Дарис. Жоспар Білім беру ортасы ымыны мні
Скачать 11.36 Kb.
|
8-дәріс Тақырыбы:Инклюзивті сыныпта қолайлы білім ортасын жасау. Жоспар: 1.Білім беру ортасы ұғымының мәні 2.Инклюзивті сыныптағы заттық-білім беру ортасын модельдеу. 3.Жеке оқытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру. 4.БЕҚББ арналған инклюзивті ортасын модельдеу принципі. Педагог –зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту әдістерін,оқытудың мазмұны мен құралдарын даярлауда міндетті түрде психологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді.Психологтар мен педагогтардың жұмыстарының өзара байланысының айқын мысалы-ол психикалық дамуы тежелген балаларды түзете дамыта оқытудың жүйесін құру. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру- барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,тұрмыс жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. |