АГ и беременность. АГ жүктілік. Жктілік жне аг анытамасы
Скачать 67.53 Kb.
|
Жүктілік және АГАнықтамасыАнықтамасы: Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын гипертензиялық бұзылыстар 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес, өлшегенде систолалық (сАҚ ) 140-тан жоғары, диастолалық (дАҚ) АҚ с.б. 90мм жоғары көтерілуі. Барлық жүктілер арасында гипертензиялық бұзылыстар (ГБ) 8-16% -де кездеседі жəне ана өлім-жітімінің құрамында 2-3 орын алады.Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі.Созылмалы АГ (жүктілікке дейін болған). vГипертониялық ауру. vЕкіншілік (симптоматикалық) АГ. Гестациялық (жүктілікпен индуцирленген) АГ. Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия. Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия. Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады. Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет. Жіктелуі:Жеңіл преэклампсия; Ауыр преэклампсия; Эклампсия. Аталған түрлерді бір үдерістің сатылары деп қарастыру қажет. Преэклампсия – әдетте АҚ жоғарылауымен және протеинуриямен байқалатын жүйелі синдром. Эклампсия – эпилепсиямен немесе басқа да айқын патологияға байланыссыз жайылған тырысулар. Жеңіл преэклампсия – протеинуриямен қосарласқан жеңіл гипертензия ± ісіктер. Ауыр преэклампсияАуыр преэклампсия 1. Ауыр гипертензия + протеинурия. 2. Кез-келген ауырлық дәрежелі гипертензия + протеинурия + келесі симптомдардың біреуі: – бас ауру; – көрудің нашарлауы; – эпигастрий аймағының ауру сезімі және/немесе лоқсу, құсу; – тырысуға дайындық; – жайылған ісіктер; – олигоурия (30 мл/сағат немесе 24 сағатта 500 мл аз несеп); – бауырды пальпациялағандағы ауру сезімі; – тромбоциттер санының 100 × 106г/л азаюы; – бауыр ферменттерінің деңгейінің жоғарылауы (АлАТ немесе АсАТ 70МЕ/л жоғары); – HELLP-синдром; – Нәрестеніңқұрсақішілік дамуының кідіруі (НҚДК). Диагностика критерилері:1. 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес өлшегенде систолалық АҚ 140-тан жоғары, диастолалық АҚ с.б.б. 90 мм жоғары көтерілуі; бастапқы АҚ –мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм-ден жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы; 2. Тəуліктік протеинурия 0,3 г/тəул. жоғары; 3. Ісіну қосылуы (міндетті емес). Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті əйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізіледі: 1. Гемоглобин, гематокритті анықтау; 2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау; 3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау; 4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау; 5. Қан сарысуында зəр қышқылының шоғырлануын анықтау; 6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау; 7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау; 8. Коагуляция кескінін анықтау; 9. Нəрестені 18-20, 28-32 апта мерзімінде,сонан соң туғанға дейін ай сайын УДЗ . Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:1. ЭКГ; 2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор; 3. Мерезге серологиялық тексеру; 4. Зəрді бактерилогиялық зерттеу; 5. Нечипоренко бойынша сынама; 6. Бүйректі УДЗ; 7. Нефрологтың консультациясы; 8. Көз дəрігерінің консультациясы; 9. Кардиологтың консультациясы. Қауіп тобы мен факторлары– алдыңғы жүктілік кезінде болған преэклампсия/эклампсия; – жанұя анамнезіндегі преэклампсия; – көп нәрестелі жүктілік. Созылмалы соматикалық аурулар – жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары; – қант диабеті; – семіздік (ДМИ>35); – жас алғаш босанушылар; – антифосфолипидтік синдром; – жасы 40 жастан жоғарылар; – босану арасындағы интервал 10жылдан көп. Емі:АМСК:«Преэклампсияныңжеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған соң науқас әйелді диагнозды нақтылау үшін жоғары деңгейлі мекемеге жолдау керек. Жеңіл преэклампсия емді қажет етпейді, тек мұқият бақылау қажет. Келесі шарттар орындалса, амбулаторлық бақылауға болады: – науқас өз жағдайын адекватты бағаласа, дәрігердің нұсқаулықтарын орындаса; – кез-келген уақытта медициналық көмек алуға мүмкіндігі болса. Ауыр преэклампсия белгілері болса магний сульфаты мен гипотензиялық емді бастау қажет. Міндетті түрде сол жерде науқастың жағдайын тұрақтандырған соң, III-деңгейлік мекемеге жеткізу қажет, мұндай мүмкіндік болмаса жедел көмек көлігімен жақын аймақтағы II-деңгейлік босандыру мекемесіне жеткізеді. Симптоматикалық ем:Симптоматикалық ем: Қазіргі уақытта тек екі түрлі симптоматикалық емді тағайындауға негіз бар: тырысуға қарсы және гипотензивті ем. Тырысуға қарсы ем: Магнезийлік ем преэклампсия/эклампсияны реттеуде неғұрлым зерттелген, нәтижелі, қауіпсіз таңдау әдісі болып табылады. Бастапқы мөлшері – 5 г магний сульфатыныңқұрғақ затын (20 мл, 25% ерітінді) көктамыр арқылы баяу 10-15 минут ішінде енгізу. Қолдаушы мөлшері: – инфузомат арқылы магний сульфатының 1-2 г, 12-24 сағат ішінде көктамырға үздіксіз енгізу керек; – инфузомат болмаса –320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл 25% магний сульфатын 11 там/мин – 1 г құрғақ зат есебімен, 22 там/мин – 2 г құрғақ зат есебімен енгізу қажет. Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі :1.* Метилдопа табл. 250 мг. 2.* Нифедипин табл. 10 мг, 20 мг 3. Нормодипин табл. 5 мг, 10 мг 4.* Атенолол табл. 50 мг, 100 мг 5.* Магний сульфаты егуге арналған сұйықтық 20% ампулада 20 мл 6.* Дексаметазон табл. 0,5 мг, 1,5 мг ҚорытындыСонымен, гипертензиялық бұзылыстар жүктілік кезінде 2-8% кездеседі. Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар ана өлімі құрылымында басты себептердің бірі болып табылады. Сол себепті анамнезінде экстрагениталды жағдайлар болған жүкті әйелдерді аурулары бар, бұрынғы жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайлар болған әйелдерге ерекше көңіл бөлген дұрыс. Жыл сайын әлемде артериялық гипертензиямен (АГ) байланысты жүктіліктің асқынуларынан 50 000 әйел қайтыс болады, сондықтан жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайларды дер кезінде анықтау және алдын алу қажет. |