Главная страница

Гипертензия. Гипертензиялық жағдай - новый - копия. Жктілік кезіндегі гипертензиялы жадайлар Гипертензия


Скачать 91 Kb.
НазваниеЖктілік кезіндегі гипертензиялы жадайлар Гипертензия
АнкорГипертензия
Дата05.09.2022
Размер91 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаГипертензиялық жағдай - новый - копия.doc
ТипДокументы
#663495

Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар


  • Гипертензия – бұл аралығы 30 минуттан 2 рет өлшенген диастолды қан қысымының 110 мм.сын. бағ.тең немесе одан жоғары болу жағдайы;

  • Гипертензия мәселесі (преэклампсия, эклампсия) - өзекті мәселе, барлық жүкті әйелдердің 8-16 % құрайды.

  • Гипертензиялық жағдайлар ана өлімі құрылымында 2-3 орынды алады



АРТЕРИАЛЬДЫ ГИПЕРТЕНЗИИ КРИТЕРИЯЛАРЫ

  • Жеңіл артериальды гипертензия:

  • - систолды қан қысымы ≥ 140 мм сын. бағ.

  • - немесе диастолды қан қысымы ≥ 90 мм сын. бағ. аралығы 30 минуттан 2 рет өлшенген.

  • Ауыр артериальды гипертензия:

  • - систолды қан қысымы ≥ 160 мм сын. бағ.

  • - немесе диастолды қан қысымы ≥ 110 мм сын. бағ. аралығы 30 минуттан 2 рет өлшенген.



  • 1. Созылмалы артериальды гипертензия

  • О10 (0-9)

  • 2. Гестациялық гипертензия О13

  • 3. Преэклампсия: - жеңіл (ауыр емес) О14.0

  • - ауыр О14.1

  • 4. Эклампсия О15


Қауіп факторлары:


  • Алдыңғы жүктілігіндегі преэклампсия/эклампсия жағдайлары

  • - отбасы анамнезінде преэклампсия жағдайы

  • - егіздік

  • - созылмалы соматикалық аурулары:

  • - жүрек-тамырлар жүйесі

  • - қант диабеті

  • - семіздік (ИМТ>35)

  • - жас алғаш жүктілер

  • - антифосфолипидті синдром

  • - 40 жастан асқандар

  • - босану арасындағы аралық 10 жылдан астам



Созылмалы артериальды гипертензия


  • Бұрынғы (созылмалы) артериальды гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20 аптасына дейін анықталынған гипертензия, Гипертензия босанудан кейінгі 6 аптадан артық сақталады.

  • Біріншілік артериальды гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 1-ші жартысында көзге білінбейтін себептерсіз туындаған гипертензия;

  • Екіншілік артериальды гипертензия –бүйрек, тамырлар немесе эндокринды бұзылыстар не қолқа коарктациясына байланысты туындаған гипертензия.


Созылмалы артериальды гипертензия


  • Преэклампсияға бейімдейтін негізгі фактор болып табылады.

  • Созылмалы гипертензиясы бар әйелдердің көпшілігінде жүктілік кезінде гипертензия дамымаса жүктілік қолайлы өтеді;

  • Ем ауыр гипертензия дамуының алдын алуға бағытталады.

  • Гипертензияға қарсы ем Қ/Қ деңгейіне сәйкес тағайындалады.

  • Ең дұрысы амбулаторлық ем болып табылады.


Қан қысымын өлшеу ережесі


  • Қан қысымының деңгейін анықтауға арналған әдеттегі сынапты сфигмоманометрлер анағұрлым нақты болып табылады.

  • Өлшеу кезінде науқас босаңсыған, тыныққан және дұрыс қалыпта отырғызылған (45°бұрышпен) жартылай отырған немесе отырған, бүйір қапталында жатқан - болуы тиіс.

  • Манжетка науқас иығының шеңберіне сәйкес өлшемде болуы тиіс және жүрек деңгейінде иыққа орналастырылады

  • Диагнозды нақтылау үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталау керек. Бір қолда өлшеу жеткілікті.

  • Систолды қан қысымының деңгейі Коротковтың I тонымен (басталуы), диастолдысы - V тонымен (аяқталуы) бағаланады.

  • Көрсеткіштері 2 мм сын.бағ. дейінгі дәлдікпен бағаланады.


Гестациялық гипертензия


  • Гестациялық (жүктілікке байланысты) гипертензия – жүктіліктің 20 аптасынан кейін және көпмүшелік бұзылыстар белгілерінсіз пайда болатын және босанудан кейінгі 6 апта ішінде кететін гипертензия;

  • Преэклампсияға өтуі мүмкін, сондықтан тиісті мониторингты қажет етеді;

  • Жүктілікке байланысты ФАП жағдайында алғаш анықталынғанда аудандық аурухананың гинеколог дәрігеріне жіберу қажет.


ПРЕЭКЛАМПСИЯ
Жеңіл дәрежесінің критериялары:


  • Қ/Қ 140/90 мм.сын.бағ. тең немесе артық, 30 минут сайын 2 рет өлшенген немесе бастапқы қан қысымынан систолды қан қысымының 30 мм. сын. бағ. жоғары, ал диастолды қан қысымының 15 мм. сын. бағ. жоғары болуы

  • (бастапқы қан қысымы - жүктіліктің 16 аптасына дейінгі қан қысымы);

  • Беттің, қолдың ісігі – жоқ

  • Протеинурия 1 г/л дейін 24 сағат ішінде

  • Протеинурия 300 мг 2 сынамада, 4 сағат сайын алынған


Жеңіл преэклампсияны өткізу тактикасы:

  • Жеңіл преэклампсия – емді талап етпейді, тек мұқият бақылау.

  • Қала жағдайында амбулаторлық бақылау жүргізіледі, төмендегідей талаптарды сақтау қажет:

  • науқас өз жағдайын адекватты бағалау, дәрігер ұсыныстарын орындау;

  • кез келген уақытта медициналық көмек алу мүмкіндігінің болуы.

  • егер науқаста төмендегідей белгілер пайда болғанда:

  • (бастың ауыруы, көру қабілетінің бұзылуы, оң жақ қабырға астының ауыруы, беті немесе қолында ісіктің кенеттен пайда болуы, ұрық белсенділігінің төмендеуі (қозғалысының азаюы ) жедел түрде стационарға жету және транспорт мүмкінділігінің болуын нақтылап анықтау;




  • Преэклампсияның ауыр дәрежесі өмірге қауіп төндіретін акушерлік жағдай болып қарастырылады.



Ауыр дәрежесінің критериялары


  • Систолды қан қысымы 160/110 мм. сын. бағ. тең не одан артық, ал диастолды қан қысымы 110 мм. сын. бағ тең не одан артық немесе бастапқы қан қысымынан систолды қан қысымының 30 мм. сын. бағ., ал диастолды қан қысымының 15 мм. сын. бағ. артық болуында; (бастапқы қан қысымы дегеніміз жүктіліктің 16 аптасына дейінгі қан қысымы);

  • Беті мен қолының ісігі;

  • Протеинурия 24 сағат ішінде 1 г/л-ден артық немесе 4 сағат сайын алынған 2 сынамада 300 мг-нан артық;

  • Гипертензияның кез келген түріне нашарлау белгілерінің қосылуы:

  • церебральды белгілер (бастың ауруы, көз көруінің нашарлауы);

  • олигурия (сағатына 30 мл-ден аз немесе 24 сағат ішінде 500 мл-ден аз зәрдің болуы);

  • асқазан маңайының ауырсынуы;

  • құсу;

  • жайылған ісіктер (әсіресе кенеттен пайда болған);

  • тромбоциттер санының 100 х 109/л азаюы;

  • бауыр қызметінің бұзылуы;

  • өкпенің ісінуі;

  • ұрықтың гипотрофиясы;



Ауыр преэклампсияны өткізу тактикасы:


  • Магний сульфатымен емдеуді және гипотензиялық емді бастау қажет.

  • III деңгейдегі ауруханаға жатқызу керек.

  • Егер мұндай мүмкіндік болмаса II деңгейдегі жақын маңдағы стационарға жағдайын тұрақтандырғаннан кейін жедел жәрдем көлігімен жеткізу керек



  • Ауыр преэклампсия емі интенсивті емдеу бөлімі жағдайында жүргізіледі.


ЕМІ

  • 1. Магний сульфат – тырыспаға қарсы, қан қысымын түсіретін, тыныштандыратын препарат.

  • Магнезиальды емСтарттық (бастапқы) доза.

  • Магний сульфаты 25 % 20 мл 15-20 минут ішінде тамыр ішіне .

  • Ұстап тұру дозасы

  • Магний сульфаты 25 % -80 мл 320 мл физ. ерітіндіде сағатына 4,0-8,0 мл (1-2 гр) мөлшерінде диастолды қан қысымы 90 мм. сын. бағ жеткенге дейін жіберіледі.




  • Магнезиальды ем қатаң бақылауда жүргізіледі:

  • Тыныс алу жиілігі минутына 16-дан артық;

  • Диурез сағатына 30 мл-ден кем емес;

  • Сіңір рефлексінің болуы;




  • Егер тыныс алу жиілігі 16-дан кем, диурез 30 мл-ден кем және сіңір рефлексі болмаса, онда магний сульфатынан улану болып табылады, тез арада магний сульфатын тоқтатып, антидот 10 % - 10,0 глюконат кальций ерітіндісі тамырға салынады.


2. Антигипертезиялық емді қашан бастау керек:


  • Систолды қ/қ 160 мм сын.бағ. , ал диастолды қ/қ 110 мм. сын. бағ. жоғары болса;




  • Лабеталол – диастолды қан қысымының 110 мм. сын. бағ. жоғары болуында – 20-40 мг тамырға немесе пентамин 5 % - 1,0 (50 мг) тамырға;

  • Метилдопа /допегит/ - тәулігіне 250 мг-750 мг.

  • Бета – блокаторлар:

  • Метопролол /эгилок/ - тәулігіне 50-200 мг.

  • Конкор - тәулігіне 5-10 мг.

  • Диазепам 10 мг тамырға көрсетпелер бойынша.




  • 3 . Инфузионды ем - сағатына 85 мл мөлшерінде диурезді (сағатына 50 мл / сағ) бақылай отырып, кристаллоидтар (физ. ерітінді, Рингер ерітіндісі) және коллоидтар (ГЭК - Стабизол 6%, Рефортан 6%, 10 %) 1:1 қатынасында жүргізіледі.

  • Инфузионды емнің көлемі 850,0 -1200,0 мл.

  • Физиологиялық ерітінді дәрілік препараттарды енгізу негізі болып табылады.


Өткізу тактикасы:


  • Жүктіліктің 34 аптасына дейін - Бетаметазон немесе дексаметазон 6 мг жамбасқа 12 сағат сайын 4 рет. 24-48 сағат аралығында босандыру, босану жолдарын дайындау (преэклампсияның жеңіл дәрежесін қараңыз).

  • Жүктіліктің 34 аптасынан кейін – босану жолдарының дайындығына қарай 24 сағат ішінде босандыру; 24 сағат ішінде табиғи босану жолдары арқылы босандырудың мүмкін болмауында жүктіліктің кез келген мерзімінде кесар тілігі жасалынады



ЭКЛАМПСИЯ


  • Тырыспа ұстамасы

  • Артериальды гипертензия;

  • Протеинурия;

  • Кома

Өткізу тактикасы:


  • 3-12 сағат ішінде босану жолдарының дайындығын ескере отырып, жалпы жағдайы тұрақтанғанда босандыру.

  • Эклампсия жағдайында құрыспадан кейінгі 12 сағат ішінде босандыру қажет.








написать администратору сайта