Главная страница
Навигация по странице:

  • Қосымша м

  • Жүректе екі қақпақша (клапан) бар

  • Жартылай айшық

  • Қосымша

  • Жүрек физиология. Жрек абыыны сыртыэпикард, ортанысы миокард, ішкіэндокард


    Скачать 18.34 Kb.
    НазваниеЖрек абыыны сыртыэпикард, ортанысы миокард, ішкіэндокард
    Дата02.02.2021
    Размер18.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖүрек физиология.docx
    ТипДокументы
    #173261

    Жүрек – қан айналымының орталық мүшесі.Іші қуыс бұлшықетті мүше. Төменгі сатылы жануарлардың жүрегі 2 камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрса, ал жоғары сатыдағы жануарлар жүрегі төрт камерадан: 2 жүрекше және 2 қарыншадан құралған. Жүрек қабығының сыртқы-эпикард, ортанғысы миокард, ішкі-эндокард.

    Қосымша м:осы миокард қабатында миофибриллалары аз,көбіне саркоплазмаға бай бұлшықет талшықтары шоғырланып орналасады.Ол жүректің ырғақты жұмысын реттеп отырады.Оны жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды.

    Жүректің өткізгіш жүйесіне синоатриальды түйін немесе синусты – жүрекшелік түйін, жүрекшелердің өткізгіш талшықтары, атриовентрикулярлы түйін немесе жүрекше қарыншалық түйін, Гис шоғыры және Пуркинье талшықтары кіреді.  

    Жүректің өткізгіш жүйесі аз ажыратылған, атипті ет талшықтарынан тұрады, олар қозады, қозуды өткізеді, бірақ жиырылмайды.

    Жүрек еттеріне қозғыштық, жиырылғыштық, қозу толқынын өткізгіштік, автоматизм және рефрактерлік қасиеттері тән.
    Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Олар: электрлік, механикалық, химиялық және т.б әсерінен болады.

    Жиырылғыштықжүрек талшығының қозуға жауап беруі немесе жүрек бұлшықетінің қысқаруы. 

    Қосымша м:

    Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне  ағуын қаматамасыз етеді. 

    Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

    Жүрек автоматизмі – жүректің өздігінен жиырылуы. Жүрек етінің сырттан тітіркенусіз, оның өзінің ішінде өтетін процестер әсерінен, өздігінен қоза алатын қабілеті. Жүректің автоматизмге қабілеттілігі тәжірибелерде денесінен жеке бөліп алынған жүректің өздігінен біраз уақыт бойы соғып жатқанынан анықталған. 

    Қосымша м: Жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие. Осы сигнальды жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағын тіркейді. 

     Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған. Қызметі:Жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

    Жүректе екі қақпақша (клапан)  бар: атривентрикулярлы және  айшық.

     Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады.

    Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.    

    Жүректің қызметі

    Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды.

    Қосымша:

    Жүректің жұмысының диагностикасы


    Жүрек жұмысы өр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді.



    Жүрек қызметінің зерттеу әдістері физиологиялық және клиникалық болып бөлінеді.

    Физиологиялық әдістерге бақа жүрегінің жиырылуын жазу, жүрек қызметінің цикылын бақылау т.б.,

    Клиникалыққа – пальпация, перкуссия, аускультация, электрокардиография, динамокардиография, баллистокардиография, векторкардиография, эхокардиография т.б. әдістер жатады.

    Электрокардиография дегеніміз жүректің қозу кезінде пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі.


    написать администратору сайта