Главная страница
Навигация по странице:

  • ДӘРІГЕР

  • НАУҚАС: ИяДӘРІГЕР

  • НАУҚАС

  • Сценарий сөж. Жм 190061к Жмабек Ариянна Орынхан Нрайым


    Скачать 19.74 Kb.
    НазваниеЖм 190061к Жмабек Ариянна Орынхан Нрайым
    Дата15.02.2022
    Размер19.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСценарий сөж.docx
    ТипДокументы
    #363273

    ЖМ 19-006-1к

    Жұмабек Ариянна

    Орынхан Нұрайым

    ДӘРІГЕР: Кіріңіз. Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз.

    НАУҚАС: Сәлеметсіз бе!

    ДӘРІГЕР: Отырыңыз, сізге ыңғайлы ма?

    НАУҚАС: Ия, рахмет

    ДӘРІГЕР: Мен Орынхан Нұрай, сіздің жергілікті дәрігеріңізбін. Аты-жөніңіз кім?

    НАУҚАС: Жұмабек Ариянна

    ДӘРІГЕР: Ариянна сізді не мазалайды, қандай шағымдарыңыз бар?

    НАУҚАС: Мен көп жүрсем шаршап, ентігіп қаламын, әлсізбін, соңғы кезде салмағымның тез көбейіп бара жатқанын байқап жүрмін.

    ДӘРІГЕР: Өзіңіздің қалай тамақтанатыныңыз жайында айтып бере аласыз ба?

    НАУҚАС: Таңертен тамақтанбаймын, ерте жұмысқа шығып кетемін. Жұмысым көп болғандықтан, көбінесе фаст-фуд алдырып жеймін.

    ДӘРІГЕР: Сіз негізі фаст-фудты жиі қолданатын секілдісіз.

    НАУҚАС: Мен бұған сенімді емеспін, көп жағдайда өзімді басқара аламын.

    ДӘРІГЕР: Жақсы фаст-фудты шектен шықпай жеуге болады, егерде бұл сізге кері әсерін бермесе.

    НАУҚАС: Ия

    ДӘРІГЕР: Сіз өзіңіздің артық салмағыңыз жайлы алаңдайсыз ба?

    НАУҚАС: Ия, әрине.

    ДӘРІГЕР: Сіз осы уақытқа дейін артық салмақтан арылу үшін күрестіңіз бе? Қандай әрекеттер жасадыңыз? Жаттығумен айналысқансыз ба?

    НАУҚАС: Мен осыдан бір ай бұрын, бір апта фитнеске барғанмын. Бар болғаны 1кг салмақ тастаған соң, ары қарай жалғастыра алмадым. Мен күткенімдей болмады.

    ДӘРІГЕР: Сіз жұмыста көп отырасыз, қозғалысыңыз аз. Және көп жүрсеңіз шаршайсыз, ертігіп қаласыз. Тіпті соңғы кезде салмағыңыздың көбейіп бара жатқандығына алаңдайсыз. Салмақ тастағыңыз келеді, бірақ жаттығумен түбегейлі айналса алмайсыз. Мен сізді дұрыс түсіндім бе?

    НАУҚАС: Ия солай...

    ДӘРІГЕР: Ал сіз өзіңіздің салмағыңыздың артып бара жатқандығының қандай жаман жақтарын көресіз?

    НАУҚАС: Негізі ия, маған өзімнің салмақ қосып бара жатқандығым ұнамайды. Өзімді ыңғайсыз сезінемін, көп қозғала алмаймын...

    ДӘРІГЕР: Сіз негізі бұл жағдаймен күресе білдіңіз. 1 апта фитнеске барғаныңыздың өзі айтуға тұрарлық. Сіз менімен өзіңіздің проблемаңыз туралы ашық сөйлесе алдыңыз. Батылдығыңыз үшін сізге ризамын. Бұл сізге оңай емес екенін түсінемін, осының барлағын маған айтқаныңыз үшін рахмет.

    ДӘРІГЕР: Мен сізге көмектесетін бірнеше жолдарды ұсынайын.

    НАУҚАС: Ия маған көмектессе жақсы болушы еді.


    ДӘРІГЕР: Сізге жоспарлы диетасы бар брюшаларды берейін және диетаға қоса жаттығумен айналыссаңыз ол сізге жақсы көмектеседі. Сонымен қоса сізге диетологтың көмегі және салауатты өмір салты кабинетіне баруыңызды ұсынамын. Сіз міндетті түрде нәтижеге жетесіз!

    НАУҚАС: Жақсы мен өзгеруге тырысамын. Сізге көп рахмет. Сау болыңыз!

    ДӘРІГЕР: Сізге көмектесе алғаным үшін қуаныштымын. Сау болыңыз!


    написать администратору сайта