Главная страница
Навигация по странице:

  • II Негізгі бөлім 2.1. Безноитиозға анықтама

  • Клиникалық диагноз

  • Тері,түк,шел,шелдегі қан тамырлары

  • Қаңқа бұлшық еттері

  • Көкірек қуысы

  • Жұтқыншақ,өңеш

  • Өкпе

  • Талақ

  • Ұлтабар

  • Бүйрек

  • Патологиялық-анатомиялық диагноз 1) Тыныс алу жолдарының қабынуы2) Паренхималық мүшелердің дистрофиясыӨлімнің себебі туралы қорытынды

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • 21. Безноитиоз. Жоспар i кіріспе ii негізгі блім


    Скачать 27.63 Kb.
    НазваниеЖоспар i кіріспе ii негізгі блім
    Дата27.11.2021
    Размер27.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла21. Безноитиоз.docx
    ТипДокументы
    #283522

    Жоспар

    I Кіріспе

    II Негізгі бөлім

    2.1. Безноитиозға анықтама

    2.2. Індеттік

    2.3. Деттенуі

    2.4. Хаттама

    III Қорытынды

    IV Пайдаланылған әдебиеттер

    I Кіріспе

    Безноитиоз (лат. Besnoitia) - малдың жұқпалы, созылмалы ауруы.

    Індеттің қоздырғышы - бір жасушалы қарапайым жәндіктер. Оны тұнғыш рет 1912 ж. Францияда К.Бенуа мен В.Робин тапты. Безноитиозбен мүйізді ірі қара, жылқы, есек, солтүстік бұғысы ауырады. Аурудың бірнеше түрі бар, Қазақстанда оның бір-ақ түрі Besnoitia besnoiti кездеседі. Бұл ауру шетелдерден Санта-гертруда сыйырымен (1956 ж.) келген.

    Безноитиоз Балқаш көлі, Іле, Талас, Шу, Сырдария, Амудария өзендерінің бойында, қамысты көлдердің маңында байқалады. Бұл жерде шыбын-шіркей, маса, сона көп болады. Олар малды шағып, сау малға ауру жұқтырады. Көбінесе 2 жастағы ірі қара ауырады. Безноитиозбен адам ауырмайды.

    Аурудың белгілері 30-45 күнде білінеді. Малдың дене қызуы көтеріліп, жемшөпке тәбеті шаппайды, тамыры жиі соғады. Бұдан әрі танаудың, көмекей мен кеңірдектің, көздің, қынаптың кілегей қабықтары қабынады. Малдың тұмсығында, әукесінде, желіні мен ұмасында, көбінесе аяқтарында домбыққан ісік білінеді. Буаз сиырдың іш тастауы мүмкін. Бұқаның жыныс бездері қабынып, қабылетін жояды. Біраздан соң малдың жемшөп жеуі жақсарады, бірақ барған сайын жүдеп, көтерем болады. Оның терісі 3-5 есе қалыңдап, қыртыстанады да, жарылып ашық жараға айналады. тері қайызғақтанады, жүні ойдым-ойдым, кейде түгелдей түседі

    II Негізгі бөлім

    2.1. Безноитиозға анықтама

    Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім.

    Безноитиоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған .

    Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П.Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі .

    Қоздырғышы - Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.

    Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі.

    Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді.

    Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады.
    Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР).

    Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ

    Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. Жазда шөлейт аймақтарда, жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде жүргізіледі

    Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы "АрМан" шаруашылығына меншікті сиыр өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып зерттеу

    Хаттамасы

    Сойып зерттеуді 2018 жылы шілде айының 19-ы күні Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ветеринария факультетінің студенті Раимов Мадияржәне 506 топ студенттерінің қатысуымен жүргізілді..

    Анамнез-Мал жайылымда болған, әлсіреп, арықтау, тері ,түктерінің бұзылуы белгілері байқалған, ақырындап мал өлген.

    2018 жылы 19 шілдеде сағат 18:45 жануар өлген.

    Клиникалық диагноз- тейлериоз

    Сыртқы көрінісі

    мал түлігі: сиыр

    жынысы : ұрғашы

    жасы: 2 жасар

    түсі: қара ала

    тұқымы: қазақы сиыр

    қоңдылығы:нашар

    Өлекселік өзгерістер: мал өлексесі қоңдылығы орташа, кілегейлі қабықтары ықзарған, қанталаулар бар, қанмен кернелген.

    Тері,түк,шел,шелдегі қан тамырлары: тері беті құрғақ, қабыршақтанған, бас, мойын, артқы аяқтар, ұма терілері қалыңдаған, түк-терілері түскен, кедір-бұдырланған.

    Лимфа түйіндері: көлемі үлкейген, тіліп көргенде ылғалды,түсі қызғылт,тығыздығы жұмсақ, босаңсыған.

    Қаңқа бұлшық еттері : қызғылт қоңыр түсті,құрғақтау,тілік бетінің суреті сақталған.

    Ішкі көрінісі

    Құрсақ қуысы: сірлі қабық ақшыл сарғыш түсті,тегіс, ,ылғалды мүшелердің анатомиялық орналасуы дұрыс.

    Көкірек қуысы: көлемі,салмағы,нығыздығы қалыпты, күңгірт-қызыл,сұр немесе сарғыш түсті. Плевра қалыпты жағдайда.

    Мойын,ауыз және көкірек қуысындағы ағзалар.

    Тіл: кілегейлі қабығы бозғылт-сұр түсті,еті серпімді,ет талшықтарының суреті сақталған,көлемі өзгермеген.

    Жұтқыншақ,өңеш: кілегейлі қабаты қызғылт,тегіс,құрғақтау

    Көмей,кеңірдек: кілегей қабығы қызарған,ісінген,құрғақ,көлемі өзгермеген

    Қалқанша без: күрең қызыл,тығыздығы қатты,көлемі өзгермеген.

    Өкпе: көлемі үлкейген, жұмсақ, түсі сұрғылт.

    Жүрек: Жүрек қуыстары, әсіресе оң жақ қарынша мен жүрекше кеңейген.

    Құрсақ жамбас қуысындағы мүшелер.

    Талақ: көлемі ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, тілік беті айқын емес, түсі шамалы өзгерген.

    Мес қарын: кілегейлі қабық қызарған, ісінген.

    Қатпаршақ қарын: кілегейлі қабық қызарған, ісінген, құрғақ жем-шөппен толған, қанталау бар.

    Жұмыршақ қарын: кілегейлі қабық қызарған, ісінген.

    Ұлтабар: кілегей қабығында көкнәр дәніндей түйіршіктер бар, түсі сұрғылт, кей жерлер ойылымдалған, қызғылт.

    Бауыр: консистенциясы жұмсақ, тілік бетінің суреті біркелкіленген,түсі қара қоңыр,көлемі шамалы ұлғайған, қанталаулар бар.

    Бүйрек: көлемі өзгермеген,қабығы оңай сыпырылмайды,ашық қоңыр түсті,қабаттарының шекарасы айқын,тілік бетінің суреті сақталмаған, қанталаулар бар.

    Ми: ми заты қанмен толған, ми қарыншалары шамадан тыс мол сұйық есебінен үлкейген.

    Патологиялық-анатомиялық диагноз

    1) Тыныс алу жолдарының қабынуы

    2) Паренхималық мүшелердің дистрофиясы

    Өлімнің себебі туралы қорытынды

    Сойып зерттеу көрінісі,анамнездік деректерге,қосымша зерттеулерге сүйене отырып, мал өліміне себеп болған безноитиоз деп тұжырымдадық.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Ө.Ығылманұлы, Ветеринариялық патологиялық анатомия, Алматы, «Полиграфия Сервис и К», 2010ж, 413-415беттер.

    2. Б.Ө.Нұрғазы, Соттық ветеринария, Алматы, «Дәуір» ,2013ж

    3. Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев, Микробиология және иммунология, Алматы, «Нур-Принт»2014ж, 159-177беттер

    4. Интернет көздері:


    написать администратору сайта