Главная страница
Навигация по странице:

  • міндеттері: —Опера және балет туралы мәлімет табу —Опера мен балет шығармаларымен таныстыру

  • Опера

  • «Абай» операсы

  • «Абай» операсынан үзінді Балет Балет

  • "Аққу көлі" балетінен үзінді Дереккөздер

  • Назарларыңызға рахмет!

  • презентация опера и балет. Опера және балет өнері. Жоба масаты Опера жне балет ымы туралы жалпы сипаттама беру міндеттері


    Скачать 1.67 Mb.
    НазваниеЖоба масаты Опера жне балет ымы туралы жалпы сипаттама беру міндеттері
    Анкорпрезентация опера и балет
    Дата16.04.2022
    Размер1.67 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаОпера және балет өнері.pptx
    ТипДокументы
    #478107
    Тақырыбы: “Опера және балет өнері”

    Есіл қалалық №3 ОМ

    Дайындаған: Наби Жансая

    Сыныбы: 6’Ә’

    Тексерген: Бердигулова А.Ж.
    Жоба мақсаты: Опера және балет ұғымы туралы жалпы сипаттама беру
    міндеттері:
    —Опера және балет туралы мәлімет табу
    —Опера мен балет шығармаларымен таныстыру
    — Музыкалық материал (Опералар мен балеттерден үзінді) дайындау
    Жұмыс нәтижелері: Опера және балет музыкасының үздік шығармаларын тыңдау, таныстыру
    Опера
    • Опера (итал. ореrа - дәлме-дәл шығарма, лат. ореrа - еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер жанры.
    • Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.
    • Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар.
    «Абай» операсы
    • «Абай»- композитор А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды.
    • Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады.
    «Абай» операсынан үзінді
    Балет
    • Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль.
    • Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима— сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драматикалық, комедиялық сюжеттер Балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Балет, Балет-пантомима, Балет-феериялар болып бөлінеді.
    "Аққу көлі"
    • "Аққу көлі" - Петр Ильич Чайковскийдің төрт актідегі балеті. Либреттосын композитордың өзінің толықтыруларымен Владимир Бегичев пен, мүмкін, Василий Гельцер жазған.Сюжет әртүрлі әдеби шығармаларда, сондай-ақ опера және балет либреттосында ішінара қолданылған көптеген фольклорлық мотивтерге негізделген.
    "Аққу көлі" балетінен үзінді
    Дереккөздер
    • Опера
    • «Абай» операсы
    • «Абай» операсынан үзінді
    • Балет
    • "Аққу көлі" балеті
    • "Аққу көлі" балетінен үзінді
    • 1-сурет , 2-сурет, 3-сурет, 4-сурет, 5-сурет, 6-сурет, 7-сурет, 8-сурет, 9-сурет, 10-сурет
    Назарларыңызға рахмет!


    написать администратору сайта