акушерия 02.02. акушерия 04.02.21. Жктілік диагностикасын,тексеру дістері
Скачать 15.18 Kb.
|
Жүктілік диагностикасын,тексеру әдістері Жүкті әйелді тексеру анамнезді толық жинаудан басталады. Жалпы мәліметтерден бөлек, әйел организмінің етеккірлік (менструалдық), жыныстық, секреторлық және ұрпақ өрбіту (репродуктивтік) әрекеттерінің функционалдық ерекшеліктері пысықталады. Бұрынғы жүктіліктердің саны мен ағымына, олардың нәтижесіне (бала босану мен түсіктер), алдындағы бала босанудағы асқынуларға, нәрестенің жай-күйіне көңіл аударылады. Сұрауды ағымдағы жүктілік туралы деректерді алумен аяқтайды. Жүкті әйелді жалпы тексеруде мыналар өлшенеді: - дене қызуы (температурасы); - дене массасы; - бойы; - артериалды қысымы. Одан әрі дене бітімі, тері жамылғылары, көзге көрінетін шырышты қабықтар, сүт бездері, іш пошымы бағаланады. Алғашқы тексеруде барлық екі қабат әйелдерден ақуыз бен глюкозаға зәр талдауы, қан тобы мен Rh фактор, қынап жұғындысын зерттеу, мерез бен АИТВжұқпасына серологиялық тексеру жүргізіледі. Арнайы акушерлік тексеруге сыртқы және ішкі тексеру, қосымша әдістер жатады. Жүктілік мерзімін анықтау 1. Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр түбі қасаға мен кіндік арасында қасағадан 6 см жоғары 2. Акушерлік 5 айда (20 апта) жатыр түбі кіндіктен екі елі төмен, қасағадан 12 см жоғары. 3. Акушерлік 6 айда (24 апта ) жатыр түбі кіндік деңгейінде, қасағадан 20 см жоғары. 4. Акушерлік 7 айда (28 апта) жатыр түбі кіндіктен екі-үш елі жоғары, қасағадан 24 см жоғары. 5. Акушерлік 8 айда (32 апта) жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өскіннің ортасында, қасағадан 28-30 см жоғары, іштің шеңбері 8-85 см 6. Акушерлік 9 айда (36 апта) жатыр түбі семсер тәрізді өскін мен қабырға доғасы деңгейінде, қасағадан 34-36 см жоғары, бұл жатыр түбінің ең жоғарғы биік деңгейі, іштің шеңбері 90 см. 7. Акушерлік 10 айдың аяғында ( 40 апта) жатыр түбі сегіз ай кезіндегі деңгейге қайта түсіп, іштің шеңбері 95-98 см болады. Жатыр түбі 8-10 айларда бір деңгейде тұрғанда, оның мезгілін іштің айнала шеңберінің өлшемі бойынша ажыратады. 10 ай аяғында жатыр түбі төмен түсіп, жүкті әйелдің тыныс алуы жеңілденеді. Жүктіліктің екінші жартысында іштің аумағын, жатырдың деңгейін сантиметрлік лентамен өлшейді. Ол үшін лентаны алдынан кіндік үстіне, ал артынан белдің ортаңғы аймағына орайды. Акушериядағы зерттеу әдістері: Мәлімет алу – анамнез жинау; Ішкі мүшелерді зерттеу; Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, қынаптық зерттеу, жатыр мойнын айнамен қарау: Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. Дәрігер креслода тексереді. Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың кіші және үлкен еріндерін ашып, сыртқы жыныс мүшелерін, қынап сағасын, шошақайды, бартолин бездерін және аралықты қарайды. Айнамен зерттеу. Қынап қабырғасын, жатыр мойнын қынап айнасымен зерттейді. Қынаптық зерттеу. Жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы; қынап қабырғасының созылуы, тегістігі; қынап күмбезі; жатыр мойнының ұзындығы, пішіні; жатыр мойнының сыртқы тесігінің пішіні, ашық, жабықтығы анықталады. Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашып, оң қолдың ІІ және ІІІ саусақтарын қынапқа енгізеді, І саусақты жоғары көтереді, ІV және V саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді. Бимануалды зерттеу. Сол қолдың бармақтарымен құрсақтың алдыңғы жағынан жайлап басып, бармақтарды жамбас қуысына қарай жылжытып,екі қолдың бармақтарын түйістіріп, жатырдың орнығуын, пішінін, көлемін, тығыздығын, жылжымалылығын анықтайды. Пельвиометрия – дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын,жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Сыртқы акушерия зерттеулері (Леопольд- Левицкий тәсілдері); Ұрықтың күй жағдайын анықтайтын негізгі антенатальдық тәсілдер: УДЗ, ұрықтың жүрек соғуын зерттеу, анаплацента ұрық жүйесінде допплериометрия қан ағымын анықтау. УДЗ жүктіліктің мерзімін, ұрықтың өсіп дамуын, оның бағытын, орналасуын, және плацентаның орнын, нәрестенің кемтарлығын, егіз жүктілікті анықтайды. |