Главная страница
Навигация по странице:

  • Абстракт

  • Зерттеудің міндеттері

  • Жиденің химиялық құрамы

  • Жиде ағашының адам өміріндегі пайдасы

  • Практикалық бөлім

  • Еlaeagnus angustifolia өсімдігінің ББЗ сандық көрсеткіштері

  • Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері

  • Еlaeagnus аngustifolia гүлінің құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері Қорытынды

  • Назарларыңызға рақмет!

  • жиде. Жиде - пайдалы ағаш слайд. Жиде пайдалы ааш


    Скачать 1.58 Mb.
    НазваниеЖиде пайдалы ааш
    Дата02.09.2022
    Размер1.58 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаЖиде - пайдалы ағаш слайд.pptx
    ТипДокументы
    #659216

    Жиде - пайдалы ағаш

    Орындаған: 7-сынып оқушысы Ерболқызы Меруерт

    Жетекшісі: Нукиева Миргул Адилбековна

    Кіріспе

    Кіріспе

    • Табиғат пен адам егіз дүние десек те болады. Өйткені бірінсіз біріне өмір жоқ. Атам қазақ « Бабын тап та, бақ өсір », « Әкеден мал қалғанша, тал қалсын » деп кеткен. Мен осы зерттеу жұмысымда жиде ағашының біз білмейтін пайдалы қасиеттерін анықтадым.Бірақ оны көптеген жерлерде жергілікті тұрғындар көбіне тіршілік қамы үшін отын ретінде жиі пайдаланады.Қазіргі таңда жиде ағашы да жоқтың қасы болды.Осы тығырықтан шығу мақсатында өзімнің ғылыми жобамды «Жиде – пайдалы өсімдік» деп алып, жиде ағашын зерттеп, халыққа насихаттауды , жидеге аса мән беріп, ауылымызды көгалдандырайық деп, көп қасиеттерін қолдануға ұсыныс бергім келіп отыр.
    • Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өзіміздің туған өлкеміздегі жиде ағашымен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай айналамызда өсіп тұрған емдік қасиеті бар ағаштарды тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді.
    • «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
    • Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан пайдалы ағаштарын тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
    • Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.Әрбір азамат туған өлке жеріндегі экологиялық хал-ахуал туралы жан-жақты мағлұмат алуға, оны жақсарту әдістерін ойластыруы, әсем табиғаттың тепе-теңдігін сақтауы басты міндеті деп ойлаймын.

    Абстракт

    • Зерттеу мақсаты: Қоршаған ортада жиде ағашының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жемісінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын анықтау.
    • Зерттеудің міндеттері:
    • Жиде өсімдігіне ботаникалық сипаттама беру;
    • Жиде түрлерін анықтау;
    • Жиде өсімдігінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын қарастыру;
    • Зерттеу барысында анықталған деректерді қолдану арқылы, жиде өсімдігінің табиғи және өндірістегі маңызын дәлелдеу;
    • Зерттеу барысында қолданған әдебиеттер тізімін реттеу.

    Ботаникалық сипаттама

    • Жиде ағашы Солтүстік Американың шығыс бөлігінен шыққан . Республикамыздың батысындаоңтүстігіндеЖоңғарІлеКүнгей Алатау тауларында, Қаратауда, сонымен бірге СырдарияШуТаласІлеАрыс Сарысу өзендерінің маңайында, көл бойындағы тоғайлардақұмды және 
    • сортаң жерлерде өседі. Екіншісі – түркмен жидесі еліміздің оңтүстік аймағында өседі.

    • Оның биіктігі 3–8 метр, бұтақтары тікенді, жапырақтары сыртын майда күмісті түсті тарамдалған түктер жауып жатады. Жапырағы бүтін жиекті кезектесіп, не қарама-қарсы орналасады.
    • Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр, қызыл-қоңыр. Ал жапырақтарының ұзындығы 3-8 см, ені 0,4-1,8 см келген сопақ пішінді. Гүлі екі үйлі, қос кейде дара жынысты. Жиде – жеміс-жидек тұқымдастарының ішіндегі ең соңында гүлдейтін ағаш. [4]Гүлі ұсақ, хош иісті, қызғылт сары. Гүлінің иісі өткір, жүз метрге дейін иісі аңқып тұрады.
    • Жиденің химиялық құрамы: Химиялық құрамы: Жемістің  жеуге болатын бөлігінің 100 г энергетикалық бәсі -59-105 калорий. Жемістің 95-98% алқалардың, 17,0 ден 76,5% дейін жұмсақ заттардан тұрады; 1,2-1,6 % наруіз; 0,1-0,3% май; 0,6-1,4% жасунық. 1,7 - 3 % дейін органикалық  қышқылдар (көбіне алма және янтарная) асырайды. Жемістерде  зизипин қышқылы кездеседі.[3] Унаби айырым өзгешелігімен С витаминіне  - 26 - 1700 мг/100г. дейін және Р-белсенді заттар  305 -1230 мг/100 г. дейін болып табылады.  В1витамины (0,02 мг/100 г), В2 (0,04 мг/100 г),  В5 (0,9 мг/100 г) , бета-каротин ( 20-40 мг/кг) кездеседі.

    Жиде ағашының адам өміріндегі пайдасы

    • 1. Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданылады
    • 2. Тағам ретінде қолданылады
    • 3. Медицина саласында қолданылады
    • 4. Хош иісті бояулар жасауда қолданылады
    • 5. Қолөнер заттарын жасауда қолданылады
    • 6. Үй құрылысы заттарында қолданылады
    • 7. Тұрмыстық заттар жасауда қолданылады
    • 8. Отын ретінде қолданылады
    • 9. Қазақ халқының сенімінде, ырымында қолданылады
    • Жиде ағашын сәндік материал үшін пайдаланады. Ағаштың техникалық қасеті беріктік, сепінділік қасиеттерімен, сәнділік өрнектілігімен бағаланады. - Жиде ағашынан кесе салғыш, кебеже, қамшының сабы т.б заттар жасалады; - Жиде ағашының сүйегінен, жапырағынан, бұтақтарынан сан алуан картиналар жасауға болады; - Сүйегін қайнатып, шайырынан бояу жасауға болады; - Жиденің қабығын суға қайнатыпта бояу алуға болады; - Қайнатылып, жұмсар, аң сүйегінен қыз балаларға табиғи әдемі моншақтар жасалады.
    • Құрылыста дінгегін қиып ұсталар үй салуға пайдаланады.

    Практикалық бөлім


    Мен осы жұмысты зерттеу жұмысымда жиденің қаншалықты адам өмірінде маңызы бар өсімдік екенін білдім. Ал басқалар ше?Жиденің пайдасын білема? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында сыныптастарым арасында сауалнама жүргіздім.

    Барлығы: 18 оқушы қатысты.

    Нәтижесінде қазіргі мектеп оқушыларының жиде ағашының тұрмыста, денсаулыққа пайдасын көбісі білмейтін болып шықты.



    Шикізат атауы

    Ылғалдылығы,%

    Күлділігі, %

    Экстрактивтілігі, %

    Қышқылдылығы, %

    Аскорбин қышқылы мг/%

    Антоциандар, %

    Флавоноидтар, %

    Полифенолдар, %

    Белок, %

    Қант, %

    Клечатка, %

    Май, %

    Каротин, мкг/100г

    Фенол қышқылы, %

    Суда

    Спиртте

    1

    Еlaeagnus angustifolia гүлі

    84,2

    2,56

    30,5

    16

    0,15

    19,4

    0,1257

    1,0962

    23,734

    22,69

    3,002

    32,8

    2,18

    412

    0,08

    Еlaeagnus angustifolia өсімдігінің ББЗ сандық көрсеткіштері

    Шикізат

    Cu, мг/кг

    Zn, мг/кг

    Mn, мг/кг

    Fe, мг/кг

    Co, мг/кг

    Cd, мг/кг

    Ca, %

    Mg, %

    K, %

    Na, %

    Еlaeagnus angustifolia гүлі

    4,95

    6,15

    21,7

    323

    0, 08

    0, 06

    2,41

    1,32

    2,45

    0,17

    Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері

    Амин қышқыл

    дарының атауы,

    мг/100г

    Аланин

    Глицин

     

    Лейцин

     

    Изолейцин

     

    Валин

    Глютамат

    Треонин

    Пролин

    Метионин

    Серин

    Аспаратат

    Цистин

    Оксипролин

    Фенилаланин

    Тирозин

    Гистидин

    Орнитин

    Аргинин

    Лизин

    Триптофан

    Еlaeagnus angustifolia гүлі

    927

    309

    543

    425

    336

    2514

    306

    704

    102

    648

    1395

    59

    4

    512

    418

    372

    4

    598

    287

    144

    Еlaeagnus аngustifolia гүлінің құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері

    Қорытынды

    Қорытынды

    • Жиде ағашының жоғарыды айтып кеткен қасиеттерін, пайдасын негізге ала отырып, туған жеріміздің ауасын тазартуға, елімізді көркейту, адамзат денсаулығын жақсартуға қолдану керек деп ойлаймын. Елімізді жасыл желекке айналдыру өте қиынға түсіп тұр. Тіпті көп жерлер тақырланып қалуда. Сондықтан да жақсы өсетін, қай жағынан да пайдалы жиде ағашын егіп, қөгалдандырып, табиғат апатымен күресуіміз керек. Ал еліміздің болашағын ойлайтын біздер екенімізді ешқашан естен шығармауымыз керек. Кез келген ағашты отырғызбай өзіміздің топырағымыз да өсетін жоғарыда төзімді жан- жақты пайдасы бар мәдени, әдемі ағаш жидені отырғызсақ деймін. Жиде – пайдалы ағаш деп ала отырып, бірде – бір қалдық қалмайтын жиде ағашының қасиетін пайдаланайық демекшімін. Егер менің айтқан ұсынысымды тыңдарман қабыл алса, табиғатты қорғауға қосқан үлкен үлесім болар еді.
    • Жиде ағашы «дала аруы» деуге тұрарлық туған өлке табиғатының тағы бір әсемдік туындысы. Жазы аптап, қысы – қатал күрделі табиғат жағдайына төтеп беріп жапан дала, құла түзде бағбан баптағандай мәуесін төгіп тұратын жиде ағашының өлкеміздің табиғатында алатын орны ерекше екендігіне кәміл сенімдімін. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев белгілеп берген «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының негізгі өзегі – адам денсаулығына ерекше көзқарас, қамқорлық жасау.
    • Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы. Сондықтан адам денсаулығына пайдалы затты алыстан іздемей өз өлкеміздің табиғатынан алып,бағалай білсек нұр үстіне нұр болар еді.
    • Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары – бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар өз денсаулығына жастайынан қамқор болуымыз қажет.
    Ұсыныстар 1. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, көкалдандыру жолын қарастыру; 2. Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғау, адам өміріне толық пайдасы бар екендігін теледидарларда насихаттаса; 3. Жиде ағашының көптеп өсіру арқылы тосап, сусындар шығаратын өндірісті дамыту; 4. Ең негізгісі – жиде өсіру арқылы қоршаған ортаның экологиялық жағдайын тұрақтандыру.
    • 5.Мектепте пайдалы өсімдіктер жайлы факультатив сабақтар жүргізілсе;
    • 6.Барлық дүкендердің сөрелерінде жиде, лимон, імбір сияқты пайдалы жеміс-жидектер болса;
    • 7.Қазіргі таңда, күнделікті өмірімізде барлық балалардың қолында чипсы, кириешки, чупа-чупс сияқты денсаулыққа зиянды заттарды көреміз. Міне осы керексіз тағамдардың орнына, жиде, құрт сияқты пайдалы тағамдарды берейік.

    Назарларыңызға рақмет!



    написать администратору сайта