сараптама. Сараптама КабушеваА.. Жмашева Айшагл
Скачать 14.3 Kb.
|
Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қаңтар-ақпан-наурыз айларында өткізілген дайындық сынақтарына талдау
Сараптама Оқушыға қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша дайындыққа қажетті қосымша әдебиеттер,оқулықтар,анықтамалар берілді.Әр апта сайын қосымша сабақтар жүргізіліп отырды.Оқушы ай сайынғы тест қорытындысы бойынша өзіне мақсат қою арқылы қатемен жұмыс жасап отырды. Қазақ тілі пәнінен сатылай кешенді талдау жұмысы жүргізілді.Оқушы талдау жасау арқылы тақырыптық тарауды меңгерді,оқулықпен жұмыс жасалынды.Әр тарауды аяқтағаннан кейін тест сынамалары өткізілді. Қазақ әдебиеті пәні бойынша да оқулықпен жұмыс жасалып,тақырыптық тарау талданды,қатемен жұмыс жасалып отырды. Осы орайда оқушы белсенділігінің төмен болғанын айта кеткен жөн.Есте сақтау,уақытты тиімді пайдалану сияқты дағдылар кей жағдайларда кемшін болды.Әр талдау соңында жіберілген кемшіліктер талданып,оқушы өзі тексере отырып,қорытындылайды. Пән мұғалімі: Кабушева А. |