Жылу машиналары. жылу машиналары. Жылу машиналары. Тест а2
Скачать 16.62 Kb.
|
Жылу машиналары. Тест А-2 1. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді? а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс; г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес. 2.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-ін арттыруға болады, егер ... а) қыздырғыштың температурасын арттырса; б) салқындатқыштың температурасын арттырса; в) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде арттырса; г) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде кемітсе; д) салқындатқыштың температурасын арттырып және қыздырғыштың температурасын төмендетсе. 3. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып,жанғыш қоспа сығылады.Осы такт қалай аталады? а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 4.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы: а) Q=A; б) Q=U+A; в) A= −U ; г) Q= −U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 5. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай? а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %. 6. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі... а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады; б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады; в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп; г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 7. Мұз 0°С температурада ериді. Бұл кезде энергия А. Жұтылады В.Бөлінеді С. Жұтылмайды да, бөлінбейді де Д. Әуелі жұталады, содан кейін бөлінеді. Е. Әуелі бөлінеді, содан кейін жұтылады. 10. Булануға кері процесс А. Компенсация В. Диссоциация С. Конденсация Д.Рекомбинация Е. Диффузия. 10. Сұйықтың булану жылуы В. Температураға С. Сұйықтың еркін бетінің ауданынан D. А, В,С жауаптарынан және желдің болуынан Е. Тек температура мен ауданнан тәуелді. 11. Қаныққан будың қанықпаған будан айырмашылығы А. Қаныққан будың тығыздығы жоғары В. Қаныққан будың қысым жоғары С. Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болады D. Қаныққан атмосферамен динамикалық тепе-теңдікте болады Е. Қаныққан будың температурасы жоғары. 12. Массасы 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама А. Меншікті булану жылуы В. Меншікті балқу жылуы С. Меншікті жылу сыйымдылығы Д. Меншікті жану жылуы Е. Жыуөткізгіштік. 13. Ауаның ылғалдылығын анықтайын аспап А. Динамометр В. ПсихрометрС. Ареометр Д. Мензурка Е. Ешқайсысы да емес. 14. Бұлтта су буы қар кристалдарына айналады. Осының нәтижесінде қоршаған ауа А. Салқындайды В. Қызады С. Қызбайды да, салқындамайды да Д. Жоғары көтерілгенде қызады, төмен түскенде салқындайды Е. Жоғары көтерілгенде салқындайды, төмен түскенде қызады. 15. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі А. Кг В. Дж С. Дж/кг Д. Дж/кг∙К Е. К. 16. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы: а) Q=A; б) Q= U+A; в) U= −A; г) Q= + U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 17. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді? а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс; г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес. 18. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты. Газдың атқарған жұмысы: а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес. 19. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды. Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді. Газдың ішкі энергиясы … а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді; г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты. 20. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі… а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады; б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады; в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп; г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 21. Газ поршень астында қыздыру кезінде атмосфералық қысымда ұлғаяды. Көрсетілген процестердің қайсысы жүріп жатыр. а) Изобаралық б) Изотермиялық в) Изохоралық г) адиабаталық д) ешқандай 22. Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды? а) молекулалардың арақашықтығы артты; б) молекулалардың арақашықтығы кеміді; в) молекулалардың өлшемі өзгерді; г) молекулалардың құрамы өзгерді; д) ешқандай өзгеріс болмады. 23. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет. а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты; б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді; в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды; г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді; д) дұрыс жауап жоқ. 24.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда. а) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;б) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді; в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді; г) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді; д) дұрыс жауап жоқ. 25. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады? а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды; д) дұрыс энергиясына 26. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді? а) дененің ішкі энергиясы тәуелсіз шама; б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына; в) денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына; г) денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына; д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына . 27.100 ºC ретінде қандай температура алынған? а) мұздың температурасы; б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы; в) қайнап жатқан судың температурасы; г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы; д) тұз араласқан мұздың еру температурасы. 28. Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген? а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы; б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы; в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы; г) қыздыру кезінде сәуле шығару; д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция . 29. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады? а) ағаш; б) мыс; в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ. 30. Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді? а) жылу өткізгіштік; б) сәуле шығару; в) конвекция; г) жылу өткізгіштік және конвекция; д) сәуле шығару және конвекция. 31. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460.Бұл сан нені білдіреді? а) кез-келген массадағы темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет; б) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет; в) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет; г) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет; д) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады. 32.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы... а) 347 ; б) 390 ; в) 293 ; г) 3510 ; д) 1560 . 33. Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек? а) ≈213м; б) ≈319м; в) ≈429м; г) ≈535м; д) ≈268м. 34. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды? а) меншікті булану жылуы; б) меншікті жану жылуы; в) меншікті балқу жылуы; г) меншікті жылу сыйымдылық; д) жылу өткізгіштік. |