныңекітезегінбайлап, уыққаіліпқояды.

    Мысықтіреу, не босағатырнасаауарайыбұзылады.

    Аққудыатпайды, киесіұрады.

    Ақты (сүтті, айранды) төксемалдыңжелінікетеді.

    Атжолғашығардатезектастасажолболады.

    Жақынадамғаит, пышақсыламайды. Сыйлағанкүндеырымыналады.

    Табиғатқа қатысты ырымдар

    Жұлдызды қолмен көрсетсе қолға сүйел шығады.

    Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып ауырған жеріне тигізсе ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе ауру-сырқау жоламайды.

    Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе – адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан айығады.

    Жаңа ай туғанда түскен келіншек бала-шағалы болады. Екі жас үйленген түні жұлдыз жиі болса, олардың ұрпақтары да көп болады.

    Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.

    Ана мен балағабайланыстыырым-тыйымдар

    Қазақбаланысанамайдыжәнесанынайтпайды.

    Сәбишалқасынанжатыпбашайынтістесе, оны "үйіріншақырыпжатыр" депырымдайды. Яғнионыңсоңынантағыбір бала келедідегенұғым бар.

    Сәбикөзінашыпұйықтаса - жары сұлуболады.

    Баланы бесіккесалардаешкімсөйлемейді. Егербіреусөйлепқойсабылыжылауық, өскендеөсекшіболады.

    Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса - үйге береке, ырыс, байлық келеді. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

    Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, оның "жол ашқаны", күткен жолаушы немесе қонақ келеді.

    Менің пайымдауымша қазақ халқы ұл-қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарынбетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғнитәрбиенің бұл құралын мінез-құлық ережесі түрінде қалыптастыруғатырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік ұрығын,қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пенинабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған.Басқаша айтқанда, болашақ ұрпақ тәрбиесінде  ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іскеасады деген ойдамын.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Әлімбаев М., «Халық тағылымынан» // «Ұлан» газеті, №23.Маусымның 7-сі, 1994 жыл.

    2. «Даналарданшыққансөз». Алматы, «Мектеп», 1987.

      3.«Қазақсалт-дәстүрлері»энциклопедия


    написать администратору сайта