Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
11.5Координация және реттелу
Күні:
Сынып: 11(қгб)
| Кентау қаласы «Қарашық» жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Нишанова Севара
Қатысқандар: Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 11.1.7.1-биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
| Сабақтың мақсаты
| -басқару жүйесі ұғымына сипаттама береді.
- биологиядағы басқару жүйесінің компоненттерін анықтайды.
- тірі организмдердің реттелу принциптерін талдайды.
| Бағалау критерийі
| Білім алушы
Басқару жүйесі ұғымына анықтама шығарады. Басқару жүйесінің негізгі компоненттерін сипаттайды. Тура және кері байланыс болатын реттелуге мысал келтіреді. Басқару жүйесінің жолдарын талдайды.
| Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты: Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)
Оқушылар орындай алады:
басқару жүйесі дегеніміз ............ , тірі ағзаларды реттеу принциптері бұл .........., тура және кері байланыс .....
Негізгі сөздер мен тіркестер:
реттеу,тура және кері байланыс,оң және теріс байланыс, детектор, регулятор, модулятор, эффектор
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер:
Ішкі секреция бездерінің әсерінен туындайтын аурулардың көбісін қазір емдеуге болады. Емделудің қандай жолдарын ұсынатын едіңдер? Адамның денсаулығын тексерген кезде және көптеген ауруларды анықтау кезінде дәрігерлер зәр тапсыруды талап етеді. Не үшін?
(Зәр тапсыруды талап ету себебі зәр құрамы денедегі зат алмасуды көрсетеді. Егер де зәр құрамы қалыпты жағдайды көрсетпесе онда адам ағзасында өзгерістің болғандығын көрсетеді. Қалыпты жағдайдан ауытқуларға зәрде нәруыздың, қанттың, лейкоциттердің, эритроциттердің кездесуі, кейбір тұздардың шектен тыс көп болуы жатады/
Сөздік
Реттеу – Регулировать - Regulate
тура және кері байланыс - прямая и обратная связь - direct and feedback
оң және теріс байланыс - положительная и отрицательная связь - positive and negative relationship
детектор – детектор - detector
регулятор – регулятор - regulator
модулятор – модулятор - modulator
эффектор – эффектор - effector
| Құндылықтарға баулу
| «Мəңгілік Ел» құндылығы бейбітшілік және келісім, еңбек және шығармашылық
Өзбетінше жұмыс жасайды,берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды; Өз ойларын еркін және ашық түрде жеткізе алу қабілеттері дамиды; Оқушылар бір бірінің ойын тыңдайды,бірге жұмыс жасау дағдылары қалыптасады; Қорытынды жасап,өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды.
| Пəнаралық байланыс
| Тақырыптың кейбір ұғымдарын түсіндіру барысында келесі пәндермен байланыстырылады:
Басқару жүйесін кең түрде сипаттау үшін интернет көздерінен ақпарат іздеу арқылы мәліметтерді талдап,өңдеуге үйренеді. Адам ағзасындағы органикалық заттарды есте сақтап,түсінік қалыптастыру үшін химия пәнінен алған білімдерін қолдана алады.
| Тақырып бойынша алдыңғы білім
| Оқушылар 8,9,10 сыныптағы алған білімдерін пайдаланып тірі ағзаларға тән қасиеттерді сипаттай алады,мидың құрылысы мен қызметін түсіндіре алады,тірі ағзаларға тән үдерістерді басқару жүйесін түсіну және сипаттау үшін пайдалана алады.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы 3мин
2мин
| І. Сәлемдесу.Психологиялық ахуал.
Сынып түрлі 4 банк логотипі жасырынған карточкаларды таңдау әдісімен «Каспи банк», «Халық банк», «АТФ банк» және «БТА банк» топтарына бөлінеді. Әр топ өз тобының ішінде банк басшысын,менеджерін, есепшісін, кассир және хатшысын сайлап алады.
Мақсаты: Оқушыларды 4 топқа бөлу,топ мүшелерімен олардың мінддеттерін дайындап алу.
ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Өз тобымды мадақтаймын»(Әр топқа бағалау парақтарын беріп,сабақ барысында өз тобының мүшелерін бағалап отыруы тапсырылады)
Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды үйрену, өзіне деген сенімділікті арттыру.
Нұсқау: Әр топ менеджері сабақ барысында өз топ мүшелерін бағалау парағына смайликтер арқылы бағалап отырады.
Оқушы аты-жөні
| «Securities»
| «Банктік жұмыс»
| «Лабиринт»
| Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Сабақтың ортасы
Білу- Түсіну
10мин
Қолдану
12мин
Талдау
10мин
| Сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашып, «Басқару жүйесі» туралы видеоролик тамашалайды.
І. «Сынық вагон»
Ең әуелі «Сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3– 4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері – басқа оқушыларды мұқият тыңдау, «вагондарды» бір-біріне «тіркеу», «сынық вагонды» анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі. Бірінші нөмірлі оқушы («бірінші вагон») мәтіннің мазмұнын баяндайды.
Сарапшылар ол оқушыны кез келген жерден тоқтатып, келесі оқушыға («вагонға») жалғастыруды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы «сынық вагон» есептеліп, «рельстен» тақта алдына шығарылады.
Ең соңында сарапшылар «сынық вагондарға» сұрақтар қойып, олардың «жөнделуіне» мүмкіндік береді.
Мақсаты:Оқушыларға мәтінді өзбеттерінше меңгеріп,түсінік қалыптастыра алуға дағдыландыру.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгереді.
– Басқару жүйесін сипаттайды «Басбармақ»
О қушылар бірін бірі басбармақтың үш түрлі көрінісі арқылы бағалайды.
«Ауа райы» рефлексиясы
Оқушылар өз түсініктерін ауа райы құбылыстары арқылы кері байланыс береді.
ІІ. «Банктік жұмыс» әдісі Оқулықпен және видеороликтен алған мәліметтерін пайдалана отырып жұмыс орындайды.
Басқару жүйесінің негізгі компоненттерінің реттілігін орнатып оны сипаттайды.
Мақсаты: Оқушылар тапсырма орындауда алған білімін қолдана алуына жағдай жасау.
М О Д У Л Я Т О Р Дескрипторлар:
Конверттегі сөздерді алып, әр компонентті ретімен орналастырады; Әр компоненттің өзіндік функциясын сипаттайды; Тура және кері байланыс болатын реттеуге мысал келтіреді;; Өз түсініктерін нақтылайды.
«Қошемет»
Оқушылар жұмысты орындауларына қарай бірін бірі қошеметпен бағалайды
Рефлексия «Торқалта»
Оқушылар үш түсті парақшалады торқалталарға салуарқылы кері байланыс береді.
ІІІ. «Лабиринт»ойыны арқылы сынып қабырғаларында ілулі тұрған карточкалардағы негізгі ұғымдар және оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті орнату.
Мақсаты: Оқушыларды алған білімдерін пысықтап, тұжырым жасауға дағдыландыру..
Қызметтердің басталу реакциясы - .....
Коррекция - .......
Қалпына келтіру - .....
Кері байланыстың екі түрі бар олар ........
Теріс кері байланыс - ........
Оң кері байланыс - ......
Гомеостаз - .....
Дескрипторлар:
Негізгі ұғымдар мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді Құралған сөйлемді өз түсініктерімен толықтырып, нақтылайды.
«Бағдаршам» рефлексиясы
| https://youtu.be/rZY2qWPViyo
Ауа райы құбылыстарының сүреттері
Конверт,компоненттер жазылған карточкалар, доллар
Торқалталар, стикерлер
Карточкалар, клей, маркер
| Сабақтың соңы
3мин
| Рефлексия. «Баспалдақ»
«Баспалдақ» әдісі арқылы сабақ бойынша өз түсіну деңгейіне сай қай баспалдақта тұрғанын стикер жапсыру арқылы көрсетеді.
| Карточки
| Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
| Барлық оқушылар: биологиядағы басқару жүйесін сипаттайды.
Оқушылардың көбі: Тірі организмдерді реттеу принциптерін біледі.
Кейбір оқушылар:Тура және кері байланысты сипаттайды.
Деңгейлік тапсырма:
Қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Тірі ағзалардағы глюкозаның маңызы?
Қабілетті оқушыларға: Басқару жүйесінің функциясы бұзылуы нәтижесінде туындайтын аурулар?
| Жеке,жұптық және топтық жұмыс барысындағы жұмыс нәтижелері бойынша өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру.
Ынталандыру,қолдау көрсету,формальды емес бағалау түрлері Топтық талқылау жұмысына оқушылар өзара баға беруі Оқушы жетістіктеріне қарай мұғалімнің ресми бағалауы
Оқушылар өзін өзі басбармақ,қошемет, балл және смайликтер арқылы бағалайды.
Мұғалім оқушыларды қошемет,доллар,акция қағаздары арқылы бағалайды. Сабақ соңында қорытынды баға қояды.
| Жұптық,топтық жұмыстары кезінде бір-біріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақта отыру, топтық ережелері ескертіледі.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан
ауытқулар болды ма жəне неліктен?
| Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?
| |