анатомия. 3нұсқа 7-сабақ анатомия. ЖМ171К Серикбаева Жазира Иы буынын андай байламдар ныайтады
Скачать 1.52 Mb.
|
3-нұсқа ЖМ17-1К: Серикбаева Жазира 1. Иық буынын қандай байламдар нығайтады: А. Құстұмсық-иық Б. буын-иық, B. құстұмысқ-акромиалды, Г. Буын ішілік. 2. Проксималды шынтақ-кәрі жілік буынының сипаттамалары: А. қарапайым, Б. күрделі B. Цилиндр тәрізді Г. эллипс тәрізді D. бір білікті E. екі білікті Ж. үйлесімді 3. Проксималды шынтақ –кәрі жілік буынында мүмкін болатын қозғалыстар: А. бойлық білік айналасында кәріжіліктің айналуы, Б. бойлық білік айналасында шынтақ жіліктің айналуы, B. бүгілу Г. Жазу Д. кешенді 4. Шынтақ буынының буындық қапшығын нығайтуға қатыспайтын байлам: A. шынтақтық жанама Б. кәрі жіліктікжанама B. кәрі жіліктің сақиналы Г.шаршы D. қиға 5. Қай буын беттері дисталды шынтақ-кәрі жілік буынын құрайды: А. Шынтақ жіліктің буындық айналымы және кәрі жіліктің шынтақтық тілігі Б. кәрі жіліктің буындық айналымы және шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігі B. кәрі жіліктің мойын бөлігі және шынтақ жіліктің шығыршықты тілігі D. кәрі жіліктің мойын бөлігі және шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігі 6. Дисталды шынтақ-кәрі жілік буынының сипаттамалары: А. қарапайым Б. күрделі, B. Цилиндр тәрізді Г. эллипс тәрізді D. бір білікті E. екі білікті Ж. үйлесімді 7. Дисталды шынтақ-кәрі жілік буынына тән қозғалыс: А. Шынтақ жіліктің айналасында кәрі жіліктің айналуы Б. бойлық білікте шынтақ жіліктің айналуы B. бүгілу Г. жазу 8. Кәрі жілік-білезік буынының буындық қапшығыннығайтуға қатыспайды: A. білезіктің кәрі жіліктік жанама байламы Б. білезіктің шынтақтық жанама байламы B. Шынтақ жіліктің сақина тәрізді байламы, Г. Алақандық кәрі жілік-білезік алақандық байламы Д.Сыртқы кәрі жілік-алақан байламы 9. Қол басындағы II-V білезік-алақан буындарын түзеді:II-V алақан сүйектерінің негіздері және: A. білезік сүйектерінің бірінші қатарының проксималды буын беттері, Б. білезік сүйектерінің екінші қатарының проксималды буын беттері, B. білезік сүйектерінің бірінші қатарының дистальды буын беттері, Г. Білезік сүйектердің екінші қатарының дистальды буын беттері. 10. Басбармақтың білезік -алақан буынын түзеді: I алақан сүйектің негізі және: А. трапециялық сүйек, Б. трапеция тәрізді сүйек B. ілмек тәрізді сүйек, Г. Бұршақ тәрізді сүйек 11. Төменде келтірілген буындардың қайсысы алақан-саусақ буындарын құрайды: А. Алақан сүйектерінің бастары және проксималды бунақтардың эллипс тәрізді негіздері Б. алақан сүйектерінің негіздері және проксималды бунақтардың эллипс тәрізді негіздері B. Алақан сүйектерінің бастары мен дисталды бунақтардың эллипс тәрізді негіздері Г. алақан сүйектерінің негіздері және дисталды бунақтардың эллипс тәрізді негіздері 12. Алақан-саусақ буынының буындық қапшығыннығайтатын байламдар: А. бүйірлік жанама Б. алақандық B. Алақан сүйектерінің терең көлденең байламдары Г. сыртқы D. терең көлденең E. терең алақандық. 13. Ұршық буынының буыннан тыс байламдарына жатпайды: А. Ұршық ойығының көлденең байламы, Б. дөңгелек аймақ, B. мықын-ортан жілік байламы Г. қасаға-ортан жілік байламы, D. шонданай-ортан жілік байламы. 14. Тізе буынындағы көмекші аппаратқа жатпайды: A. мениск Б. буын ішілік байламдар, B. синовиальды жарғақтың қатпарлары, Г. синовиальды сөмкелер, D. Буындық диск 15. Тізе буынының қуысымен байланысатынсиновиалық қап: A. шандыр астылық (тері астылық) тізе тобығы алдылық Б. терең тізе тобығы асты B. сіңір астылық тізетобығы алдылық Г. санның екі басты бұлшықетісіңірі астылықтөменгі 16. Тізебуынының буын ішілік байламына жатпайды: A. тізенің көлденең байламы, Б. алдыңғы кресттәрізді байламы B. артқы крест тәрізді байламы Г. Тақымның доға тәрізді байламы. 17. Тізе буынында айналмалы қозғалыстар мүмкін болу үшін қандай қимыл жасау керек? А. тізе буынындағы бүгілу, Б. тізе буынындағы жазылу, B. ұршық буынында жазылу Г. ұршық буынында бүгілу. 18. Төмендегілердің қайсысыасықты жілік-кіші жіліншік аралық буын құрайды A. асықты жіліктің медиалды айдаршығы және кіші жіліншіктіңлатералды толарсағы Б. Асықты жіліктің латералды айдаршығы және кіші жіліншіктің басы B. асықты жіліктің медиалды айдаршығы және кіші жіліншіктіңмедиальды толарсағы Г. асықты жіліктің медиалды айдаршығы және кіші жіліншіктің басы 19. Асықты жілік-кіші жіліншік аралық буындағы буындық қапшықты нығайтатын кіші жіліншік басының байламы: А. алдыңғы және артқы, Б. жоғарғы және төменгі, B. латеральды және медиалды Г. беткей және терең. 20. Төмендегі қай буынбеттері асық-сирақбуынын құрайды: А. латералды және медиалды толарсақ, асықты жіліктің төменгі буындық беті мен асық сүйектің шығыршығы Б. латералды және медиальды толарсақ, асықты жіліктің жоғарғы буындық беті мен топайдың шығыршығы B. латералды және медиальды толарсақ, асықты жіліктің төменгі буындық беті мен өкше сүйектің шығыршығы Г. латералды және медиальды айдаршық,асықты жіліктің төменгі буындық беті мен топайдың шығыршығы 2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-6 балл. Максималды 30 балл.
3 тапсырма. Жағдайлық есептер. Әр тапсырмаға 15 балл. Максималды 30 балл 1тапсырма Білек сүйектерінің сынықтары олардың дисталды және проксималды эпифиздерінің, сондай-ақ диафиздерінің қосылыстарының әр түрлі болуынан күрделі болып келеді. Сұрақ:Кәрі жілік пен шынтақ жілік қосылыстарының түрлерін атаңыз. Жауабы: Кәрі жілік шынтақ буыны(articulatio radioulnaris proximalis)- 1) кәрі жіліктің шеңбер бағытта орналасқан басынан(circumferencia articularis) және 2) шынтақтың кәрі жіліктік тілігінен(incusura radialis) тұрады. Ligamentum collaterale ulnare тоқпан жіліктің медиалды айдаршығынан басталып, шынтақ жілік шығыршығына бекиді. Ligamentum collaterale radiale тоқпан жіліктің латеральды айдаршығынан басталып, шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінің алдына және артына бекиді. Ligamentum anulare radiale шынтақ буынның шеңбер бағытта орналасқан байламы. Шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінен төмен өтіп, кәрі жілік мойнына бекіп, квадрат байлам(ligamentum quadratum) түзеді. 2 тапсырма Нәрестені қарау кезінде қолдың үшінші және төртінші саусақтарының бірігуі байқалды. Қолдың рентгенограммасында осы саусақтардың бунақтарының толық бітісіп кеткені анықталды. Сұрақ: Қолдың осы даму аномалиясын атаңыз. Жауабы: Синдактилия-аяқ, қол саусақтарының туа біткен аномалиясы. 2 немесе бірнеше саусақтардың бірігіп кетуі. |