Есту жане кору. Есту мен көру мүшесі. Жоспар Кз Кз алмасы абатар Коньюктива Кзжас аппараты Есту мшесі Сырты ла ла аланы Лабиринт Кру мшесі
Скачать 1.65 Mb.
|
Жоспар: Көз Көз алмасы Қабақтар Коньюктива Көзжас аппараты Есту мүшесі Сыртқы құлақ Құлақ қалқаны Лабиринт Көру мүшесі (organum visus)-көзден және оның көмекші мүшелерінен тұрады.Көз, oculus көз алмасынан(bulbus oculi), көру жүйкесінен (nervus oculi).Көз алмасынын алдыңғы және артқы полюстері болады, пішіні шар тәрізді.Осы екі нүктені қосатын бөлігі – көз алмасының сыртқы білігі деп аталады.Мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі көз алмасының ішкі білігі деп аталады. Кірпікті дене және нұрлы қабық Көздің көмекші мүшелеріне көз алмасының бұлшықеттері, көз шарасының шандырлары, қабақтар, қастар және көзжас аппараты жатады. Көз алмасының бұлшықеттері көлденең жолақты болады.Олар көру жүйкесіне қарай сіңірлі сақинадан басталып, мөлдір қабыққа жетпей ақ қабықтың аттас бетіне бекиді.Тік бұлшықеттер жиырылғанда көз алмасы вертикальды және горизонталды біліктер бойымен қозғалады. Көз бұлшықеттері. Қабақтар.palpebra, көз алмасының алдыңғы жағында орналасқан табақшалар.Үстіңгі және астың,ы қабақтар болады, әрқайсының алдыңғы және артқы беттері бар бос жиекері болады.Қабақтардың жиектері көздің медиалды және латералды жақтары бір-бірімен түйіседі де көз бұрыштарын түзеді.Ллатералды бұрышы өткір, ал медиальды бұрышы домалақтау болады, жас көлшігін қоршай орналасады.Қабақтардың алдыңғы жиегінің бойында кірпіктер орналасады. Коньюктива-көпқабатты цилиндрлі эпителий мен борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады.Қабақ коньюктивасының көз алмасына өтер жеріндегі ойыс коньюктивалды қалта деп аталады. Көзжас аппараты- көзжас безінен және көзжас жолдарынан тұрады. Есту мүшесі-дыбыс толқындарын қабылдау және адам денесінің кеңістіктегі орнын анықтау.Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ бөлімдерінен тұрады.Сыртқы және ортаңғы құлақ дыбыс толқындарын ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ негізгі есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі болып табылады. Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы дыбыс жолынан және дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны – шиыршық, бүртік, қарсы шиыршық, қарсы бүртік және сырғалықтан тұрады. Сыртқы және ортаңқы құлақ Ішкі құлақ немесе лабиринт (auris interna) Ол үш бөліктен түзілген, орталық бөлігін кіре беріс, алдыңғы жағын ұлу, артқы бөлімін иірімді өзектер деп атайды. Сүйекті лабиринттің кіре беріс бөлігі ортанғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығында орналасқан . Пішіні сопақша келген кеңістік . Кіре берістің бір жағына ұлу , екінші жағына үш жартылай иірімді өзектер ашылады . Бұл өзектер сүйекті лабиринттің артқы жағын түзеді , олар бір - біріне перпендикуляр бағытта жатқан үш түтіктен құралған . Оның алдынғы түтігі – сагитталды ( алдан артқа ) , артқы түтігі –фронталды , ал латералды түтігі горизонталды жазықтықта жатады . Олардың әрқайсысы жартылай келген шеңберге ұқсайды және қос аяқшасымен лабиринттің кіре - беріс болігіне ашылады Ұлу - лабиринттің үшінші болімі . Ол кіре берістің алдынғы жағынан басталып , екі жарым иірім жасап аяқталады . Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Жарғақты лабиринт Жарғақты лабиринт жұқа дәнекер тіндік жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Пайдаланылған әдебиеттер: -Рақышев А. Алматы 2004 ж. Анатомия. Екінші түзетілген басылым. |