Главная страница
Навигация по странице:

  • Str3 = Python!

  • 10 кл конспект. 10 КЛ КОНСПЕКТ. Жолмен жмыс жасау


    Скачать 56 Kb.
    НазваниеЖолмен жмыс жасау
    Анкор10 кл конспект
    Дата01.12.2021
    Размер56 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла10 КЛ КОНСПЕКТ.doc
    ТипПрограмма
    #288397

    Жолмен жұмыс жасау.

    Python программалау тілінде қолданылатын деректердің негізгі типтері: бүтін сандар (int), нақты сандар (float), жолдар (string).

    Жол – тырнақшаға алынып жазылатын символдардың тізбегі. Әдетте жолдарды беру үшін тырнақшалардың келесі түрлері қолданылады: дәйекше (′ ′), тырнақша (″ ″) және үш дәйекше (‴ ‴).

    Мысалы:

    text_string = 'Салем, Python!' # text_string – жолдық айнымалы

    text _string = “Салем, Python!”

    text_string = '''Салем, Python!'''

    Python тілі деректердің жолдық типімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін функциялар мен тәсілдерді ұсынады. Мысалы, конкатенация (қатарларды біріктіру), жолдарды қайталау, жолдың ұзындығын есептеу және жолдың символына индекс арқылы қатынау.

    Жолдарды біріктіру үшін «+» белгісін қолдану қажет:

    Str1 = 'I '

    Str2 = 'love '


    Str3 = 'Python!' # сөздер бірігіп қалмау үшін тырнақшаның ішіне бос орын қалдыр.

    Str4 = Str1 + Str2 + Str3

    print(Str4)


    Экрандағы нәтижесі: I love Python!

    Бір жолды бірнеше рет қайталап шығару үшін қолданылатын код мысалы:

    print(' Python! ' * 3)


    Экрандағы нәтижесі: Python! Python! Python!

    Жолдың ұзындығын анықтау үшін len() функциясын қолдану керек:

    print(len('Python!')) # len() функциясы жолдағы символдар санын есептейді. Экрандағы нәтижесі: 7

    Python-да символдық деректер типі (char) жоқ, оның орнына қатардағы символдарды немесе символдар тізбегін бөліп алу амалдары қолданылады.

    Жолдың символына оның индексі арқылы қол жеткізу коды:

    s = "Python!"


    print (s[1]) # жолдағы cимволдардың индексі 0-ден басталады

    Экрандағы нәтижесі: y

    Егер де программа кодында жол индексінің мәні теріс санмен берілсе, онда нөмірлену соңғы символдан басталады. Яғни, (-1)-ден басталады.

    s = "Python!"


    print (s[-1]) # индекстің теріс мәні

    Экрандағы нәтижесі: !

    ТАПСЫРМА
    1. Python программалау тілінде жол қалай жазылады? Ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңда.

    first_string = 'Python-да жазылған менің бірінші программам!'

    first_string = /Python-да жазылған менің бірінші программам!/

    first_string = /* Python-да жазылған менің бірінші программам!*/

    first_string = * Python-да жазылған менің бірінші программам!*
    2. Жолдарды біріктіру үшін қандай таңбаны қолдану керек? Ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңда.

    «*» таңбасы

    «+» таңбасы

    «/» таңбасы

    «#» таңбасы
    3. Жолдың ұзындығын есептеу үшін қандай функцияны қолдану керек? Ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңда.

    length ()

    lengt ()

    leng ()

    len ()
    4. Программаның кодтары мен міндеттерін сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 3

    1. print(B1 + B2 + B3) a) жолдың ұзындығын есептеу

    2. print(len('String!')) b) қайталау

    3. print(' String! ' * 4) c) біріктіру
    5. Программаның кодтары мен оған берілген пікірді сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 3

    1. С = (len('Programming')) print(С) a) # сөздер бір-бірімен бірігіп қалмас үшін

    тырнақша ішінде бос орын қалдырылады

    2. C = "Programming" print (C[5]) b) # функция жолдағы символдар санын есептейді

    3. C1 = 'I ' C2 = 'like ' C3 = 'Programming' print(C1 + C2 + C3) c) # жолдағы индекс 0-ден басталады
    6. Барлық дұрыс жауаптарды таңда. Берілген программа кодтарының қайсысында жолдар типі дұрыс қолданылған? Дұрыс жауап саны: 3

    first_string = *Строки в Python!*

    print (first_string)


    first_string = '''Строки в Python!'''

    print (first_string)

    first_string = 'Строки в Python!'

    print (first_string)


    first_string = "Строки в Python!"

    print (first_string)

    first_string = **Строки в Python!**

    print (first_string)





    7. Программа коды не үшін қажет екенін анықта. Ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңда. print('Ay! ' * 3)

    Жолдағы символдарды есептеу

    Жолдың символдарын біріктіру

    Жолды қайталау

    Жолдағы символдарды іздеу

    Жолдың символына индекс арқылы қатынау
    8. Экранда УРА! сөзі 3 рет қайталанып шығатын программа құрастыр.

    s=

    s=3

    print

    (' Ура! ' * s)

    (s)


    написать администратору сайта