Главная страница

Жылқы малы туралы. Жылы тымына арай


Скачать 88.82 Kb.
НазваниеЖылы тымына арай
Дата23.02.2023
Размер88.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖылқы малы туралы.docx
ТипДокументы
#952178

Жылқы тұқымына қарай:

  • арғымақ

  • қазанат

  • жабы

  • тобышақ

  • текежәуміт

  • қазақы ат

  • қарабайыр

  • пырақ

  • дүлдүл т.б. болып бөлінеді.

Шабыс ат:

  • жүйрік

  • тұлпар

  • сәйгүлік

  • саңылақ

  • бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат: жорға

  • төкпе жорға

  • айдама жорға

  • шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары:

  • Аяқ ылау

  • жетек ат

  • қосақ ат

  • түп ат

  • көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай:

  • Құлын - биенің жас төлі.

  • Жабағы - 6 айдан асқан құлын

  • Тай - жылқының бір жастағысы.

  • Құнан - жылқының екі жастағысы.

  • Дөнен - жылқының 3 жастағысы.

  • Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)

  • Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

  • Ат - піштірілген еркек жылқы.

  • Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.

  • Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.

  • Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.

  • Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.

  • Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.

  • Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.

  • Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

  • Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.

  • Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

  • Мама бие - өте сүтті бие.

  • Мәнерсіз бие - сүті аз бие.

  • Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.

  • Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

  • Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.

  • Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.

  • Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.

  • Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.

  • Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.

Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары:

  • Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.

  • Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.

  • Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.

  • Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.

  • Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.

  • Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.




написать администратору сайта