Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекілігі

  • Ұяда............., ұшқанда ...................

  • Таяқ ............... , сөз ................

  • Мысық................., тышқан....................

  • 1 сұрақ: Шілдехана

  • 2 сұрақ: Қырқынан шығару

  • 3 сұрақ:Есімін атау (ат қою

  • 4-оқушы:Бесікке салу

  • 5 сұрақ Тұсау кесер

  • 6 сұрақ: Баланы атқа мінгізу салты

  • 7 сұрақ Асату.

  • Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/15060/ysclid=lef28olsq4132022992

  • 8 классы. Жлдызды ст салтдстрді е здік білгірлері Масаты


    Скачать 21.82 Kb.
    НазваниеЖлдызды ст салтдстрді е здік білгірлері Масаты
    Дата13.03.2023
    Размер21.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 классы.docx
    ТипДокументы
    #984457

    «Жұлдызды сәт»

    салт-дәстүрдің ең үздік білгірлері

    Мақсаты:

    Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.

    Күтілетін нәтижелер:

    Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігі- нен қорытынды шығара алады.

    Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта.

    Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»; «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»

    «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов, «Алтын емес, ата салтым қымбат»;
    Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

    Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру

    ДАСТАРҚАН
    Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.

    II «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» кезеңі

    1.Ұяда............., ұшқанда ...................
    (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
    2)Ата............, бала ..................... .
    (Ата- бәйтерек, бала жапырақ.)
    3)Ер......... , ез .................. .
    (Ер бір өледі, ез мың өледі.
    4)Өле ................. , бөле ...................
    (Өле жегенше , бөле же.)
    5)Таяқ ............... , сөз ................
    (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
    6)Мал .............. , жер ...................
    (Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )
    7)Тентектің ақылы ...................
    (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
    8).................. сүйіндіреді, .................. күйіндіреді.
    (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
    9)Мысық................., тышқан....................
    (Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

    III «Дәстүрлерді білесің бе?» Сұрақ -жауап кезеңі

    (2 топ кезегімен ұяшықтарды таңдайды, берілген сөздерге анықтама беріп,мағынасын ашып береді.)

    1 сұрақ:
    Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
    2 сұрақ:
    Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
    3 сұрақ:
    Есімін атау (ат қою
    ) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
    4-оқушы:
    Бесікке салу
     – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.
    5 сұрақ
    Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
    6 сұрақ:
    Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

    7 сұрақ

    Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

    8. Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

    9. Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

    Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/15060/?ysclid=lef28olsq4132022992


    написать администратору сайта