Жоспар Отбасы жне балалы шаы
Скачать 174.84 Kb.
|
Тақырыбы: «Мұстафа Кемал Ататүрк» Жоспар: Отбасы және балалық шағы Әскери қызметі Бірінші дүниежүзілік соғыс Галлиполи шайқасы, 1915–1916 Отбасы және балалық шағы Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Мұстафа Кемал Ататүрк; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті. Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады. Селанік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген. Әскери қызметі Мұстафа Кәмәл әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Ватан ве Һүрріет («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кәмәл жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кәмәлдің Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кәмәл биліктен шеттетілді. 1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Һарбіе Незареті) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұстафа Кәмәл Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кәмәлді өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды. Бірінші дүниежүзілік соғыс. Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа КәмәлТүркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Истанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді. АНЗАК қойнауы ескерткішіндегі Ататүріктің сөздері. Галлиполи шайқасы, 1915–1916 Мұстафа Кәмәл Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті. Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кәмәлға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді. Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа Кәмәл, 1915 жыл. Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Истанбулға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кәмәлдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты. 1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кәмәлдің қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кәмәл жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды. |