Главная страница

физра. 2 апта_ЖФ. Жмса дрілік трлерді рецептурасы жне технологиясы Сабаты масаты


Скачать 39.38 Kb.
НазваниеЖмса дрілік трлерді рецептурасы жне технологиясы Сабаты масаты
Анкорфизра
Дата30.04.2022
Размер39.38 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 апта_ЖФ.docx
ТипДокументы
#505824



Тақырыбы: Жұмсақ дәрілік түрлердің рецептурасы және технологиясы

Сабақтың мақсаты: жақпа май, паста және линименттерді рецепт жазу тәсілдерін меңгеру.

Өткізілетін орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының Online сабақтары

Сабақтың ұзақтығы: 4 сағат

Мази - Unguenta (ілік сеп. - unguentum) сыртқы қолдануға арналған жұмсақ дозаланбаған түрлері. Жақпа майы құрамында дәрілік зат және майдың негізі болады. Оның консистенциясы мен жабысқақтығы бойынша май негізі ерітілген шошқа майына ұқсас, соның арқасында ол тері қабаттарында оңай және берік сақталады.

Жануарлардан алынатын майлардан қолданылады:

1. тазартылған шошқа майы (adeps suillus depuratus)

2. сиыр майы (sebum bovinum)

3. сар майы (Butyrum vaccinum)

Өсімдік майларына жатады:

1. зығыр-oleum lini

2. күнбағыс-oleum helianthi

3. шабдалы-oleum persicori

4. Бадам – oleum amyqdalari

5. зәйтүн-oleum olivari

6. жүгері – oleum maydis

Минералды майларына жатады:

1.вазелин-vaselinum

2. ланолин ( қой майы) – lanolinum

3. қатты парафин-paraffinum solidum

4. балауыз сары және ақ-cera flavum, cera alba

5. церезин (озокерит тазартылған тау балауызы) - ceresinum

6. вазелин майы – oleum vaselini

7. Нафталан майы-unguentum naphthalanum

Беттік әсерге арналған минералды немесе өсімдік тектес майлар, ал жануар тектес майларға терең (резорбтивті) әсер ету үшін дайындалады. Жақпа майларда әсер ететін әртүрлі механизмдерге ие дәрілік заттар (тұтқыр, қабынуға қарсы, кератолитикалық, кератопластикалық, тітіркендіргіш) жағылу орнында ғана әсер ете отырып, қажет болған жағдайда теріге терең сінеді.

Кейбір майлы негіздердің сипаттамасы.

Мінсіз майдың негізі жоқ. Мүмкіндігінше индефференттік қасиеттің бейтарап реакциясының май негіздерін пайдаланады. Өсімдік және жануар тектес майлар әр түрлі дәрілік заттармен жақсы араластырылады, жақсы сіңеді бірақ сақтау кезінде бұзылып және еркін май қышқылдары, альдегидтер пайда болады. Олар дәрілік заттармен химиялық өзара әрекеттесіп одан кейін жанама әсер етеді.

Іс жүзінде келесі майлы негізді жиі қолданады: вазелин-vaselinum ақ-album және сары-flavum. Бұл минералды зат 37-50 градус температурада ериді, бейтарап реакция, тұрақты, беттік әсер етеді.

Ланолин-қой майы. Сусыз ланолин өз салмағының 150% - ға дейін су сіңіруі мүмкін, бұл ретте тұтқыр жақпа тәрізді консистенцияны сақтайды. Таза түрде және басқа да негіздермен бірге қолданылады: минералды, өсімдік, жануар тектес. Ланолин-Lanоlinum 2 түрге бөлінеді Су-hydricum және Сусыз - anhydricum 30 бөліктен судан және 70 сусыз бөліктен тұрады. Негізі тұрақты, теріге жақсы сіңеді (әсіресе өсімдік майы қосылған кезде).

Шошқа майы-Аdeps suillus. Ішкі майын алады. 34-36 градус температурада ериді, негізі тұрақсыз, тез бұзылады. Ұлпаларға терең сінеді.

Сиыр майы-ірі қара малдың ерітілген майы, 53 градус температурада ериді, жылдам бұзылады.

Балауыз ақ және сары 63-65 градус температурада ериді. Майларды тығыздау үшін және олардың тұтқырлығын арттыру үшін қызмет етеді.

Рецептіде жақпа майларды толық (жеке құрамдас бөліктерін көрсете отырып) және қысқартылған (дәрілік заттың құрамы % және жақпа майларының жалпы санын көрсете отырып) нысанда жазып береді.

Жазу түрлері:

1. магистральдық яғни дәрігердің жазбалары бойынша жасалған

2. ресми-фармакопеяға жазылған

Май жазу үшін білу керек:

1. жақпа майлардағы дәрілік заттың құрамы (% концентрациясы)

2. шығарылатын жақпа майларының жалпы көлемін

Ереже:

1. Егер май негізі көрсетілмесе, фармацевт вазелинде жақпа майды дайындайды

2. Егер % концентрациясы көрсетілмесе фармацевт 10% жақпа майды дайындайды.

Мысал. Ихтиол жақпа май дәрісінен 30,0 жазып беріңіз:

Толық түрі

Rp.: Ichthyoli 3,0

Vaselini ad 30,0

M.f. unugentum

D.S. Сырттан, жараға жағуға

Қысқартылған түрі:

Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% - 30,0

D.S. Сырттан,жараға жағуға
Паста. Pasta – концентрациясы тығыз жұмсақ жақпа май дәрісі, сырттан қолдануға арналған.

Паста құрамы:

1. дәрілік зат

2. құрғақ зат 25% - 75% (amylum, тalcum, bolus album)

3. жақпа негізі, жиі вазелин.

Жақпа майға қарағанда тығыз консистенцияға ие бола отырып, паста терінің бетінде ұзақ сақталады, әсер жергілікті көрсетеді, ал терінің бетіне орауышпен бекітіп салады.

Жазу тәсілдері: 1. кеңейтілген (толық) және 2. қысқартылған

Мысал. 6% мырыш пастасың 30,0 жазып беріңіз:

Толық түрі

Rp: Zinci Oxydati 1,8

Talci 7,5

Vaselini 20,7

M.f. pasta

D.S. Сырттан, жараның бетіне орауышпен бекітіп салуға

Негізгі затты табамыз

6,0-100,0

Х-30,0

Х=1,8

Құрғақ заттардың проценті берілмеген, ендеше 25-75 % шегінде жұмыс істеуге болады.

25,0-100,0

Х-30,0

Х=7,5

Үшінші компонент - майлы негізді табу үшін дәрілік зат пен құрғақ затты қосамыз. 1,8+7,5=9,3 және оларды пастаның жалпы көлемінен аламыз.

30,0-9,3=20,7

Қысқартылған түрі:

Rp.: Рastae Zinci Oxydati 6% - 30,0

D.S. Сырттан, жараның бетіне орауышпен бекітіп салуға
Линименттер – (Linimentum, ілік сеп.- linimenti) – сұйық жақпа майы жануарлардың дене температурадасында ериді, сылап жағуға арналган дәрілік түрі. Линименттер түрінде тітіркендіргіш, қабынуға қарсы, паразиттерге қарсы, бөртпеге қарсы және басқа да дәрілер қолданылады. Линименттің құрамы - дәрілік зат, линименттің негізі – бейтарап сұйық майлар (мысалы, зығыр – oleum lini, күнбағыс – oleum helianthi, вазелин-oleum vaselini). Линименттердің әсері қысқа емес, сондықтан оларды тәулігіне 3-4 рет бірнеше тәулік бойы қолданады.

Линименттер мөлшерленбеген дәрілік түрлер және жалпы санымен жазылады. Магистральды линименттер ашық түрде, ал ресми түрде қысқартылған жазба бойынша жазылады. Линименттерді қолданар алдында шайқау керек.

Ереже: Егер, рецепттың шартында жақпа май негізі көрсетілмесе, онда фармацевт құнбағыс немесе зығыр майында, егер концентрациясы көрсетілмесе, онда 10% линимент дайындайды.

Мысал. 5% хлороформды (Chloroformium) линимент түрінде 100,0 жазып беріңіз:

Толық түрі

Rp.: Chloroformii 5,0

Olei lini ad 100,0

Misce, fiat linimentum.

D.S. Сырттан, жараға сылап жағуға.

Қысқартылған түрі:

Rp.: Linimenti Chloroformii 5% - 100,0

D.S. Сырттан, жараға сылап жағуға

Мөлшерленбеген жұмсақ дәрілік түрлері

Балауыздар - Suppositoria (ат.сеп. Suppositorium, ілік сеп. - Suppositorii) - тік ішекке және қынапқа қолдануға арналған мөлшерленген дәрілік түрі бөлме температурасында қатты, ал жануардың дене температурасында ериді.

Құрамы: 1. дәрілік зат

2. майлы негізі

Майлы негізі ретінде какао майы oleum cacao және бутерол – bumyrolum жасанды майлардың желатиннің, глицириннің, судың 1:5:2 қоспалары алынады.

Балауыздарда жансыздандыратын, жұмсартатын, антисептикалық және қабынуға қарсы заттар қолданылады. Балауыздардың көптеген түрлері фармацевтік өнеркәсіп заводтарында дайындалған ресми түрлері нитрофуранды гинекологиялық балауыздар, жатыр ішіне салынатын фурозолидонды таяқшалар болып табылады. Балауыздардың негізіне бір талап қойылады, балауыздардың еріту температурасы 370С-тан аспауы тиіс. Балауыздарда жұқа жылтыр қағазға орап, қорапшаға салып, қараңғы, салқын жерде сақтайды.

Балауыздарды жазып беру үшін білу керек:

1. Бір балауызға қажетті дәрілік заттың мөлшерін;

2. Балауыздардың санын;

3. Бір балауыздың салмағын (ұсақ малдар үшін-2,0-4,0 ірі қара малдар үшін 5,0-10,0 және одан артық грамм)

Мысал. Бір балауызға 0,6 мөлшерде ихтиолды, 10 тік ішек балауыз түрінде жазып беріңіз:

Rp.: Ichthyoli 0,6

Butyroli q.s иt fiat suppositorium rectalеs

D.t.d. №10

S. Тік ішекке,бір балауыздан күніне 2 рет.

Ресми жазбалар бергенде балауыздың ішінде дәрілік заттың көлемі көрсетіп, рецепт қысқартылған түрде толтырылады.

Rp.: Suppositorii cum Ichthyoli 0,6

D.t.d. №10

S. Тік ішекке, бір балауыздан күніне 2 рет.
Болюстер - Bolorum. Болюстер (үлкен пилюльдер) – бұл жылқы, ит және сирек басқа жануарларға ішкі қолдануға арналған жұмсақ, мөлшерленбеген дәрілік түрі. Болюстерді ауыз арқылы ірі мүйізді жануарларға тағайындайды, тілдің түбіріне қолмен салады немесе болюсберуші пайдаланады. Бір болюстің салмағы 0,5-50,0-ден ауытқиды.

Болюстер - таза ветеринариялық дәрілік түрі. Болюстерде жағымсыз иіс, тітіркендіргіш әсер, дәрілік заттардың дәмі жасырады.

Болюстің құрамы:

1. дәрілік зат

2. қалыптаушы заттар. Ұнды жиі қолданады: Farina Triticum, Farina Secalina, Farina Lini дәрілік өсімдіктердің тамырының ұнтақтары: Алтей, сирек жасыл сабын, ақ саз, су қолданылады.

Болюсті жазу үшін білу керек:

1. дәрілік заттың бір қабылдауға мөлшері

2. бір болюстің салмағы

3. қабылдау саны (1-2)

Бұл тез бұзылатын пішін, сақтау кезінде олар қатып кетуі мүмкін, жұтылуы қиын және асқазанға баяу ыдырайды. Қалыптаушы заттардан болюсті дайындау кезінде қамырдың бір бөлігін араластырады, дәрілік зат салынған лепешка түрінде домалайды және доп түрінде домалайды. Практикалық жағдайларда иесіне жұмсақ нан бөлігінен болюсті дайындауға ұсыныс жасауға болады. Болюстерді толық түрде және құрамдас бөліктер бойынша жазып береді.

Мысал. Жылқыға фенилсалицилатты (Phenylii salicylas) болюстер түрінде 20,0 мөлшерде 2 қабылдауға

Rp.: Phenylii salicylatis 20,0

Farinae secalinae et

Aquae fontanae q.s., ut fiat bolus.

D.t.d. №2.

S. Ауыз арқылы, 1 болюстен, күніне.
Кашки - Electuaria (Electuarium, ілік сеп. Electuarii). Ішке қолдануға арналған консистенцияны құрайтын ботқаның дәрілік түрі. Құрамына кіреді:

  1. дәрілік заттар

  2. қалыптаушы заттар (зығыр ұны, Алтей тамырының ұнтақтары)

  3. қосымша заттар (қант шәрбаты, қант, май майлары, саз, су).

Ботқа түрінде дәл мөлшеу талап етпейтін дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл әдетте аз улы заттар, оларды жалпы массада дайындайды, шамамен бөледі. Жиі иттерге, сирек аттарға тағайындайды.

Ботқаларды 2 түрге бөледі:

1. қою ботқалар – шпательден ағатын емес:

2. жұмсақ ботқалар - шпательден оңай ағып кетеді. Ботқаларды қолданар алдында дайындайды, өйткені оларда шектеулі сақтау мерзімі бар. Тек жекелеген жағдайларда 1-2 қолдануға дайындалады. Ботқаларды жабық банкаларда сақтайды. Ботқаларды толық түрде және құрамдас бөліктер бойынша жазып береді.

Ботқа құрамы:

1. дәрілік зат

2. шәрбат, қант

3. ұн немесе дәрілік өсімдіктер тамырларының ұнтақтары

4. су

Rp.: Synthomycini 2,0

Sirupis simplecis 20,0

Pulveris radicis Althaeae et

Aquae Fontanae q.s., ut fiat electuarium.

D.S. Ауыз арқылы, 2 қабылдауға бөліп беру.
Бақылау сұрақтар:

1. Жақпа май дегеніміз не?

2. Тағайындалу мақсатына қарай жақпа майлар қалай бөлінеді?

3. Жақпа май негіздерінің қысқаша сипаттамасы (вазелин, ланолин, жануар тектес май, балауыз, нафталан мұнайы, өсімдік майлары).

4. Жақпа майға рецепт жазу үшін не білу керек?

5. Паста дегеніміз не?

6. Ботқалар дегеніміз не?
Зертханалық-практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Сұйық дәрілік түрлердің рецептурасы және технологиясы

Сабақтың мақсаты: Ерітінділерге, тұнбаларға, қайнатпаларға т.б. дәрілік түрлерді рецепт жазу тәсілдерін меңгеру

Өткізілетін орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының Online сабақтары

Сабақтың ұзақтығы: 4 сағат

Ерітінділер Solutio (атау сеп.- Solutio, іл.сеп. - Solutionіs) - бір немесе бірнеше дәрілік затты еріткіштермен толық еріту арқылы алынатын сұйық мөлдір дәрілік түрі. Ерітіндінің құрамы:

1. дәрілік зат ( қатты, сұйық немесе газ тәріздес)

2. еріткіш (бір немесе бірнеше)

Тағайындау мақсаттарына қарай ерітінділер бөлінеді:

1. сыртқы қолданысқа арналған (теріге, шырышты қабыққа)

2. ішкі қолданысқа немесе энтералдық қолданысқа арналған (per os et per rectum )

3. егуге немесе парэнтералды қолданысқа арналған.

Сырттан қолдануға арналған ерітінділер. Сырттан қолдануға арналған ерітінділерге жатады:1. Жараны жууға 2. Дезинфекция 3. Бүркуге арналған 4. Көз, құлақ ерітінділері5. Мұрынға тамызылатын тамшылар

Сырттан қолданылатын ерітінділерге рецепт жазып беру үшін білу керек:

1.Ерітіндінің шоғырлануын проценттік немесе сандық ара қатынасында 1:1000,

1:500 және басқа;

2. Ерітіндінің жалпы көлемі (мл)

Сыртқы мақсатқа арналған ерітінділерді 3 әдіспен жазады:

1. қолдануға жарамды шоғырланған ретінде;

2. шоғырландырылған ерітінді түрінен аз мөлшерде дайындауға қажетті;

3. ерітінді дайындауға қажетті таза зат түрінде.

1 нұсқа. Қолдануға жарамды шоғырланған ретінде ерітінділердің жазбалары. Мысалы: 2% бор қышқылын (Acidum boricum) ерітінді түрінде 10 мл мөлшерде көзге тамызу үшін жазып берілсін. Біздің мысалымыздағы 2 % бор қышқылы-100 мл ерітіштегі 2,0 бор қышқылы, енді 10 еріткіште қанша бор қышқылы болатынын табу керек.

2,0- 100 мл х = 2,0 х 10 мл =0,2

х = 10 мл 100 мл

Еріткіш 10 мл көлемінде дейін алынады. Ерітіндінің шоғырланғанын сақтау үшін рецепте 10 мл ad жазу керек.

Rp.: Acidi borici 0,2

Aquae destillatae ad 10 ml

Misce, fiat solutio.

D.S. Көзге тамызылатын тамшылар. Екі көзге екі тамшыдан, күніне үш рет

Жазбадағы қысқартылған түрде проценттік шоғырланғаны немесе сандық өзар қатынастар 1:10, 1:100, 1:1000 т.б. және ерітіндінің жалпы көлемі көрсетіледі.

Кез-келген қысқартулар рецепте дәрілік түрдің атынан бастап жазылады: (ерітінді - Solutionis, май - Unguenti, сығынды - Extracti, тұнба - Tincturae)

Rp.: Solutionis Acidi borici 2% -10 ml

D.S. Көзге тамызылатын тамшылар. Екі көзге екі тамшыдан, күніне үш рет

Ереже. Ерітінді жазып беру кезінде еріткіш туралы нұсқау болмаса, онда фармацевт ерітіндіні тазартылған сумен дайындайды. Егер еріткіш ретінде май, спирт және т.б. алынса, онда рецепте толық түрде «майлы» Oleosae, «спиртті» - Spirituosae деген нұсқаулар жазылады.

Спирттік ерітіндісіне жазып берудің үлгісі: 4 % спирттік ерітінді түрінде 50 мл ментол (Mentholum) жазып беру:

Толық түрі

Rp.: Mentholi 2,0

Spiritus aethylici аd 50 ml

Misce, fiat solutio

D.S. Теріге жағу үшін.

Қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Мentholi Spirituosae 4% - 50 ml

D.S. Теріге жағу үшін.

Шоғырланған сандық өзара қатынастармен, мысалы: 1:10, 1:100, 1:500 және т.б. көрсетілгенде сыртқы қолданысқа арналған ерітінділерге дәрілерді жазып беру кезінде рецепт жазбаларында сандық қатынастарды қысқартылған түрде көрсетуге немесе бұл сандық қатынастарда процентпен көрсетуге болады.

Мысал. Жараны өңдеу үшін 1:500 ерітінді түріндегі ерігіш фурагин 200 мл

көлемінде жазып беру

Толық түрі

Rp.: Furagini solubile 0,4

Aquae destillatae аd 200 ml

Misce, fiat solutio.

D.S. Жараны өңдеу үшін.

Қысқартылған түрі

Rp.: Solutionis Furagini Solubile 1:500- 200ml

D.S. Жараны өңдеу үшін.

немесе

Rp.: Solutionis Furagini Solubile 0,2 % – 200ml

D.S. Жараны өңдеу үшін.

1:500 шоғырланғаны - 500 мл ерітінді дайындау үшін 1,0 фурагин алу қажеттігін білдіреді, ал 200 мл ерітінді дайындау үшін 0,4 фурагин алу керек. Бұл рецепті қысқартылған түрі сандық өзара қатынастармен жазуға немесе проценттік шоғырланғаны көрсетуге болады.

2 нұсқа. Аз мөлшерде шоғырланған ерітінділерден дайындауға қажетті шоғырланған ерітінділер жазып беру. Екінші нұсқа бойынша есептеу формула бойынша жүргізіледі:

Х=АхВ

С

мұндағы: А- қажетті шоғырланған - %-пен;

В- ерітіндінің қажетті көлемі мл- мен;

С- қолда бар шоғырланған %-пен

Мысал. Күніне 1 литрден қолдану үшін 1:1000 ерітіндісін дайындауға калий перманганатының 5% ерітіндісін жазып беру, 5 литр дайындауға жазып берілсін.

Х=АхВ

С

Х=0,15000 мл =100 мл

5

Rp.: Solutionis Kalii Permanganatis 5 % – 100 ml

D.S. Бүрку үшін бір литр қайнаған суға бір ас қасықтан.

3 нұсқа. Ерітінділер дайындау үшін дәрілік заттар мен дәрілік түрлерді жазып беру. Мысал. Гексеналдың құрамында 5% ӘЗ бар 0,5 %-тік ерітіндісін 0,5 литр көлемінде жазып берілсін.

Есеп: хлорофосты 100 %-тік шоғырланғаннан емес, 5 %-тік ӘЗ шоғырланғаннан аламыз, есептеу үшін 2 нұсқаның формуласын қолданамыз:

Х= А+В = 0,5%х 500 = 50 мл

С 5%

0,5 литр 0,5 % ерітіндіні дайындау үшін әсер ететін заттардың 5% белсенділігі бар 50 мл гексеналды алып, екі рет дистилденген сумен 500 мл көлемге дейін жеткізу керек.

Rp.: Hexenali 50 ml

D.S.0,5 литр суға ерітілсін.

Ішке қолдануға арналған ерітінділер

Ішке қолдануға арналған ерітінділерді ішу арқылы (per os) немесе ректалды яғни тік шек арқылы (per rectum) тағайындайды.

Ішке қолданылатын (per os) ерітінділерді жазғанда мыналарды ескеру керек

1. 1 рет қабылданатын дәрілік заттың мөлшерін;

2. қабылдаулар санын (бір рет беруден курстық мөлшерге дейін)

3. бір рет қабылдаудың мөлшемін немесе көлемін (тамшылар, қасықтар, стакандар)

Ереже. Егер дәрілік заттың мөлшері өте кіші-0,1 және одан аз болса, ерітінділер тамшымен тағайындалады, ал егер 0,1 - ден артық болса, онда ерітінді үлкен өлшемдермен (қасықтар, стакандар, тағы басқа) тағайындалады.

Жалпыға мәлім өлшем шамалары

Бір тамшы 0,05 мл тең, яғни бір мл - 20 тамшы.

900 спирттің бір мл- 50 тамшы

Бір мл эфирде 60 тамшы

Шай қасықта 4-5 мл

Орташа қасықта 8-10 мл

Ас қасықта 15-20 мл

Стаканда 150-200 мл

Толық және қысқартылған түрде жазылады.

Мысал. Қойға иодты калий (Кalii iodidum) 0,6 мөлшерде ерітінді түрде ас қасықпен 10 рет қабылдауға жазып берілсін.

Толық түрі:

Rp.: Kalii iodidi 6,0

Aquae fontanaе аd 200 ml

Misce, fiat solutio

D.S. Ауыз арқылы, ас қасықтан күніне 3 рет қабылдауға.

Қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Кalii iodidi 3% - 200ml

D.S. Ауыз арқылы, ас қасықтан күніне 3 рет қабылдауға.

Тік ішекке арналған ерітінділер (per rectum)

Рer rectum (clysma) Тік ішекке берілетін ерітінділерді жазып беру үшін білу керек:

1. бір рет берілетін дәрілік заттың мөлшерін;

2. беру мөлшерін 1-3;

3. бір клизманың мөлшерін;

Мысал. Итке 0,2 мөлшерінде мединал (Medinalum) клизма түрінде жазылып берілсін.

Rp.: Medinali 0,2

Aquae destillatae аd 50 ml

Misce, fiat solutio.

D.S. Тік ішекке берілсін

Егуге арналған (парэнтералды) ерітінділер

Парэнтералды тағайындалған ерітінділер малдарға терінің сыртқы қабатының тұтастығы бұзып, ішек қарын жолдарына соқпай шприцтің көмегімен тері астына, тері ішіне, бұлшық еттердің ішіне қан тамырларына көк еттің ішіне, сүйек ішіне жіберіледі. Парэнтералды ерітінділеріне қойылатын манызды талап – залалсыздандырылдық (стерильность).

Егугу арналған ерітінділерді рецепт жазу үшін білу керек:

1. дәрілік заттың мөлшерін;

2. егу санын;

3. бір рет егетін ерітіндінің көлемі

Ерітінділерді шыны сауытпен жазып берудің үлгісі

Мысал. Иттің тамыры ішіне егу үшін 10 мл көлемінде 1,0-ден хлорлы кальцийды 5 егуге жазып берілсін.

Толық түрі:

Rp.: Кalcii chloridi 5,0

Aquae bіdestillatae ad 50ml

Misce, fiat solutio.

Sterilisetur!

S. Тамыр ішіне 5 мл-дан 1 рет егуге.

Қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Сalcii сhloridі 10% - 50 ml

Sterilisetur!

D.S. Тамыр ішіне 5 мл-дан 1 рет егуге.

Парэнтеральды ерітінділерді шыны сауытпен жазып бергенде ерітіндінің проценттік шоғырлануымен жалпы саны қысқартылынған түрінде көрсетіледі.

Есеп: 1,0 мөлшері бір егуге 10 мл көлемінде алынады, 1,0 мөлшерінің 10 мл көлемінде қанша процент құрайтының есептеп шығару қажет.

1,0-10 мл

х - 100 мл Х=1,0х100мл = 10%

10мл

Ампуладағы егуге арналған ерітінділерді жазып берудің ерекшеліктері

Ампуладағы ерітінділерді қысқартылған түрде жазады және рецепте тек бір ампуладағы проценттік шоғырлануымен мл саны ғана бұл әдетте ампулада көрсетілген болады.

Мысал. Итке 1 мл мөлшерде тері астына 0,1 проценттік шоғырланған күкірт қышқылды атропинды 10 рет егуге жазып берілсін. (ампуласы 1 мл-лік)

Толық түрі:

Rp.: Аtropinі sulfatis 0,01

Aquae bіdestillatae ad 10ml

Misce, fiat solutio.

Sterilisetur!

D.S. Тер астынан, 1 мл-дан, 1 рет егуге, күніне 2 рет.

Қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis atropinі sulfatis 0,1% - 10 ml

Sterilisetur!

D.S. Тер астынан, 1 мл-дан, 1 рет егуге, күніне 2 рет.

Тамшылар (Yuttae) - ерітінділердің бір түрі нағыз және қоюлы. Тамшылар ішке де сыртқа да тағайындалады. Мұрын және құлақ тамшыларын дайындағанда еріткіш ретінде су, спирт, глицерин алынады. Мұндай құрамдағы құлақ тамшылары жазып берілсін: 0,5 глицеринді таза фенол (Phenolum purum), барлығы 10,0

Rp.: Phenoli puri 0,5

Ylycerini ad 10,0

Misce, fiat solutio.

D.S. Екі құлаққа екі тамшыдан.

Мысал. 10 мл атропин сульфатының 1 проценттік ерітіндісін, көз тамшылары жазып берілсін.

Rp.: Solutionis Аtropinі sulfatis Ophthalmicae 1% – 10ml

D.S. Тәулігіне 3-4 рет көзге 2-3 тамшыдан.

Өсімдік шикі заттардан дәрілік түрлерге рецептерді жазу

Тұндырма және қайнатпалар (жек. түр. Infusum, Decoctum, іл. септ. жек. түр Infusi, Decocti) - бұл ішке және сыртқы қолданыстар үшін өсімдік шикі заттарынан алынған дәрілік заттарының сулары. Тұндырма Infusum – өсімдіктердің, жапырақтардың (folia), шөптердің (herba), гүлдердің (flores) нәзік бөліктерінен дайындалады. Қайнатпа Decoctum - өсімдіктердің, қабықтардың (cortices), жемістердің (semena), тамырлар мен сабақтардың (radices et rhizomata) қатты бөліктерінен дайындалады.

Тұндырма немесе қайнатпа жазып беру үшін білу керек

  1. бір рет қабылдайтын өсімдіктердің жапырақтары, шөптері, тамырлары және сабақтары мөлшерін;

  2. қабылдау сандарын 1-ден 10-ға дейін, бірақ олар тоңазытқышта сақталған жағдайдың өзінде 3 күннен артық емес, өйткені тез бұзылады;

  3. 1 рет қабылдаудың өлшемін немесе көлемін, тамшыларда тағайындалмайды.

Усыз өсімдіктермен (жусаннан, қалақайдан) алынатын тұнбалар 1:10 ара қатынаста дайындалады.

1:30 ара қатынаста дайындалады:

  1. көктемгі жалынгүл шөбі - herba Adonidis Vernalis

  2. қара күйе немесе жатын жоңқалары- secale Cornutum

  3. інжү гүл шөбі- herba Convallariae

  4. шүйгін шөптің сабағы мен тамыры- rhizome et radix Valerianae

  5. сенега тамыры- radix Senegae

1:400 ара қатынаста дайындалады:

  1. термопсис шөбі - herba Thermopsidis

  2. өймақ гүл жапырағы - folium Digitalis

Рецептерде тұндырмалар мен қайнатпаларды қысқартылған түрінде жазады.

Мысалы: итке өймақ гүл жапырағың (Folium Digitalis) тұнба түрінде 0,05 мөлшерде ас қасықпен 10 қабылдауға жазып берілсін.

Rp.: Infusi folii Digitalis ex 0,5-200 ml

D.S. Ауыз арқылы,1 ас қасықтан 1 қабылдаууға.

Мысал. Торайға еменнің қабығы (Cortex quercus) қайнатпа түрінде қабылдау үшін 2,0 мөлшерінде ас қасықпен 6 рет қабылдауға жазып берілсін.

Rp.: Decocti cortices Quercus еx 12,0 - 120 ml

D.S. Ауыз арқылы, бір ас қасықтан күніне 3 рет.

Микстуралар – Mixturae (ат. сеп. - Mixtura; ілік сеп. - Mixturae)егер тұндырмаға немесе қайнатпаға немесе бірнеше дәрілік зат қосатын болса, онда тұндырмалардың немесе қайнатпалардың күрделілендірілген жазбалары алынады да егер олар ішкі қабылдауға арналса миксутуралар деп аталады. Микстураларда жазып беру кезінде рецептерде алдыңғы орынға тұндырма немесе қайнатпа, ал екінші орынға қосылатын дәрілік заттар қойылады.

Мысал. Итке тұндырма түрінде 1,0 мөлшерде көктемгі жалынгүл шөбімен (herbae Adonidis vernalis) бірге натрий бром (Natrium bromidum) 1,0 мөлшерде 6 қабылдауға жазып берілсін.

Rp.: Infusi herbae Adonidis vernalis ex 6,0 – 180 ml

Natrii bromidi 6,0

Misce, fiat mixturае.

D.S. Ауыз арқылы, бір жарым ас қасықтан қабылдауға.

Галенді дәрі-дәрмектер. Тұнбалар мен сығындылар. Дәрі-дәрмектердің бұл тобы б.д. дейінгі 131-201 жылдары өмір сүрген римдік дәрігер және фармацевт Клавдия Галеннің фамилиясымен аталады, бірақ «Галендік дәрі-дәрмектер» деген атау одан 13 ғасыр кейін шыққан. Тұнбалар (жек.түр. - Tincturae; іл. септ. - Tincturae) - өсімдік шикі заттарынан қыздырусыз алынатын дәрілік заттардың спиртті, спирті-эфирлі алынымдары. Тұнбаларды 40, 60, 70, 90-градустық спиртті қолдану арқылы дайындалады.

Тұнбаларды рецепт жазып беру үшін білу қажет:

  1. тұнбаның бір рет қабылдайтын мөлшерін (тамшылар немесе мл);

  2. қабылдау саны;

  3. тұнбаның бір рет қабылданатын өлшемі немесе көлемі;

Ереже: егер тұнба қабылдауға тамшылармен жазылатын болса, онда рецептерде бір қабылдауға қанша тамшы жазылса, сонша миллилитр көрсетіледі.

Тұнбаларға рецепт қысқартылған әдіспен жазылады. Мысал: Итке 20 тамшыдан қабылдау үшін аралия тұнбасы жазып берілсін.

Rp.: Tincturae Araliae 20 ml

D.S. 20 тамшыдан, күніне бір рет.

Мысал: Сиырға 10 мл-ден қабылдау үшін жусан тұнбасы 10 рет қабылдауға жазып берілсін.

Rp.: Tincturae Absinthii 100 ml

D.S. Бір орташа қасықпен қабылдауға.

Есеп: тұнбаларды мл-мен жазып беруге бұл ереженің қатысы жоқ сондықтан мл есепке алынады, бір қабылдауға 10 мл, ал 10 қабылдауға 100 мл керек.

Сығындылар Extracta (жек.түр. ат. cепт. - Extractum; іл.септ.жек.түр. - Extracti) - тұнбаларға қарағанда әлдеқайда құнарландырылған алынымдар. Сығындылар галендік дәрі-дәрмектердің үлкен тобы.

Сұйық сығындыға берілетін рецептің үлгісі:

Мысал. Иттің қабылдауына 20 мл-ден ит шомырт сұйық сығындысы 10 қабылдауына жазып берілсін.

Rp.: Extracti Frangulae fluidi 200

D.S. Ауыз арқылы, бір ас қасықпен күніне үш рет қабылдауға.

Қою сығындылар көбіне домалақтанған дәрі түрінде қабылданады (Massa pilularum).

Мысал. Домалақтанған дәрі түрінде 0,015-тен чилибуханың құрғақ сығындысын жазып берілсін.

Rp.: Extracti Strychni spissi 0.015

Pulveris Liguritiae g.s., ut fiat pilula

D.t.d. №30

S. Ауыз арқылы екі пилюльден қабылдауға.

Құрғақ сығындылар ұнтақ түрінде немесе басқа дәрілік түрлерімен бірге жазып беріледі.

Мысал. Иттің қабылдауына 5,0 ден рауғаштың құрғақ сығындысы жазып берілсін ұнтақ түрінде 3 рет қабылдауға жазылсын.

Rp.: Extracti Rhei sicci 15,0

D.S. Ауыз арқылы, бір шай қасықпен күніне 1 рет.

Шырыштар (жек.түр - Mucilago; іл.сеп.жек.түр. - Mucilaginis) гидрофильдік кұлдерге ұқсайтын, қою жабысқақ сұйықтар шырыштар деп аталды.

Мысал. Шырышты мыналардан дайындайды:

  1. алтей тамырынан – radix Althacae

  2. зығыр тұқымынан– semen Lini

  3. салеп түйнегінен– Tuber Salep

  4. крахмалдан - Amylum

Шырыштар негізінен жараны тез жазатын және жұмсартатын, қабынуға қарсы заттар ретінде қолданылады, оларды сондай-ақ умен улану кезінде тағайындайды, тітіркендіргіш заттарға (мысалы, тік ішекпен беру кезінде хлоралгидратқа) 10 еселік өзара қатынаста қосады. Шырыштарға рецепт қысқартылған түрде жазылады. Рецептерде шырыштарды жалпы көлемі граммен көрсетіледі.

Мысал. Сиырға зығыр тұқымын 100,0 мөлшерде алдынғы карындарының жиырылу кызметінің толық жойылуында (атония рубца) бір рет қабылдауға жазып беріңіз.

Rp.: Mucilaginis semenis Lini 100,0

D.S. Бір рет қабылдауға

Мысалы. Жылқыға крахмал шырышымен бірге 40,0 хлоралгидрат (Chloralum hudratum) клизма түрінде беру үшін жазып берілсін.

Rp.: Chlorali hуdrati 40,0

Mucilaginis Amyli 400,0

Misce, fiat mixturаe.

D.S. Тік ішекке бір рет беруге.

Эмульсиялар (жек.түр - emulsion , emulsum . іл. сеп. жек.түр – emulsionis, emulsi). Бір-біріне ерімейтін екі сұйықтықтан тұратын дисперсті жүйелерді білдіретін сұйық дәрілік түрі. Эмульсияларды 2 түрге бөлінеді: нағыз немесе тұқымдық - emulsa verum және майлы немесе жалған - emulsa spuria. Эмульсиялар 1:10 арақатынаста дайындалады. Нағыз немесе тұқымдық эмульсия өсімдік тұқымынан дайындалады: сора тұқымы - semen cannabi, көкнәр тұқымы - semen papaveris, асқабақ тұқымы - semen cucurbitae, зығыр тұқымы - semen lini және тазартылған су - aqua destillata. Майлы немесе жалған эмульсиялар өсімдік майдан, эмульгатор және судан тұрады. Өсімдік майлар: күнбағыс майы- oleum helianthi, зығыр майы - oleum lini, кастор майы - oleum ricini, бадам майы - oleum amygdalari, шабдалы майы - oleum persicori. Эмульгатор ретінде желатоза - Yelatosa немесе жұмыртқа сарысы -Vitellum ovi қолданылады. Май қанша алынса, желатоздан да сонша немесе майдың жартысындай бөлігі, ал жұмыртқаның сарысын 15,0 майға бір жұмыртқаның сарысы есебімен алады.

Ереже. Егер рецептіде эмульгатор көрсетілмесе, онда фармацевт оны өз қалауы бойынша таңдайды. Майлы эмульсияны тұқымдық эмульсия сияқты 1:10 ара қатынаспен дайындайды. Эмульгатор есепке алынбайды. Эмульсияларды қағаз сүзгілер арқылы сүзуге болмайды, өйткені олар май тамшыларын ұстап қалады. Сора мен көкнәрдан эмульсияларды қабықтарын алмай дайындайды, ал асқабақ тұқымынан қатты қабығын алып тастағаннан кейін дайындайды. Жұмсақ қабықшаны ыстық сумен келіге үге отырып ұнтақтайды да дәке арқылы сүзеді.

Эмульсияларды екі әдіспен, рецепте қосылған заттардың бәрін толық көрсете отырып, немесе қажетті эмульсияларды ғана көрсетіп отырып қысқаша жазады.

Тұқымдық эмульсияға рецепт жазудың мысалдары.

Мысал. Бұзауға бір рет қабылдау үшін эмульсия түрінде 2,0 көкнәр тұқымы (semen Сanabis) жазып берілсін.

Толық түрде

Rp.: Semenis Сanabis 20,0

Aquae destillatae ad 200 ml

Misсe, fiat emulsio

D.S. Бір рет қабылдауға.

Қысқартылған түрде

Rp.: Еmulsionis semenis Сanabis 200 ml

D.S. Бір рет қабылдауға.

Майлы эмульсияға рецепт жазудың мысалдары.

Мысал. Бұзаудың бір рет қабылдауына эмульсия түрінде 15,0 мөлшерде кастор майы жазып берілсін.

Толық түрде

Rp.: Olei Ricini 15,0

Vitelli ovi 1

Aquae destillatae ad 150 ml

D.S. Бір рет қабылдауға.

Қысқартылған түрде

Rp.: Emulsionis olei Ricini 150 ml

D.S. . Бір рет қабылдауға.

Суспензиялар Suspensiones (жек.түр.ат.септ.- Suspensio, жек.түр, іл.септ. - suspensionis) өлшемдермен деп қатты заттар сұйықпен бірге өлшеніп қосылған сұйық дәрілік заттар аталады.

Суспензиялар сыртқы қолданысқа, сирек жағдайда ішкі және өте сирек жағдайда ішкі бұлшық еттерге қолдануға арналған.

Мысал. Бұлшық етке 1 рет егу үшін 1200000 ЕД бициллин-3 жазып берілсін.

Толық түрде

Rp.: Bicillini-3 1200000 ӨБ

Aquae bidestillatae 5 ml

Мisce, fiat suspensio

D.S. Бұлшық еттен бір рет егуге.

Қысқартылған түрде

Rp.: Suspensionis Bicillini-3 1200000 ӨБ

D.S. Бұлшық еттен бір рет егуге.
Бақылау сұрақтар:
1. Ерітінді дегеніміз не?

2. Еріткіштердің сипаттамасы (су, спирт, глицерин, эфир майлары).

3. Сыртқа қолдануға арналған ерітінділерге не жатады?

4. Бір қабылдауға ерітінді өлшемін таңдау ережесі. Өлшем көлемдері (су, спирт, эфир, шай, десерт, ас қасық)

5. Ректалді қолдануға арналған ерітінділерге рецепт жазу ерекшелігі

6. Микстура дегеніміз не?

7. Парэнтералды ерітінділер дегеніміз не?

8. Инъекцияға арналған ерітінділерге рецепт жазу үшін не білу керек?

9. Ерітінділерді жалпы сауытта рецепт жазу ерекшеліктері

10. Ампуладағы ерітінділерге рецепт жазу үшін не білу керек

11. Тұнба және қайнатпалар дегеніміз не?

12. Тұнбалар мен қайнатпаларға рецепт жазу үшін не білу керек

13. Тұнба мен сығындылар дегеніміз не?

14. Шырыш дегеніміз не?

15. Шырышқа рецепт жазу ерекшеліктері

16. Эмульсия дегеніміз не? Тұқымдық және майлы эмульсиялар

17. Линименттер дегеніміз не?
№2 Зертханалық-тәжірибелік сабағы

Тақырыбы: Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары. Дәрілер

әсерінің жалпы заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты: Дәрілік заттарды организмге енгізетін негізгі жолдарымен таңыстыру және енгізу техникасын үйрену.

Сабақты өткізу орны: Ветеринарлық медицина кафедрасының Online сабақтары

Сабақтың ұзақтылығы: 4 сағат
Дәріні тері астынан енгізу

Бақаға тері астынан 0,5 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін енгізеді. Иттін немесе қоянның қарын аумағынан 4-5 см – де дейін түктерін қырқып алады. 70% этил эфирімен немесе спиртімен өңдейді. Шприцке ампулада 5 мл 10 пайыздық кофеин – натрий бензоат ерітіндісін алады, шприцтен ауаны шығарады, дәріні тері астынан енгізеді. Ірі малда тері астынан инъекция жасау үшін шелі жақсы дамыған аумақты табады және бұл жерде ірі қан тамырлары және нервтері болмау керек. Ондай жерлерге жататындар:

1) мойынның ортаңғы аумағы (күре тамырдан жоғары жатқан аумақ)

2) кеуденің сыртқы шеті

3) жамбастың ішкі беті

4) шошқаларда құлақтың түбіне енгізеді

Инъекция жасау алдында түбін жақсылап қырқып алады, спиртпен өңдейді, дәріні шприцке алады, 3 – 5 мл екі рет дистилденген таза су алады, ауадан босатады, теріні қабаттап сол қолына жинайды. Жолай бағытпен теріге қарай иненің 45оС бұрышымен ұстап инені қадап енгізеді. Дәрі ерітіндісін енгізген кейін бұл аумақ домбығады, уқалайды. Сосын осы орынды йодтың спирттік ерітіндісімен өңдейді.

Қан тамыр ішінен енгізу

Үй қояндарға құлақ қуысының сыртқы бетімен түктерін қырқып,шеткі көк тамырын табады. Бұл жерді 70 пайыздық спиртпен өңделген ылғалданған мақтамен сүртеді. Ампуладан шприцке 1мл натрий хлоридінің стерильді ерітіндісін алады. Көк тамырды құлақ қуысының түбінен саусақтармен қысады, көк тамыр домбығады, инені венаның аралығына енгізеді. Ерітіндіні өте баяу тамырға енгізеді 1 минутте 4 мл. Иттерде артқа аяқтарындағы көк тамырға енгізеді. Саусақтардың арасына бұл жердің түктердің қайшыны қырқып, алдын – ала 70 пайыздық спиртпен өңдейді, шприцке ампуланың 6 мл 10 пайыздық стерильді глюкоза ертіндісін алады. Бір студент аяқтын жоғарғы шетін қысып тұрады, соңдықтан көк тамыр жақсы білінеді. Екінші студент инені көк тамырға енгізеді, шприцте қан тамшысы көрінеді. Ертіндіні баяу енгізеді. Жылқыларға тамыр ішінен дәріні күре тамырға немесе кеудесінің сыртқы тамырына енгізеді. Ірі және ұсақ қара малға дәріні күре тамырға немесе қарын астындағы тамырға енгізеді. Шошқаларға үлкен құлақ тамырына енгізеді. Күре тамырын дәрілік затты енгізу үшін мал аяғында тұрұға тиісті. Сосын мойынның ортаңғы бөлігін табады. Күре тамырдың қуысынан тамырдың өзін тауып алады, саусақпен қысады немесе жгут салады. Инъекция жасайтын жерден төмен байлайды және де бұл жерді 70 пайыздық спирт ерітіндісімен немесе йод ерітіндісімен алдын - ала өңдейді, түкті қырқады, инені тыққанда малдың басына қаратады, бұрышы 450С инені ұстаймыз қадап тесеміз, ине күре тамырға түскеннен кейін қан аға бастайды, инені тамырға жолай итереміз, сосын инфузиондық аппаратты тіркейді. Инфузиондық аппаратты алдын – ала дайындайды, оған стерильденген дәрі ерітіндісін құяды, түтікшеден ауаны шығарады. Сосын ғана инеге тіркейді. Инфузиондық аппаратты инеге тіркегеннен кейін күре тамырды босатады. Инфузиондық аппарат алғашқыда инені қадаған жерден төмендеу ұстайды, сосын аппаратқа қан көрінгеннен кейін көтереміз, иненің қадаған жерінен жоғары ұстаймыз. Дәріні тамызып болған кейін аппаратты төмен түсіреді, тамырды ине қадаған жоғары жерден қысады, инені шығарып аламыз, сосын 70 пайыздық спирт ерітіндісімен ылғалдандырылған мақтамен өңдейді.

Ауыз арқылы енгізу

Ірі малға дәріні зонд көмегімен енгізуге болады. Жылқыларға зондты мұрын қуысының төменгі жолынан енгізеді. Алдын – ала ыстық сумен жуып, вазелинмен өңдейді. Мұрын қуысына енгізген зондтың бағытын сұқ саусақпен қадағалап отырады. Төменгі мұрын қуысынан жеңіл өтеді. Ең бірінші бөгет жұтқыншақтың қабырғасына барып, тіріледі. Бұл жағдайда шамалы кері тартамыз. Сосын жұтқан уақытта қайта итеріп енгіземіз. Зонд өңештің жоғарғы аумағына түседі. Мына жақ шетінен дәріні құямыз, зонд өнешке дұрыс түсті ма, соны тексереміз. Ол үшін түтікшенің сыртқы шетін суы бар стақанға түсіреді, зонд дұрыс түспей, трахеяға түскен болса, онда стақандағы суда көпіршіктер пайда болады. Ал өңешке түскен болса, онда көпіршіктердің пайда болуы тыныс алуға байланысты болмайды, тіпті кейін кейде көпіршіктер жойылады. Зондтың сыртқы шетіне воронка салады. Воронка арқылы дәрінің ерітіндісін енгізеді, ең көбінде 1,5 литрге дейін енгізуге болады.

Көздің кілегейлі қабығына жағу

Ірі малға сырттан майларды қолдану үшін, сол қолдың саусақтарымен көз қабыршықтарын жақсылап ашады. Осыдан қалташық төмен жағында пайда болады, осы қалтаға дәрінің ерітіндісін тамызуға болады, көз қасан қабығына тамызғанға байланысты, себебі ағып кетеді. Көз майын (стерильді болу керек) шыны таяшамен алады, шеттері ұлғайған. Көз таяшасымен майды жағып алып, көз қабықшасын астыңғы аумағын тартады созып қалта пайда болады, осыған жағады. Сосын қапшықты босатамыз, бармақпен уқалаймыз, бірқалыпты таратамыз көз майын жағамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрілік заттарды энтералдық жолдармен енгізу.

2. Дәрілік заттарды парентералдық жолдармен енгізу тәсілдері.

3. Дәрілерді сырттан қолдану.
Әдебиет:

1. Заманбеков Н.А. және т.б. Ветеринарлық фармация. Алматы, 2017

2. Ахметсадыков Н.Н., Хусаинов Д.М. Дәрілік заттар технологиясы. Алматы, 2004.

3. Малдәрігерлік фармакология /З.Н.Қожабековтың ред./, Алматы, 2001


написать администратору сайта